1. 2,45 г қышқылды бейтараптау үшін 2,80 г қышқыл жұмсалады. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз



бет2/7
Дата04.03.2022
өлшемі220.27 Kb.
#455975
1   2   3   4   5   6   7
бейоорганикалық химия тапсырмалар

Химиялық элемент дегеніміз – ядроларының заряды бірдей болатын атомдардың жиынтығы. Мысалы, оттек – элемент. О – атом, ядро заряды «плюс» 8.
Әрбір элементтің символы болады (Сu – мыс, Н – сутек, О – оттек, Ве – бериллий, Ті – титан, Ғе – темір, S – күкірт, Р – фосфор, Са - кальций).
Заттардың құрамын химиялық формуламен белгілейді. Химиялық формула жазу үшін заттың құрамындағы элементтердің символын жазып, оның санын көрсетеді: Na2O, CaO, H2SO4, NaOH. Атом біреу болса, индекс жазылмайды. Атом сандарын көрсетіп жазған формуланы заттың шынайы немесе молекулалық формуласы дейді, ал атом санын көрсетпесе, эмпирикалық немесе қарапайым формуласы дейді.
Ал егер элементтер арасындағы байланыстарды сызықтармен көрсетсе, графикалық немесе құрылымдық формула түзіледі:

Н – О – Н


Са = О


Салыстырмалы атомдық масса. Ar - табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртек атомының 1/12 массасына қатынасы. Мысалы, Ar(Н), Аr(O), (r – relative -салыстырмалы).
Салыстырмалы молекулалық масса. M r - табиғи изотоптық құрамы бар элемент молекуласының орташа массасының 12С көміртекі атомының 1/12 массасына қатынасы. Салыстырмалы атомдық массаның және салыстырмалы молекулалық массаның өлшем бірлігі жоқ.



Моль – бұл 0,012 кг көміртек 12С изотобында болатын атомдар санына тең құрылымдық бірліктер (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар немесе басқалары) болатын заттың мөлшері.Зат массасының зат мөлшеріне қатынасындай шаманы молярлық масса дейді.
, сонда: M= г/моль,
m – зат массасы, г, кг;
n – зат мөлшері, моль.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет