1-4 сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын қҰру және жүргізу әдістемесі аға оқытушы,магистр Испанова Э. Ж


Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі



бет6/9
Дата14.11.2022
өлшемі47.24 Kb.
#464791
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-4 сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын қҰру және жүргізу әдісN

Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі. Қатаю ұзақтығы бір орындауда 6-8 секунд, күш салу шамасы 70-тен 100 %-ға дейін. Бір жаттығу сабағында 3-5 рет қайталанады, тынығу аралығы әрбір қатаюдан кейін – 30-60 секунд. Бұл әдіспен жаттығу кезінде жоғары күш жақсы дамиды.

Жас ерекшеліктеріне байланысты күшті дамыту


  • Балалар мен жасөспірімдердің күштерінің өсу қарқыны сүйек-бұлшық ет жүйелерінің морфофункциялық өзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық жетілуіне, қозғалыс белсенділігі деңгейіне т.б. көптеген себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппараты өзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан бастауыш және орта мектеп жасындағы оқушылардың күштерін дамытуды жылдамдатуға болмайды. Статикалық жаттығуларды шектеп, жалпы қозғалыс сипаттағы жаттығуларды көп қолдану қажет.

  • Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың күш дайындығының негізгі міндеттері – барлық бұлшық ет топтарын үйлесімді дамыту, дененің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік, «бұлшық ет құрсауын» құру.

  • 7-8 жастағы балалардың күшін жетілдірудің қарапайым амалдары: гимнастикалық қабырғаға, таянатын сатыларға өрмелеу, допты көп лақтыру, секіру, жеке сайыс элементтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б.

Жылдамдық, оның түрлері, дамыту амалдары мен әдістері


  • Жылдамдық, оның түрлері, дамыту амалдары мен әдістері

  • Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:

  • 1. Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.

  • 2. Дербес қимыл жылдамдығы.

  • 3. Қимыл жиілігі.

  • Қарапайым қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – алдын ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (спортшының дыбыс берілген кезде белгілі қозғалыс әрекетін тез орындауы). Қарапайым қозғалыс жылдамдығы қандай да бір қоздырғышқа кері жауап қайтару уақытымен бағаланады. Қоздырғыштар – жаттықтырушының, төрешінің дауысы, сөрелік тапаншаның атылуы, шапалақтың соғылу дыбысы, жарықтың жарқ етуі, төрешінің жалау ұстаған қолын сермеуі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет