1. АҚмола облысының Өрт қауіпсіздік сараптамасы



бет2/9
Дата15.07.2016
өлшемі2.72 Mb.
#201342
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Талдау негізгі өрт тұрғын үйлерде жойылғанын көрсетеді – 704, жойылған өрттердің жалпы санынан 78,6 % құрайды. 10 (1,1 %) адамдар көп келетін объектілерде жойылған, 13 (1,4 %) табиғи өрт жағдайында, 168 өрт басқа да объектілерде жойылған немесе18,7%.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт орнына шығудың уақыт аралығы келесідей болып көрінеді: 5 минут дейін– 243 рет немесе 27,1 %; 10 минут дейін - 217 рет немесе 24,2 %; 10 минут астам бөлімшелер өрт орнына 434 рет келді, 48,5 % құрайды.

Шақырту орнына бөлімшедердің кеш келуі бөлімшелердің қызмет көрсету радиусына әсер етеді, бірнеше рет норматвті талаптарын арттырады, өрт сөндіру бөлімшесіне 70-80 рет, онда да 100 километрден астам жерлерге шығуға тура келеді. Сондай-ақ, аталған жағдай автокөлік жолдарының нашар жағдайына алып келеді, бөлімдер қатарынан шығуға алып келетін өрт сөндіру машиналарының жылдамдықты қозғалысы және автокөліктердің агрегаты авариялық жағдайға алып келуі мүмкін, шығуына кедергі болатын тұрғын кешендерінде автокөліктердің тәртіпсіз жағдайы, тар жолдар, бетонды және темір қалашықтар, шлагбаумдар (КСК жағынан бақылаудың толығымен жоқтығы). Сондай-ақ, қалыптасқан жағдай бөлімшелерде өрт сөндіру техникасының жетіспеушілігін және аз қуаттылығын қиындатады. Өрттерге әрекет ету уақытын және адамдардың қазасын, материалдық шығындарды қысқарту үшін өрт сөндіру қызметінің инфрақұрылымын ұлғайту қажеттілігі туындайды, яғни елді мекендерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді дамыту. Бөлімше бастықтары ерекше көңіл бөлуге тиіс болады.


Бөлімшелердің өртке келу уақыты мен оны жою аралығындағы уақыт келесідей болып табылады: 15 минут дейін – 124 рет немесе жойылған өрттердің жалпы санынан 13,8 %, 30 минут дейін – 152 рет немесе жойылған өрттердің жалпы санынан 17 %, 1 сағатқа дейін 238 өрт немесе 26,6 %, 2 сағатқа дейін 232 өрт немесе 25,9 %, 2 сағаттан жоғары 148 өрт немесе жойылған өрттердің жалпы санынан 16,5 %.


Шеңберден 2014 жылы 15 минутке дейін жойылған өрттердің саны артқан (7 өрт), 30 минутқа дейін (24 өрт), бір сағатқа дейін (41 өрт), екі сағатқа дейін сөндірілген өрттердің саны артқа (68 өрт), екі сағаттан жоғары сөнділірілген өрттердің саны төмендетілген (3 өрт).

Өрт сөндіру бойынша жауынгерлік әрекеттерді жүргізу кезінде, сондай-ақ, ПОС/ПОЖ жүргізу кезінде 46 рет автобаспалдық қолданылды, өткен жылы автобаспалдақтар осылай 27 рет қолданылды. Авариялық-құтқару автокөліктері АСА-20 ТЖ жоюға 34 рет шықты, 2013 жылы 42 рет шықты, механикаланған құрал 5 рет қолданылды. АСО-20 байланыс және құлақтандыру автокөлігі ТЖ шыққан жоқ, басқа арнайы техника 11 рет шықты, 2013 жылы 15 рет.

Бөлімшенің жеке құрамымен өрт сөндіру кезінде 93 адам құтқарылды, 173 алып шығарылды, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрттерде 36 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды.

Ақмола облысы аумағын және объектілерді, елді мекендерді өрттерден қорғауды 34 өрт сөндіру бөлімшесі жүзеге асырады, оның ішінде 9 депо типтік жоба бойынша тұрғызылған немесе жалпы санынан барлығы 26,4%, қалған ғимараттар - өрт сөндіру депосына ыңғайланған. 22 өрт сөндіру депосы 20 жылдан артық қолданылып келеді.

Облыстың өрт сөндіру Қызметінің бөлімшелерімен 10 қала және 16 елді мекен 380 мың. тұрғын адамдардың санымен қорғалып келеді, облыстың үлкен бөлігі тұратын қалған бөлімшелерде өрт сөндіру бөлімшелері жоқ. Оның орнына 3 үлкен қалада (Көкшетау, Степногорск, Атбасар) толық көлемде қорғалмаған, өрт сөндіру депосының 3 қосымша типтік ғимаратына құрылыс қажеттілігі туындайды, ал Ақсу а. (3878 адам), Шаңтөбе а. (4540 адам), Жалтыр а. (4977 адам), Жолымбет а. (4458 адам) сияқты елді мекендерде мемлекеттік өртке қарсы қызмет мүлдем жоқ. 2012 жылы Қазақстан Республикасы ТЖК өртке қарсы қызмет комитетіне Зеренді а. 6 шығудың, Астраханка а., Ақсу а., Балкашино а. 2 шығудың өрт сөндіру депосының құрылысы бойынша инвест-ұсыныс жолданды.



2. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНДЕГІ НЫСАНДАРДА ӨРТ СӨНДІРУ ТАКТИКАСЫ

2.1. Энергетика нысандарындағы өрттің даму және оны сөндіру ерекшеліктері
2.1.1. Электростанциялар мен подстанциялардың өрт-тактикалық сипаттамасы
Қазіргі уақытта жылу, атом, газотурбиналық және дизельді электростанциялар, жылуэлектрорталықтары ЖЭО салынуда және қолданылуда, олар жалпы режимы бар және электроэнергияны үздіксіз тарататын біркелкі электржүйелерге біріккен. Олардың ішінде ең кеңінен таралған жылулық турбиналы электростанциялар болып табылады. Оларда дамыған жанармай шаруашылығы, көмір, торф, мазут қоймалары, газды коммуникациялары, жанармайды жағуға дайындау бөлімдері, температурасы 560°С дейін және 12,74 Мпа (130 кгс/см2) қысымда буды алатын жанармай жаққыштары бар. Буды құбыргенераторға береді, онда электр тоғы өңделеді және аспалы сымдар немесе шиналар көмегімен таратқыш құрылғыларға, жоғарлатқыш трансформаторларға беріледі, ал содан кейін электр тоғын беру желілері бойынша таратылады.

Энергетикалық өнеркәсіптердің аграгаттары мен қондырғылары арнайы жобаланған І және ІІ от төзімділік дәрежелі ғимараттарда орналастырылады. Электростанциялардың бас корпусында қазандық цехі, машина залы, қызметтік бөлмелер орналасқан. Осы корпуста немесе одан бірнеше қашықтықтағы корпустарда басқару щиті және генератор кернеуінің таратқыш құрылғылары орнатылған. Жабық немесе ашық жоғары кернеулі таратқыш қондырғыларды (35; 110; 220; 500 кВ) бас корпустан бөлек орнатады.

Қазіргі заманғы электростанциялардың машина залдарындың ұзындығы 200 м, биіктігі 30-40 м, ал өтпелері 30-50 м. Қазандық цехінің биіктігі 80 м дейін жетеді.

Электростанциялардың қазандық цехінде көп мөлшерде жанармай болуы мүмкін. Шаң дайындау бөлімдерде көмір шаңының жарылуы мүмкін. Қазандық цехтерде мазутты пайдаланады. Бізге белгілі, мазутөткізгіштердегі қысым 3 Мла (30 кг/см3) дейін жете алады, температура – 120°С және одан да көп. Сондықтан да мазутөткізгіштерді құбыраралық кеңістігі апаттық сыйымдылықпен қосылған арнайы кожухтардан өткізіледі. Мұнымен қоса коммуникациялардың бұзылуы кезінде мазут цех едені бойынша тез таралады және оның булары тұтануы мүмкін. От сол мезетте үлкен аудандарды, қорғалмаған металл конструкцияларды қамтиды және қазандық агрегаттарының каркастары 10-12 мин ішінде деформацияланады.

Машина залдары машина майы, генераторларды майлау жүйелері, сол сияқты генератор орамдарының электрооқшаулағышы мен басқа да электроаппаратуралар түріндегі үлкен өрт ауыртпалығына ие. Машина залдарындағы құбыргенераторларды нольдік деңгейден биіктігі 8-10 м және одан да жоғары арнайы ауданшаларда орналастырады. Генераторлардың майлау жүйелері нольдік деңгейде орналасқан және май сыйымдылығы 10-15 т сыйымдылықтарынан, май қысымы 1,4 Мпа (14 кгс/см2) жететін май өткізгіш сорғыштардан тұрады. Сондықтан да майлаудың майлы жүйелері бұзылған кезде от нольдік деңгейде орналасқан ауданшалар, май жинағыштар бойынша тез таралады. Майлау жүйелерінің құбырөткізгіштері бұзылған кезде, жоғары қысым астындағы май төгіліп, қуатты жанатын факелді түзеді, ол машина залының және басқа да металлоконструкциялардың шатырсыз жабындыларын тез деформациялайды. Машина залындағы өртте генераторларды сутегілі суыту бар болуы кезінде май өткізгіштердің бұзылуына әкелетін жарылыстар болуы мүмкін және май көршілес агрегаттарға, кабельді туннельдерге және жартылай қабаттарға төгіледі. Өрттер жағдайында жоғары қысым астындағы ыдыстар мен құбырөткізгіштердің жарылысы үлкен қауіпті төндіреді.

Энергокәсіпорындарының барлық кабельді бөлмелерін кабельді жартылай қабаттарға, туннельдерге, каналдар және галереяларға бөледі. Кабельді галереялар мен жартылай қабаттар, ереже бойынша, электростанцияларда болуы мүмкін, ал кабельді туннельдер мен каналдар электростанцияларда және басқа да энергетикалық кәсіпорындарда. Кабельді туннельдер қимасы 2х2 м көлденең және тігінен болады. Ұзындығы бойынша оларды өртке қарсы бөгет отсектерімен және есіктермен бөледі. Ғимарат астында орналасқан бір кабельді туннельдің ұзындығы 40 м, ал ғимараттан тыс 100-150 м аспауы тиіс. Әрбір отсекте диаметрі 70-90 см екі люк, сол сияқты желдету жүйесі және канализация болуы тиіс. Кабельді теннельдердегі өрт ауыртпалығы 30-60 кг/м2 жете алады

Кабельді туннельдерде өрттерді сөндіру үшін оларды стационарлы су немесе көбікті қондырғылармен жабдықтайды, сол сияқты су буын және инертті газдарды қолдана алады. Стационарлы су және көбік қондырғыларында өрт машиналарынан от сөндіргіш заттарды беретін құрылғылар бар.

Кабельді бөлмелердегі өрттер жоғары температурамен, қысқа тұйықталу кезіндегі балқыған металл ұшқындарының ұшуымен, от пен түтіннің үлкен таралу жылдадығымен жүреді. Тік кабельді туннельдерде кабельдер бойынша оттың сызықты таралу жылдамдығы кернеудің болмауы кезінде 0,15-0,3 құрайды, қысым астында 0,5-0,8, ал кабельді жартылай қабаттарда қысым астында 0,2-0,8 м/мин құрайды. Тәжірибелік берілгендер бойынша кабельді бөлмелерде температураның өсу жылдамдығы орташа есеппен алғанда минутына 35-50°С құрайды.

Маймен толтырылған кабельдері бар туннельдерде изоляциядан басқа құбырларда 35-40˚С температурасы кезінде болатын трансформатор майы жануы мүмкін. Бұл туннельдерде, әсіресе апаттар кезінде, жанатын май өрт ауданы ұлғаятын бұрыштар бойымен таралады.

Өрттер кабельді бөлмелерден ғимараттарға және энеркокәсіпорындарының таратқыш қондырғыларына тарала алады.

Аса үлкен қауіпті подстанциялар төндіреді. Подстанциялардағы өрттер трансформаторларда, май қосқыштарында және кабель шаруашылығында пайда болуы мүмкін. Ірі аудандық подстанцияларда көп мөлшерде трансформатор майы бар арнайы май станциялары бар. Трансформаторлар мен таратқыш құрылғылардың ажыратқыштарын фундаменттерге орнатады, оның астына апаттық сыйымдылықтармен қосылған май қабылдағыштарды орналастырады. Әрбір трансформаторды, ереже бойынша, жеке камерға орнатады, олар өзара монтажды ойықтар көмегімен кабельді каналдармен және таратқыш щит бөлмесімен жалғасқан.
2.1.2. Өрттердің даму ерекшеліктері
Трансформатордағы өрттердің даму ерекшеліктері оның пайда болу орнына байланысты. Қысқа тұйықталу кезінде трансформатор майына электр доғасының әсер етуі және оның жанғыш газдарға ыдырауы нәтижесінде трансформатор мен май қосқыштардың істен шығуына әкелетін жарылыстар өтуі мүмкін. Трансформатор орнатылған камераларындағы өрттер тарату щитінің бөлмесіне және кабельді каналдар немесе туннельдерге тарала алады, сол сияқты көршілес қондырғылар мен трансформаторларға қауіп төндіруі мүмкін. Әрбір трансформаторда немесе реакторда 100 т май болғандықтан, өрт ошағының мүмкін өлшемдері туралы болжауға болады

Гидростанцияларда жоғарлатқыш трансформаторларды станция ғимаратының жанына орналастырады, ал жоғары кернеулі ашық таратқыш қондырғыларды станцияға жақын жерге орнатады.

Тез нейтрондардағы реакторлары бар атом электростанцияларында, көрсетілген өрттер дамуының ерекшеліктерінен басқа, апаттар кезінде сұйық металлды жылу тасымалдағыштың жануы мүмкін, ол химиялық заттармен және кәдімгі сөндіру құралдарымен әрекеттескен кезде жану температурасын жоғарылатады, улы газдарды бөледі немесе жарылыстармен аяқталады. Атом электростанцияларының аумағында радиацияның қауіпті деңгейлері пайда болуы мүмкін.

Электростанциялар мен подстанциялардағы өрттер тек энергетикалық объектінің тоқтауына ғана әкелмейді, сонымен қатар басқа да халық шаруашылық объектілерін электр энергиясыз қалдырады.

Барлық электростанциялар мен подстанциялар сенімді апаттық қорғаумен және дабылдағыштармен қамтамасыз етілген. Өрттер пайда болған кезде бұзылған қондырғы және апппраттар автоматты түрде релелік қорғау құрылғыларымен тоқтатылады.

Өрттерді сөндіру ұйымдастыру негіздері, еңбекті қорғау ережелерін сақтау және энергетикалық объектілердің қызмет көрсетуші тұлғаларымен әрекеттестігі ӨҚҚОЖЖ анықталған.




Сур. 1. Трансформаторда өртті сөндіру кезіндегі шашыранды су берудің принципиалды сызбасы

Нұсқау 200 кВ дейінгі кернеу астында болатын электрқондырғыларында өрттерді сөндіру кезіндегі қызмет көрсетуші тұлғалардың өте қауіпсіз іс-қимылдар бойынша критерийлерді анықтайды.

Қимылға келтірілген электрқондырғылар кернеу астында болуымен түсіндіріледі, немесе оларға кез-келген сәтте қызмет көрсетуші тұлғалармен кернеу беріледі.

Кернеу астындағы электрқондырғылардағы өрттерді сөндіру қажеттілігі келесі негізгі талаптармен анықталады:


  • екіншілі тізбек коммутацияларынан 0,22 кВ кернеулі тұрақты немесе ауыспалы тоқты алып тастау мүмкінсіздігі, өйткені бұл бөлмелер арқылы жоғары механизмдердің кабельдері өтеді;

  • жауапты тұтынушылардың жылу-, энерго жабдықталуын сақтау үшін электроэнергетикалық өндірісті сенімді қамтамасыз ету;

  • басқа қондырғы және өнеркәсіп имараттарына таралуын болдырмас, тасушы конструкцияларға жоғары температураның әсер ету уақытын қысқарту үшін өртті тез тоқтату қажеттілігі;

  • энергокәсіпорындарының қондырғыларынан кернеуді түсіру және ағыту бойынша ұзақ уақытты шектеу, ол энергожүйелердің жұмыс режимдері және технологиялық байланысқан өндірістер үшін өте үлкен зардаптар әкеледі.

Энергетикалық кәсiпорындардағы және электр қондырғылары бар бөлмелердегі өрт кезiнде:

генератордың, трансформаторлардың және бөлушi қондырғылардың май жүйелерi зақымданған кезде жанған майлардың кабелдiк тоннелдерге, жарты қабаттарға және май сақтайтын жертөлелерге ағу, сондай-ақ жанғыш жылытқыш және ғимараттың конструкциялық элементтерi бойымен оттың тез таралуы;

барлық химиялық заттармен, оның iшiнде кәдiмгi сөндiру құралдарымен де әрекет жасайтын, жоғары температура, уландырушы газдар бөлетiн, ал олардың кейбiрiмен қопарылыс жасайтын сұйық металдық жылу шығарғыштардың жануы;

радиацияның қауiптi деңгейiнiң тууы;

сутегi салқындатқыш жүйелердiң бұзылуы кезiнде жарылу қаупi бар құрамның құрылуы;

тұрақты радио байланыстың бұзылуы;

уландырғыш өнiмдердiң түзелуiнен қалың түтiндеудiң пайда болуы мүмкiн.
2.1.3. Өрт сөндіру тактикасы және ұйымдастырылуы
Энергетика объектілеріндегі өрттерді табысты сөндіру, сөндіруге алдын-ала дайындығына байланысты. Бұл объектілерде өрттерді сөндіруге жұмылдырылатын барлық басшы құрам жедел-тактикалық ерекшеліктерді мұқият білуі және өрт сөндіруге қатысушы барлық қарауыл жеке құрамдарымен бірге жылыны бір реттен кем емес алдын-ала өңделген бағдарлама бойынша энергообъектінің инженерлі-техникалық тұлға жетекшілігімен арнайы нұсқаудан өтулері тиіс.

Қуаты 20 МВт және одан жоғары жылу, атом, гидравликалық электросатнцияларда, қуаты 10 МВт газотурбиналық және дизельді, сол сияқты қуаты 110 КВт және одан жоғары подстанцияларда өрт сөндіру жоспарлары жасалады, онда өрттер пайда болған кездегі энергообъекті тұлғаларының іс-қимылдары және өрт бөлімшелерінің жеке құрамдарымен әрекеттесу реті, сол сияқты техника қауіпсіздігін ескеріп бөлімшелердің күштер мен құралдарды қолдану ерекшеліктері анықталады. Жоспарларды өртке қарсы қызмет қызметкерлері мен энергообъект қызметкерлері жасайды, энергокәсіпорнының басшысы мен өртке қарсы қызмет гарнизонының бастығы қарастырады және бекітеді, және объектінің барлық кезекші тұлғаларымен және ӨҚҚ гарнизонының басқарушы құрамымен оқытылады.

Өрт сөндіру басшысы үшін қазандық қондырғыларда, генераторларда, трансформатор, кабельді бөлмелерде өрттерді сөндіру бойынша нақты ұсыныстарды өңдейді және оны өрт сөндіру жоспарына қосады.

Объектінің кезекші тұлғалары үшін бас инженер бекітетін әрбір кабельді бөлмелердің, генератор, трансформатор отсектеріне жедел кәртішкелер жасалады. Жедел кәртішкелерде сөндіру бойынша өрт бөлімшелерінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, қарсы алу және шақырту реті, стационарлы сөндіру жүйелерін қосу бойынша агрегаттар мен қондырғылардан кернеуді түсіру жүйелері және өрт сөндіруді қамтамасыз ету бойынша басқа да сұрақтар көрсетіледі.

Әсіресе энергообъектінің кезекші тұлғаларының және энергоқондырғыларда өрттерді сөндіру кезіндегі өрт бөлімшелерінің іс-қимылдар реті мұқият өңделеді. Бұл іс-қимылдарды кезекші тұлғалардың жедел кәртішкелеріне және өрттерді сөндіру жоспарларына енгізеді. Жоспардың графикалық бөлімдерінде жерлегіш конструкцияларға иілмелі жерлегіштердің қосылу орны сәйкес келуші белгілермен, сол сияқты нақты электрқондырғыларына дейінгі қауіпсіз қашықтықтар ескеріліп өрт сөндірушілердің жауынгерлік позициялары міндетті түрде көрсетіледі.

Әрбір энергокәсіпорнында диэлектрлік аяқ киім, қолғап және жерлегіш құрылғылардың қажетті мөлшері сақталады. Келуші өрт бөлімшелеріне оларды беру және өрт техникасын жерлендіру бойынша көмек көрсету ретін анықтайды. Кернеуі 1000В жоғары электрқондырғыларында қимасы 25 мм2 иілгіш мыс сымының көмегімен қол оқпандарды және өрт техникасын жерлеу жиі қолданылады.

Кезекші тұлға (станция бастығы, диспетчер немесе подстанция, энерго жүйесінің кезекшісі) өрт кезінде тез арада өрт бөліміне, энергообъект жетекшілігіне және энергожүйелер диспетчеріне хабарлайды. Кезекшілік бастығы өрт орнын, оның мүмкін таралу жолдарын, сол сияқты өрт аймағында орналасқан қондырғылар мен ғимарат конструкцияларына қаупін анықтайды. Ол автоматты өрт сөндіру қондырғыларының қосылуын тексереді, апаттық режим бойынша қимылдарды өткізеді, өз күшімен өртті сөндіруге кіріседі, өрт бөлішелерін қарсы алу үшін өкілдерді бөледі және олардың келуіне дейін өрт сөндіруді басқарады.

Өрт бөлімшелерін басқаратын аға бастық, өртке келісімен тез арада кезекшілік бастығымен байланысады және одан өрт туралы қажетті мәліметтерді алады. Техникалық тұлғалар немесе жедел шығу бригадасының басшысы өрт бөлімшелерімен бірге мұқият нұсқауды өткізеді. Энергообъект өкілі сөндіру бойынша өрт бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарын өткізу орнын белгілермен көрсетеді.

Егер өрт кезекші тұлғалар қарастырылмаған энергетикалық объектіде пайда болса, онда өрт сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды қызмет көрсетуші тұлғалар келгенге дейін жүзеге асырады.

Өрт бөлімшелері өртке келісімен, олардың санына байланыссыз барлық жағдайларда құрамына міндетті түрде энергокәсіпорнының тұлғасы кіретін өрт сөндірудің жедел штабын құрады.

Өртті сөндіру процесінде бөлімшелердің барлық жауынгерлік іс-қимылдары әкімшіліктің аға жетекшілерімен немесе жедел-шығу бригадасымен жүзеге асырылады. Өз кезегінде инженерлі-техникалық немесе жедел-шығу бригадасның басшысы өз қимылдарын ӨСБ келістіреді және оған электрқондырғылары жұмысының өзгеруі туралы хабарлайды.

Энергообъектілердегі барлауды түрлі бағыттарда бірнеше барлау топтарымен ұйымдастырады және өткізеді. Газтүтіннен қорғаушылардың барлау топтары 4-5 адам құрамында құрылады. Міндетті түрде бақылау-жіберу пункттері және резервті буындар ұйымдастырылады.

Өртті барлау кезінде энергообъектінің аға кезекшісімен әрдайым байланысты ұстау қажет. Жалпы тапсырмалардан басқа, өртті барлау барысында анықтайды: қандай стационарлы жүйелерді қимылға келтіру, жарылыс және жанғыш сұйықтықтардың төгілу мүмкінділігі; өрт сөндірушілердің іс-қимылдарды өткізу учаскелері мен бөлмелері; қандай агрегаттардың жұмысы от пен жану өнімдерінің таралуына қабілетті болады; сөндіру процессінде қандай қондырғылар мен аппараттар өрт сөндірушілер үшін қауіп төндіреді; сұйық металлды жылу тасымалдағыштың бар болуы және жануы, сол сияқты радиацияның қауіпті деңгейлері және өрт сөндіру кезінде жеке құрамға қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін және т.б. Өртті барлау барысында І жоғары кернеулі қондырғылары бар бөлмелерге тек кезекші тұлғалардың рұқсатымен кіруге ғана рұқсат етіледі. Сөндіру процессінде барлауды басқарудың бас пункттерінде және релейлік пункттер бөлмелерінде өткізу қажет.

Энергетика объектілерінде өрттерді сөндіру кезінде талаптарды қатаң сақтау қажет: егер сөндіруді өткізуде ағыту туралы рұқсат көрсетілмесе, онда оларды кернеу астында деп санайды.

Энергообъектілерде өрттерді сөндіру кернеу астында сөндірілген электрқондырғыларында және электрқұрылғыларында өткізілуі мүмкін, РСК-50 (dсп =11,5 мм) РС-50 (dсп = 13 мм) оқпандары және шашыранды оқпандар, НРТ-5 саптамалары бар оқпандар, сол сияқты жанбайтын газдар, ұнтақты құрамдар қолданылады. Кернеу астындағы электрқондырғыларды сөндіру кезінде қол құралдарымен кез-келген көбікті беруге тиым салынады. Оқпандар саптамаларынан кернеу астындағы элетрқондырғыларына дейінгі минималды қауіпсіз қашықтықтар (1 кестеде) келтірілген.
1 кесте

Қолданылатын от сөндіргіш зат

Кернеу астындағы жанып жатқан электрқондырғысына (кВ) дейінгі қауіпсіз қашықтық (м)

1дейін

1-10

10-35

35-110

110-220

1. Оқпандардан берілетін су, НРТ типті турбиналық саптамаларымен жабдықталған; от сөндіргіш ұнтақты құрамдар; су мен ұнтақты бір уақытта беру

1,5

2,0

2,5

3,0

4,0

2. 3,6 л/с шығынымен РС-50 типті қол оқпандарынан берілетін су

4,0

6,0

8,0

10,0

Жіберілмейді

3. 7,4 л/с шығынымен РС-70 типті қол оқпандарынан берілетін су

8,0

12,0

16,0

20,0

Сол да

Бұл қашықтықтар тоқ күші 0,5 мА дейін оқпашы арқылы өту шартынан қабылданған, ол адам үшін қауіпсіз болып табылады. 100 мА және одан да жоғары тоқ адам өміріне қауіп төндіреді, 50-ден 80 мА дейінгі тоқ тыныс алуды тоқтатуы мүмкін, 20-дан 25 мА дейінгі тоқ қол параличіне әкеледі (адам өздігінен кернеу астындағы тоқ тасымалдағыштан шыға алмайды), 0,6-дан 1,5 мА дейін – қолдың дірілдеуі. Тоқ соғуды болдырмас үшін, жеке құрам таратқыш құрылғылар, аппараттар және жоғары кернеу астындағы басқа электрқондырғысы орналасқан жерге кірмеулері тиіс.

Оқпандар саптамаларынан кернеу астындағы электрқондырғысыно дейінгі қашықтық 100 Ом/см тең меншікті су кедергісін ескеріп анықталады. Қатты ластанған және теңіз суы су құбырындағы сумен салыстырғанда төмен кедергіге ие, сондықтан да оны кернеу астындағы электрқондырғыларын сөндіру үшін қолдануға тиым салынады.

Кернеу астындағы электрқондырғыларда кішірек өрттер мен жануларды (9.2 кестеге) сәйкес қол және тасымалы от сөндіргіштерді қолдана отырып сөндіруге болады.

9.2 кесте


Кернеу, кВ

Шашыратылудан электрқондырғысына дейінгі қауіпсіз қашықтық

От сөндіргіштердің типтері

0,4 дейін

1 м кем емес

Хладонды

1,0 дейін

1 м кем емес

Ұнтақты

10.0 дейін

1 м кем емес

Көмірқышқылды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет