1. АҚмола облысының Өрт қауіпсіздік сараптамасы



бет3/9
Дата15.07.2016
өлшемі2.72 Mb.
#201342
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Ескерту:

1. От сөндіргіш саптамасынан электрқондырғысының тоқ өтетін бөлігіне дейінгі қашықтық 1 м кем болуы тиіс.

2. Бөлімшелердің қанат жаюына көбікті от сөндіргіштердің қолданылуы жіберілмейді. Барлауды ұйымдастырумен бір уақытта өртке келісімен ӨСБ энергокәсіпорнының кезекші тұлғаларымен бірге өрт ошағына бару маршруттарын келістіреді және оқпаншылардың жауынгерлік позицияларын анықтайды. Содан кейін ӨСБ сөндіруге қатысушы жеке құрамды нұсқаулайды және бұйрықтар береді.

Жауынгерлік қанат жаю кезінде жеке құрам үшін өртте от сөндіргіш заттарды электрқондырғылардың тоқ өткізілген бөліктеріне берудің қауіпсіз шараларын қамтамасыз ететін қажетті іс-қимылдар тәртібі сақталады және жауынгерлік қанат жаюды келесі тәртіппен өткізеді: ӨСБ өрттегі жағдайды және өрт ошағына жүру маршруттарын, оқпаншылар позициялары мен өрт машинасын, оқпандарды жерлендіру орнын ескеріп, күштер мен құралдардың орналасу орнын анықтайды; оқпаншылар қол өрт оқпандарын жерлендіріп, жауынгерлік позицияға шығады; оқпаншылардың көмекшілері ӨСБ көрсеткен маршруты бойынша өрт машиналарынан оқпаншылардың жауынгерлік позицияларына дейін жеңдік желілерді өткізеді; өрт машиналарының жүргізушілері өрт сөндірушілермен бірге сорғыштарды жерлендіреді, бөлімше командирлері аталған жұмыстардың орындалуын бақылайды және қарауыл бастығына (ӨСБ) олардың аяқтауы туралы баяндайды. Қарауыл бастығы (ӨСБ) қауіпсіз қашықтықтарды, сол сияқты сөндіру құралдары ме сорғыштардың жерленгенін ескеріп күштер мен құралдардың дұрыс орналастырылуын тексереді және жану аймағына от сөндіргіш заттарды беруге бұйрық береді.

Өртті тоқтатқаннан кейін күштер мен құралдарды жинау бойынша жұмыстарды қайта тәртіпте өткізеді: от сөндіргіш заттарды беруді тоқтатады, струбциналарды жерлеу контурларынан ағытады; өрт сөндірушілер орнатылған маршрут бойынша кетеді және өрт-техникалық жабдықтарды жинайды.

Электрқондырғыларындағы өрттерді сөндіру міндетті шарттардың сақталуымен жүзеге асырылуы тиіс:


  • өрт автокөліктерін және қол оқпандарын сенімді жерлеу;

  • сөндіруге қатысатын жеке құраммен оқшаулағыш электрқороғағыш құралдарды қолдануы;

  • кернеу астындағы электрқондырғылардан оқпандар немесе от сөндіргіштермен жұмыс істейтін өрт сөндірушілерге дейінгі минималды қауіпсіз қашықтықты сақтау;

  • сөндіруге тек 1 кестеде келтірілген қол оқпандарын пайдалану;

  • тиімді от сөндіргіш заттарды қолдану, оларды берудің әдістері мен тәсілдері.

Жоғарыда көрсетілген барлық жауынгерлік қанат жаю және күштер мен құралдарды жинаудың іс-қимылдары энергетикалық объектілердегі өрт-тактикалық үйретулер және дайындықтарды өткізу уақытында қызмет көрсетуші тұлғалармен бірге өңделеді.
2.2. Машина залдарында өрттерді сөндіру
Машина залдарындағы өрттер кезінде оқпандарды беру минимумын үш деңгейде қарастырады: кабельді тоннельдерді, май бактарын және жабдықтарды қорғау үшін деңгейде 0.00; қондырғыны суыту және сөндіру, конструкцияларды қорғау +6.00 +12.00 деңгейде. Ауалы суытуы бар генератор ормадарының жануы, сол сияқты сөндірудің стационарлы жүйесін қоса гидрогенераторларды генератордың ішкі көлемін тасымалы от сөндіргіштерден көмірқышқылымен толтырып немесе су буын қолданып сөндіреді. Суды стационарлы өрт сөндіру жүйесіне ішкі өрт крандарынан немесе тасымалы құралдардан бере алады. Жанып жатқан генератор орамдарын құммен, көбікті және химиялық от сөндіргіштермен сөндіру жіберілмейді. Машина залдарындағы жану аймағында барлық турбиналарды тоқтатады және стационарлы сөндіру жүйесі немесе тасымалы құралдар көмегімен оларды қорғауды ұйымдастырады. Сутегі суытуы бар генератор орамдарын сөндіру, сол сияқты қорғау үшін көмірқышқылын немесе азотты береді.

Бұзылған май жүйелерінен аққан және қондырғы бойынша нольдік деңгейде таралған жанып жатқан майды сөндіру үшін, судың шашыранды ағыстары және орташа қысқалықты көбік пайдаланылады. Сөндірумен бір уақытта қондырғыларды, машина залының металлмен қапталған фермаларды, май бактарын қорғау үшін су ағыстарын және көбікті енгізеді және кабельді жартылай қабаттарға, туннельдерге, қос бөлмелерге оттың таралуын болдырмау шараларын қабылдайды. Машина залдарында суды беру қарқындылығы 0,2 л/(м2-с) құрайды.

Май бактарын шашыранды су ағыстарымен жиі суытады. Өртті сөндіруге көбікті, ГПС-600 көбіктүзгіш ерітіндісін беру үшін ішкі жүйелер, тасымалы құралдар пайдаланылады.

Машина залының жабындылары жанған кезде оларды сөндіруге суды беру үшін жеңдік желілер оқпандармен қосылған сыртқы құрғақ құбырлар қолданылады.

Машина залдарының май галереяларындағы өртерді стационарлы автоматты жүйелерден немесе тасымалы өрт техникасынан берілетін ауа-механикалық көбік көмегімен тоқтатылады. Өте қиын өрттің жағдайы машина залында турбиналар жарылған кезде, қазандық агрегаттардағы генераторларды суыту жүйелері істен шыққан кезде болады, бұл жағдайда түрлі жерлерде өте көп өрт ошақтары пайда болады.
2.3. Трансформаторларды, реактор және май ажыратқыштарды сөндіру
Жанып жатқан трансформаторларды барлық жағынан ағытады және жерлендіреді. Дамыған өрттерде көршілес трансформаторларды, реакторларды, қондырғылар мен жабдықтарды жоғары температурадан қорғау ұйымдастырылады. Трансформатор, реактор және май ажыратқыштар өрттерін көбіктүзгіш ерітіндісінің беру қарқындылығы 0,2 л/(м2с) орташа қуатты көбікпен сөндіреді. Барлау процесінде трансформатор майы бар трансформаторлардың реактор және құбыр өткізгіштердің бұзылу сипаты, жанғыш сұйықтықтың көршілес трансформатор жаққа ағу бағытын, бактардың жарылу қаупі, өрт сөндірудің стационарлы көбікті немесе сулы қондырғыларының бар болуы, қажеттілік кезінде оларды жұмысқа келтіру мүмкіндігі анықталады.

Егер май трансформатор қақпағының үстінде немесе астында жанса және май багі бұзылмаған болса, онда сөндіруге сөндіруге Г-5 саптамалары бар екі қол оқпанын береді, ол берудің 0,2-0,24 л/(м2с) қарқындылығы кезінде судың оптималды шығынын қамтамасыз етеді. Егер трансформатордағы кеңейтілген бак отпен қамтылса, оның көлеміне (шамамен 10%) май бөлігін апаттық сыйымдылыққа төгеді. Трансформатордан көп мөлшерде май бөлігін құйып алуға тиым салынады, өйткені бұл ішкі орамдардың бұзылуына және өрттің қиындауына әкелуі мүмкін.

Егер өрт жағдайларында трансформатор қақпағы ашылған болса, онда май бакта және трансформатор айналасында жануы мүмкін. Бұл жағдайда біріншіден трансформатор айналасындағы майды шашыратылған сумен, орташа қысқалықты ауа-кинетикалық көбікпен немесе бір уақытта от сөндіргіш ұнтақтармен сөндіреді. Егер майды тозаңданған ағыстармен сөндірілсе, оқпандар өрттің периметрі бойынша орналастырылады, ал көбікпен немесе комбиниративты әдіспен сөндіргенде от сөндіргіш заттарды ауа ағынымен береді. Бұл жану аймағына бір уақытта ұнтақ пен шашыратылған судың келуін қамтамасыз ететін ең қолайлы тәсіл. Ашылған қақпақ кезінде майды сөндіру көбіккөтергіштер және шығармалы сатылар көмегімен орташа қысқалықты көбікті берумен жүзеге асырылады.

Май бактарының, құбырөткізгіштердің бұзылуы немесе майдың лақтырылуы кезінде оның аймақ бойынша төгілуі өтеді. Сөндіру барысында жанып жатқан майдың төгілуін болдырмау үшін, жер рельефін ескеріп құмнан немесе топырақтан тосқауылдар жасайды. Бір уақытта жанып жатқан трансформаторды сөндіру үшін қажетті күштер мен құралдар мөлшері дайындалады, ал көршілес трансформаторлардың бактарын суыту үшін дайындық шарасы бойынша 1 м трансформатор багіне қарқындылығы 0,5-1 л/с су ағыстарын енгізеді. Сөндіру барысында ӨСБ желдету каналдары бойынша, трансформаторлы бөлмелер және таратқыш құрылғылар бөлмелеріндегі басқару щиттерін қорғау бойынша оттың таралуын болдыртпауға тиіс. Оқпандарды беру кезінде аппараттардың қызған фарфорлы бөліктеріне, оқшаулағыштарға судың тиюін болдырмау қажет.


2.4. Кабельді имараттарда өрттерді сөндіру
Кабельді туннельдердегі өрттер, ереже бойынша, ұзақ, қиын және үлкен материалдық шығындар әкеледі. Ұзақтылығы 1 сағаттан асатын кабельді туннельдердегі өрттер, жыл сайын 43,6% құрайды, ал энергетика объектілеріндегі өрттер кезінде зияндықтың жалпы суммасының 80-90% құрайды.

Кабельді туннельдердегі өрттер орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікпен, шашыратылған сумен, су буымен, құрамы 3,5 көміртегі диоксидімен сөндіріледі, оларды автоматты жібергіш қондырғыларынан, сол сияқты тасымалы құралдардан береді. Көбікті және сулы сөндіргіш стационарлы қондырғыларында өрт машиналарын жалғайтын және олардан туннельдерге көбікгенераторлары мен шашыратқыштар арқылы от сөндіргіш заттарды беретін құрылғылары бар (сур. 3).




Сур. 3. Кабельді тоннель отсектерінде көбікгенераторларды орналастыру сызбасы:

1 – көбікгенераторлар; 2 - тартпа; 3 – қайтымды клапан
Кабельді туннельдерде өрт сөндірудің стационарлы жүйелері істен шыққанда немесе болмағанда өрт бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын тасымалы құралдардан жүзеге асырады. Практикада ГПС типті көбікгенераторларынан орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті беруді кеңінен қолданады.

Кабельді бөлмелерде өрттер пайда болған кезде көршілес отсектер мен бөлмелерге оттың таралуын болдырмас үшін желдету жүйесін ағыту және секция аралық арақабырғалардың есіктерін жабу қажет. Кабельді жартылай қабаттарды, релейлік щиттер және басқару бөлмелерін қорғау үшін ГПС-600 көбікгенераторларын немесе НРТ-5 және НРТ-10 саптамалары бар оқпан-шашыратқыштарды енгізеді. Көлденең кабельді шахталарда өрттерді сөндіру кезінде көбікгенераторларының көмегімен НРТ-5 және НРТ-10 саптамаларымен суды жоғарыдан беру қолайлы болып табылады.

Жанып жатқан кабельді отсектерге орташа қысқалықты беру тәсілдері өрт ошағына дейінгі қашықтыққа, отсектердегі люктерге, маймен толтырылған кабельдер мен туннельдегі ауаның қозғалу бағытына байланысты. Егер люктер арасы жанса, онда көбікті жақын арадағы люкқа береді, ал екіншісін түтінді жою үшін ашады. Кабельді отсекте үш люк болған кезде шеткі люктерге көбік беріледі, ал ортасындағы люкті түтінді шығару үшін ашады.

Кабельді туннельдегі өрттер кезінде көбікті өрт ошағынан жоғары орналасқан отсек люгіне береді, өйткені ол көбікпен күштірек толтырылады. Егер жану маймен толтырылған кабельдері бар туннельдерде болса, жанудың тез таралуын болдырмау үшін көбікті өрт ошағынан төмен орналасқан отсек люгіне береді, ал екнші люкті түтінді шығару үшін ашады (сур. 4).




Сур. 4.Кабельді тоннель отсектеріне орташа қысқалықты көбікті беру нұсқалары
Тәжірибелер көрсеткендей, қимасы 2х2 м тік туннельдерде бір ГПС-600 берілетін көбіктің қозғалу қашықтығы 30-35 м аспайды. Егер көбікті беру орнынан өрт ошағына дейінгі қашықтық көбіктің шекті ағуынан асса, бұл жағдайларда сол люкке қосымша 1-2 КТЗ енгізеді. Сонда көбіктің шекті төгілуі әрбір қосымша генераторға шамамен 10 м ұлғаяды. Жеке жағдайларда көбікті беру немесе түтінді шығару және инженерлі техника немесе техникалық қызмет автокөлігінің көмегімен температураны төмендету үшін кабельді туннельдер жабындыларының плиталарын ашады.

Туннельдерде өрттерді сөндіру үшін ГПС мөлшері подвалдарда өрттерді сөндіру тәрізді анықталады. Егер өртке жұмылдырылатын күштер мен құралдар саны шектелген болса, онда сөндірудің нормативты уақыты 15 мин тең деп қабылданады, ал жетіспеген кезде – 10 мин. Көбік мөлшерін кабельді отсектің үш көлеміне тең деп алынады.

Кабельді бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін ӨТС-7 және ӨТС-30 түтінсорғыштарының базасында көбікгенераторлы қондырғылар көмегімен алынатын орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті тиімді пайдаланады. Жоғары қысқалықты көбік кабельді туннель бойынша жақсырақ қозғалады. Осылайша, көбік бағанының биіктігі 3 м дейін болғанда, ол тік туннель бойынша ӨТС-7 базасындағы ӨТЖ-дан 60 м дейін, ал ӨТС-30 базасындағы ӨТЖ-дан 160 м қозғала алады. Ерітінді бойынша жоғары қысқалықты көбікті беру қарқындылығы 0,6 л/(м2с) тең. Кабельді бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін ӨТЖ қажетті мөлшері бөлме көлемі бойынша анықталады.

Кабельді туннельдерде өрттер пайда болған кезде, көбікті бірінші кезекте жобаланған өрт ошағының екі жағында орналасқан люктерге береді, ал келесі люктер мен ойықтарға резервті генераторларды (ӨТЖ) береді. Содан кейін ГПС (ӨТЖ) есептелген мөлшерін шекаралас люктер арасында орналасқан люктер мен ойықтарға енгізеді.

Отсектерді көбікпен жақсы толтыру және оның қозғалысына кедергі жасамау үшін, люктер немесе ойықтар арқылы ауаны шығару қажет. Кабельді туннельдер бойынша көбіктің қозғалуын ұлғайту үшін, түтінді жоюмен бір уақытта оның төгілу шартын жақсартады.

Кабельді туннельдер ауа-механикалық көбікпен көлемді толтырылған кезде көбікгенераторларды жобалап бекітеді және оларды жерлендіреді. Кабельді бөлмелердің есік ойықтары арқылы көбік беру кезінде көбікгенераторларды есік қорабының жоғарғы бөлігіне бекітеді. Көбікгенераторларды жерлендіргеннен және орнатқаннан кейін жеке құрам қауіпсіз жерге шығарылады және олардың жұмысын бақылайды, ал өрт машиналарының жүргізушілері көбікті диэлектрлік ботинкалар мен қолбақтарда берулері тиіс.

Кабельді туннельдің жанып жатқан отсегін көбікпен толтырып болғаннан кейін 7-8 мин бойы оны толық сөндіргенге дейін беруді жалғастырады.

Қазандық агрегаттарында өрттерді сөндіру үшін жанармай түріне байланысты су, орташа қысқалықты ауа-механикалық көбік және сулы бу қолданылуы мүмкін. Қондырғыларды қорғау үшін судың шашыранды ағыстары, ал ғимарат конструкцияларын – компактты ағыстар қолданылады. Қазандық бөлімдерде өрттерді сөндіруге су беру қарқындылығы 0,2 тең деп алынады, ал жанармай беру галереяларында- 0,1 л/(м2с).

Жануды және қатты жанармайдың, сол сияқты тозаңдарды бықсуын тоқтату кезінде, суды және қаныққан су буын қолданады. Буды жанармай магистральдері мен бункерлерді сөндіру және қорғау үшін бере алады.

Төгілген мазут және бұзылған мазут құбырларының жануын ерітінді бойынша оны беру қарқындылығы 0,05 л/(м2с) орташа қысқалықты АМК немесе су ағыстарымен тоқтатылады. Бұл жағдайда мазут қысымын төмендету және оны коммуникациялардан апаттық сыйымдылыққа құю шараларын қабылдайды.



Өртті барлау тәжірибелі басқарушы құраммен басқарылатын ГТҚҚ буындарымен оттың мүмкін таралуының барлық бағыттары бойынша жүргізілуі тиіс.

Өрттi барлау кезiнде негiзгi мiндеттердi орындаудан басқа:

энергетика объектiлерiнің ауысымды аға қызметкерiмен байланысын, одан өрттегi жағдай туралы мәлiметтер және сөндiру үшiн жазбаша рұқсат алу;

қандай жүйелердi тоқтату немесе iске қосу қажеттiгiн;

өрт сөндiрушiлердiң iс-қимылы мүмкiн болатын және болмайтын учаскелер мен бөлмелерді;

сөндiру жұмысы барысында өрт сөндiрушiлер үшiн қандай электр қондырғылары қауiптi, өрттiң таралуына қандай жүйелер мен агрегаттар жағдай жасайтынын;

кернеуде тұрған, радиоактивтi, улы заттар, жанған сұйық металдық жылу шығарғыштар болған кезде өрттi сөндiру кезiнде қауiпсiздiктiң қандай шараларын сақтау керектiгiн анықтау қажет.

Энергетикалық кәсiпорындарда және электр қондырғылары бар бөлмелерде өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:

электр станциялары мен кіші станциялардың электр қондырғыларында өрт сөндiру нұсқауының талаптарына сәйкес өрт сөндiрудi ұйымдастыруға;

өрттiң көлемiне қарамастан жұмыс iстеп жатқан бөлiмдердiң санынан өртте жедел штабты құруға;

өрттi барлауды бiрнеше барлау топтарымен әртүрлi бағытта жүргiзуге (басшы құрам тұлғаларының басшылығымен барлау топтары 4-5 адамды құрайды). Мiндеттi түрде БӨП ұйымдастыруға;

өрт бөлiмдерiнiң жеке құрамын объектiнiң аға қызметкерi тиiстi нұсқау өткiзгенен кейiн және одан белгiленген техникалық үлгiдегi сөндіруге жазбаша рұқсат алғаннан кейiн электр қондырғыларына өрт сөндiргiш заттарды беруге кiрiсуге;

электр қондырғыларындағы өрттi сөндiру және жамылғыларды қорғау үшiн бiрiншi кезекте өрт сөндiрудiң тұрақты құралдарын және алып жүретiн лафеттi оқпандарды қолдануға;

генераторларды салқындатуға берiлетiн сутегiнi тоқтатуды қамтамасыз етуге;

тұрақты кезекшi қызметкерсiз энергетикалық объектiдегi шақыруға шығатын бригада келгенше өрттi тек талданған және келiсiлген жоспар бойынша сөндiруге;

объектiде қызмет етушiлердi шақыру шараларын қолдануға;

электр желiлерiн және электр қондырғыларын тоқтан ажырату жөнiнде құрамның өз бетiнше әрекетiне жол бермеуге, сондай-ақ от сөндiретiн заттарды бермеуге;

жанып жатқан электр қондырғыларына жылжымалы өрт техникаларынан от сөндiргiш заттарды тек қана оларды алдын ала тоқтан ажыратқаннан кейiн беруге, 10 квт дейiнгi қуаттағы электроаспаптарды сөндiруден басқа, бұл жағдайда оқпандар мен өрт автокөлiктерi жерге сым арқылы қондырылуы керек, оқпаншылар, сонымен қатар жүргiзушiлер электр ботыларда, қолғаптарда жұмыс iстейдi және өрт көздерiнен 8 метрден кем емес қашықтықта болуы қажет. Өрт сөндiргенде мүмкiндiгiнше теңiз суы мен тым лайланған лас суларды, сондай-ақ көбiктердiң барлық түрiн пайдалануға тыйым салынады, тек ауа-механикалық көбiкпен ғимараттарды лықылдата толтыру қолданылады, бiрақ бұл жағдайда көбiктiк генераторларды күнi бұрын бекiтiп, сымды жерге жалғастыруға;

электр қондырғылары орнатылған ғимараттарда өртке қарсы қызметi жеке құрамының мөлшерден артық шоғырлануына жол бермеуге;

кернеуi 10 кВ, жоғары, жанып жатқан кабельдердi сөндiргенде жеке құрамның бөлiктерге кiруiне, ал өрт оқпандарын есiктiң ойығынан немесе люктен бағыттауға тыйым салуға;

өрт өрши түскенде оның маңайындағы жабдықтар мен қондырғыларды кернеуден алдын ала ажыратып, жоғарғы температурадан шашыранды су шашып қорғауға;

кабельдi құрылыстардағы өрттi оларды суға толтырып сөндiрудiң мүмкiндiгiн анықтауға;

ауамен салқындатылатын генераторлар (синхронды компенсаторлар) iштен жанған өрт байқау люктерiнен немесе арнаулы штуцерлерден берiлген сумен сөндiрiледi, көбiктердi осы мақсаттарда пайдалануға жол берiлмеуге;

сутегiмен салқындатылатын генераторлардағы (синхронды компенсаторлардағы) сутегi жанғанда орталықтандырылған жүйенiң корпусына сутегiнi ығыстыруға арналған көмiр қышқыл газы немесе азот жiберуге;

төгiлген майлардағы және турбогенераторлар кабельдерiндегi өрт ауа – механикалық көбiктермен немесе атқылаған сумен сөндiрiледi, өрттiң таралу қаупi төнгенде май бактерiндегi сұйықтарды авариялық сыйымдылықтарға құйып, құмнан (топырақтан) бөгеттер тұрғызылып, сыйымдылықтарды сумен ығалдандыру жөнiндегi тұрақты қондырғыларға қосып, мұндай қондырғылар болмаған жағдайда сыйымдылықтарды салқындату үшін су ағысын беруге міндетті.

Трансформаторлар мен басқа да май толтырылған электр жабдықтары iштен жанғанда өрт ұнтақтарымен, қалдықсыз көбiктермен немесе шашыратылған сумен сөндiрiледi, оқпандар шинақұбырлардың саңылауларынан берiледi, бiрақ, бұл орайда трансформаторлардан майлы сұйықтардың авариялық ағызып алынуына жол бермеу керек.

Оқпандардың, көбік генераторлардың, өрт автокөлiктерi сорғыштарын жерге қосылған сыммен жалғануын ӨСБ тағайындаған, энергетикалық объектiнiң қызмет көрсетушiсi техника қауiпсiздiгiне жауапты адаммен бiрлесе отырып тексередi. Жылжымалы өрт техникасының жерге қосылған сымның орны шартты белгiлерiмен белгіленеді. 12 шаршы мм-ден кем емес иiлгiш жалаң мыс сымнан жасалған жерге қосқыштардың қажеттi мөлшерi, диэлектрикалық аяқ киiмдер мен қолғаптар энергетикалық объектiлерде қол тигiзбей сақталады және тек өрт сөндiретiн жағдайда ғана пайдаланылады.

Атом электр станциялары объектiлерiндегi өрттердi сөндiру кезiнде ӨСБ:

сөндiрудi осы Жарғының 243-247 тармақтарының талаптарына сәйкес ұйымдастыруға;

осы Жарғының 208-209 тармақтарының талаптарын сақтай отырып, радиациясы жоғары деңгейдегi аймақтағы немесе бөлмедегі өрттердi сөндiру жөнiндегi оқшау жауынгерлiк учаскелер құруға;

радиациясы жоғары аймақтарда iстейтiн бөлiмшелермен және буындармен тұрақты байланыс орнатуға және ұстауға, қажет болған жағдайда жұмысты атқарудың тәртiбi туралы нұсқау беруге мiндеттi.

2.5. Техника қауіпсіздігі

0,38 кВ жоғары кернеу астындағы энергетикалық жүйелер мен қондырғыларды жазбаша рұқсат берумен энергоқызметтің өкілдері ағытады, өрт автокөліктері мен оқпандар сөндіруге көбік немесе суды беру кезінде жерленуі тиіс.

Жүйенің фаздық кернеуі 220 В жоғары болғанда және жүйені басқа әдістермен тоқсыздандыру мүмкін емес болғанда, электр сымдарын кесу жолымен ағыту жіберіледі.

ӨҚҚ бөлімшелері жеке құрамының кернеу астында орналасқан сымдарды ағыту бойынша жұмыстары, кәсіпорынның әкімшілік өкілінің бар болуы кезінде орындалады.

Кернеу астында орналасқан сымдарды ағыту кезінде:

жүйе участогын анықтау, қай жерде электр сымдарын кесу қауіпсіз жәнеқажетті ауданда тоқсыздандыруды қамтамасыз ету;

қоректенуші сыртқы сымдарды тек оқшаулағыш жағынан кесу. Сымдарды төменгі қатардан кесу қажет.

Металл жеңдерде оқшаулағыш құбырларда салынған көп түйінді кабельдер мен сымдарды, сол сияқты бір түйінді кабельдер мен сымдарды бір уақытта кесуге тиым салынады.




3. НЫСАННЫҢ ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ СИПАТЫ

3.1. Нысанның жедел-тактикалық сипаты
3.1.1. Өндірістік нысан туралы жалпы мәліметтер
Жылуэлектрорталығы (одан әрі – ЖЭО) Степногорск қ., Заводской, Ақсу, Кварцитка поселкелерінің тұрғын-үй секторлары мен кәсіпорындарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Алғаш рет ЖЭО 1966 жылы пайдалануға енгізілген. Ғимараттарды, қосымша құрылыстар мен жабдықтарды құрастыру Харьков бөлімшесінің «ТЕПЛОЭЛЕКТРОПРОЕКТ» техникалық жобасы бойынша жасалған. Станцияның белгіленген электр қуаты - 180 мВт. Энергетикалық бу қазандықтарының белгіленген жиынтық өнімділігі – сағатына 1200 тонна бу. Су қайнататын бу қазандығының белгіленген өнімділігі – сағатына 100 Гкал. Аумақтың көлемі 537300 м2 құрайды. Биіктігі 2,5 метр темірбетонды плиталардан жасалған ЖЭО өнеркәсіптік алаңы аумағы өлшемінің ұзындығы 3115 метрді құрайды. Аумақтың ішкі және сыртқы жарығы бар. Күзеттің техникалық құралдарымен өлшемнің 1630 метрі блокталған.

Қызметкерлерді кіргізу үшін 1 бақылау рұқсат ету пункті (одан әрі БРП) жұмыс істейді: автокөлікті кіргізуге арналған екі БРП, теміржол көлігін кіргізуге арналған бір БРП. Қызметкерлерді ЖЭО өнеркәсіптік алаңының аумағына кіргізу рұқсат қағазбен жүргізіледі. Посттармен, қарауыл тұрғын-жайымен байланыс ішкі телефон байланысы арқылы жүргізіледі.

Ең жақын тұрғын-үй аумағы (Заводской поселкесі) мен өзге кәсіпорындардың өнеркәсіптік алаңдары ЖЭО-нан 1,2-1,5 шақырым қашықтықта батысқа және солтүстік-батысқа қартай орналасқан.

ЖЭО аумағында ғимараттар мен қосымша құрылыстар кешені орналасқан. Өртке аса қауіпті учаскелер – ЖЭО басты корпусы (бұл жерде турбинді және бу қазандығының цехы орналасқан), ҚМШ (қара май шаруашылығы), жылу беру цехы ЖБЦ (көмір беру галереясы).


3.2. Бу қазандығы цехы
Бу қазандығы цехы (БҚЦ) – бу қазандығы цехының құрамына су қайнату бу қазандығы мен қара май шаруашылығы кіреді. Бу қазандығы цехының негізгі міндеті – турбинді цехты қажетті сападағы бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету. Бу қазандығы цехының жұмысы көмірді жолақты конвейерлерден көмір сақтауға арналған шикі көмір бункеріне беруден басталады. Содан кейін, көмір отынды үгітілетін және кептірілетін жұмыр диірменге бір қалыпты берілуін қамтамасыз ететін шикі көмірді қоректендірушіге түседі. Пайда болған тозаңды ауа қоспасы сепаратор арқылы өтеді. Сепаратор көмір тозаңын фракцияларға бөлуге арналған, онда диірменге отынның анағұрлым ірі бөлшектері ажыратылады және жіберіледі. Сепаратордан тозаңды ауа ағыны тозаңды циклонға көтеріледі, онда көмір тозаңы ауадан бөлінеді. Тозаң циклоннан көмір тозаңын сақтауға арналған бункерге түседі. Қоректендірушілердің көмегімен көмір тозаңы бункерден көмір тозаңдарын жанарғыға тасымалдауға және ауа-көмір қоспасын бу қазандықтарының оттығына беруге арналған тозаң құбырына сақтауға жіберіледі.

Булы бу қазандықтары (немесе су қайнатқыш) отынның жану энергиясының бу (немесе ыстық су) энергиясына қайта құрылуына арналған.

Кальций жән магний тұздарының құрамын төмендету үшін бу қазандығы агрегаты барабанының таза бөлігіне тринатрийфосфат ерітіндісі беріледі. Құрылған тұздар үздіксіз үрлеу арқылы жойылады.

Отынның жануы барысында түтін газдары құрылады, олар түтін сорғышпен бу қазандығынан жойылады және күл сүзгіші арқылы газ қалдықтарына арналған түтін құбырына тасымалданады.

Күл сүзгіші қондырғысы түтін газдарын күлден және күкірт оксидтерінің кей бөлшектерін тазалауға арналған.

Тоқтағаннан кейін бу қазандықтарын қыздыру сұйық отынмен жүргізіледі, ол үшін М-100 маркалы қара май қолданылады. Қара майды сақтау үшін қара май шаруашылығы белгіленген. Қара майды теміржол цистерналары жеткізеді, қара май арнайы бактарда сақталады. Қара майды түсіру кезінде, сондай-ақ, цистеналарды булау кезінде ашық бу бар. Сонымен бірге, қара маймен ластанған ағынды сулар бар, олар канализацияға төгілер алдында мұнай торларында тазаланады. Мұнай торларының қалдықтары мерзімді қажет болған жағдайда қара май бактарына тартып шығарылады. Сорғылардың көмегімен қара май үнемі айналыста болады.

Жану барысында құрылған қатты қалдықтар (шлак) бу қазандығы агрегатынан шлакты жою қондырғысының көмегімен жойылады. Күл мен шлак гидрокүлді жою каналдары бойымен багерлі сорғыға жіберіледі, оның көмегімен күлді-шлакты пульпа күл құбырларымен күл үйіндісіне беріледі.

Күл үйіндісі күлді-шлакты қалдықтарды қаттап, ағартылған суға қол жеткізуге арналған. Күл үйіндісінде (ағартылған) тұнып тұрған су кері су сорғышпен өндіріске қайтарылады.

Гидротасымалдаудың көмегімен ЖЭО мен ВК бу қазандықтарынан жойылатын күл шлакты материалды орналастыру күл үйіндісінде – жергілікті жердің арнайы ұйымдастырылған учаскесінде жүргізіледі, оның шекараларына қоршаушы дамба үйілген.

3.3. Турбинді цех
Турбинді цехта қыздырылған буды электрэнергиясына қайта құру жолымен электр энергиясын өндіру, сондай-ақ, КЦ бу қазандығы агрегаттары мен жылу желілерін қоректендіру үшін суды қыздыру іске асырылады.

Жылу желісін қоректендіру үшін шаруашылық ауыз суы Сопки-305 су тазалағыш ғимараттан химиялық цехта тазаланғаннан кейін химиялық цехта жұмсартылар алдында алдын-ала қыздыру үшін турбинді цехқа келіп түседі. Химиялық цехта өңделгеннен кейін жұмсартылған су турбинді цехқа ОПС және ПХВС (химиялық тазартылған суды қыздырғыштар) кері қайтарылады.

Қыздырылған жұмсартылған су желілі деаэраторға түседі, осы жерде бос көмірқышқылы мен сутегі жойылады. Деаэратордан кейін ОПС арқылы ыстық сумен қамтамасыз ету желісінің кері құбырына желілік сорғылардың жұтылуына түседі.

Кері желілі су желілі сорғылармен (СЭ-250-жылу желісінің 1-аймағы – Заводской поселкесі мен Степнорск қ. өнеркәсіптік алаңы және СЭ 2500-2-аймақ – қаланы жылумен қамту) қажетті өлшемдерге қыздыру үшін бойлерлі қондырғыға түседі де ыстық сумен қамтамасыз ету желісінің тікелей құбырына беріледі.

Тікелей желінің құбыры бойымен ыстық су не болмаса тұтынушыларға бірден тасымалданады немесе анағұрлым жоғары температураға дейін қыздыру үшін су қайнатқыш бу қазандығына алдын-ала жіберіледі.

Ыстық су қорын сақтау үшін жылу желісінің қажеттіліктеріне арналып аккумулятор бактары пайдаланылады, олардан желі суы сумен қамту жүктемелері аса көп болған кезде жылу желісін сіңіру сорғыларымен шайқалып алынады.

Бу қазандықтарын сіңіру үшін құбырагрегаттарының (қысқы уақытта) айналым жүйелерінің өтетін құбырларының айналым суы қолданылады, ол ШСС (шикі су сорғысы) сорғыларымен БҚШСҚ (бу қазандықтарының шикі суларын қыздырғыш) алдын-ала қыздыру үшін немесе техникалық су 305 сопкасынан беріледі. БҚШСҚ кейін су химиялық цехтағы тұщыланатын қондырғыға түседі және тұщыланған су турбинді цехқа алдымен ТШСҚ (тұщыланған шикі суды қыздырғыш), содан кейін, ДК бу қазандығы суының деаэраторына, содан кейін сорғылармен ТҚҚ (төмен қысымды қыздыру) арқылы немесе тікелей ҚСД (қоректендіруші су деаэраторы) қоректендіруші суды алдын-ала қыздыру және оттегін жою үшін қайтып келеді.

Суды түзету өңдеуі үшін (металл құбырларды оттегі мен көмірқышқылы тот басуынан қорғау үшін) суға аммиак және гидразин ерітінділері беріледі: аммиак – тұщыланған су құбырына, гидрозин – қоректендіруші электрсорғыларының (ҚЭС) сорушы желілеріне.

Су қоректендіруші электросорғылармен ЖҚҚ (жоғары қысымды қыздырғыш) арқылы беріледі, осы жерде технологияға сәйкес қажетті температураға дейін трубиналардан іріктелген бумен қыздырылады, содан кейін, бу қазандығы цехына, бу қазандығы агрегатының булыгенераторына жіберіледі.

Бу қазандығы агрегатының булы генераторында су температурасы 540 0С-қа жететін өткір буға қайта құрылады. Бу жоғары қысымды бу құбырлары бойымен турбиналар генераторлары арқылы электр энергиясын өңдеп шығару үшін олардың ағымды бөлігі трубиналарға жіберіледі. Турбогенератордан конденсат түріндегі өңделген бу трубина конденсаторы арқылы КНТ сорғыларымен циклға қайтып келеді. Турбиналар конденсаторына түсетін салқындатылған циркуляциялы су, осы жерде температуралардың әр алуандығынан өңделген будың конденсациясы орын алады. Конденсат қосымша тұщы сумен бірге қоректендіруші су деаэраторына қайтып келеді.

Қызған циркуляциялық су градирняларда салқындатылады, содан кейін циркуляциялық су жүйесі арқылы өндіріске қайта оралады. Турбина подшипниктерін майлау жүйесі мен генератор білігін тығыздау үшін турбинді май қолданылады. турбиналар подшипниктері мен сутегінің тығыздалу жүйесіне тасымалдау үшін қысымды және қысымсыз май өткізгіштер, май бактары, демпферлі бактар, белгіленген, май май салқындатқыштарда суытылады.

Көлемі 200 х 27 м. турбинді цехының машина залының ғимараты. Төменгі белгі – 3,00, ал жабындар 24 м. Машина залы саңылаулармен қорғалған бу қазандығы цехымен, ал ГЩУ мен әкімшілік корпуспен-галереялармен бірігеді. Әр трубинадағы маймен әр алуан кабелдер мен бактардың болуы өртке аса қауіпті: ТГ – 1, 2-16 т., ТГ – 3, 4-12 т., ТГ - 5, 18 т., тұтану температурасы 180 градус С және жану 400 градус С.

Машина залында 5 турбогенератор орнатылған. Турбогенераторлардың салқындауы сутекті. Генераторлардың барлығы сутегін қысып шығаруға арналған көмір қышқылы қондырғыларымен жабдықталған. Турбиналар будың Р-90 атм., Т-535 градус С өлшемдерімен жұмыс істейді. Басты корпустан ГЩУ үш кабелді канал өтеді. Кабелді тұрғын-жайға өту (туннелдер, шахталар) және өрт сөндіргіш құралдарды беру үшін оларда негізгі кірістерден басқа бар люктар қолданылады. Машина залының фермаларын қорғау үшін «Б» белг. + 8,00 қатары бойынша жылжытпалармен іске қосылатын оларды сумен суару жүйесі бар.
3.4. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету
ЖЭО аумағында тұрақты қысымы 6 атм. болатын D- 200 мм сақиналы су құбыры өтеді. Желідегі қысым сорғылы хим.цехтың сорғыларымен артады – сорғылы бөлім 41,5 л/с. Басты корпустан 30 метр қашықтықта әрқайсысы 2500 м/куб екі градирня бар, ішкі сулы өрт сөндірудің өрт крандары А,Б,В,Г,Д,Е қатарлары бойынша белгілер бойымен орналасады.

Турбинді цех 56 дана

Бу қазандығы цехы 68 дана

ГЩУ эл. Цехы 6 дана

Қызметтік корпус 8 дана

Химиялық цех 4 дана

ЦЦР 9 дана

Сорғылы 2 дана


Химиялық цехтың тұщыланған қондырғысының кабелді құрылысы су сөндіру жүйесімен жабдықталған.
Турбинді цехтың шұғыл-тактикалық сипаты




р/б

Ұйымның (объектінің) өрт-тактикалық сипаты көрсеткіштерінің тізімі

Ұйымның (объектінің) өрт-тактикалық сипаты көрсеткіштерінің мәні

1.

Ғимараттың маңызы

Өндірістік ғимарат



2.

Ғимараттың өртке төзімділік деңгейі

Өртке төзімділіктің II-ші деңгейі.

3.
3.1

3.2


Ғимараттағы адамдардың саны:

күндіз


түнде

18 адам; балалар 0 адам

12 адам; балалар 0 адам


4.
4.1

4.2


4.3

4.4


4.5

Ғимараттың құрылыстық және конструктивтік ерекшеліктері:

қабаттылығы

жалпы биіктігі

өлшемдері (геометриялық)

жертөленің болуы

шатырдың, тех.қабаттың болуы



24 метр


200 х 44,17 метр.

жоқ


жоқ.

5.
5.1.1

5.1.2


5.1.3

5.1.4.

5.2
5.2.1
5.2.2
5.2.3


Құрылыстық конструкциялары:

Сыртқы қабырғалары

Аралық қабырғалар

Жабындылар


Шатыр


Құрылыс материалдары:
Аралық қабырғалар
Жабындылар
Шатыр



Отқа төзімділік шегі 240 мин. (тұтастығын жоғалту, жылуды оқшаулау қабілеті).

Өрт қауіпі (өрт қауіпі жоқ)

Отқа төзімділік шегі 150 мин. (тұтастығын жоғалту, жылуды оқшаулау қабілеті).

Өрт қауіпі (өрт қауіпі жоқ)

Отқа төзімділік шегі 90 мин. (көтергіш қабілетін жоғалту, тұтастығын жоғалту, жылуды оқшаулау қабілеті).

Өрт қауіпі (өрт қауіпі жоқ)

Отқа төзімділік шегі 120 мин. (көтергіш қабілетін жоғалту, тұтастығын жоғалту, жылуды оқшаулау қабілеті).

Өрт қауіпі (өрт қауіпі жоқ, өрт қауіпі аз, өрт қауіпі біркелкі, өрт қауіпі бар).

Жанғыштығы: жанғыш емес

Тұтанғыштығы: қиын тұтанғыш

Үстіңгі бетімен оттың таралуы: тарамайды

Түтіндеу қабілеті: аз түтіндеу қабілетімен

Улылығы: қауіпі аз

Жанғыштығы: жанғыш емес

Тұтанғыштығы: қиын тұтанғыш

Үстіңгі бетімен оттың таралуы: тарамайды

Түтіндеу қабілеті: аз түтіндеу қабілетімен

Улылығы: қауіпі аз

Жанғыштығы: жанғыш (біркелкі жанғыш),

Тұтанғыштығы: қиын тұтанғыш

Үстіңгі бетімен оттың таралуы: біркелкі тарайды

Түтіндеу қабілеті: жоғары түтіндеу қабілетімен

Улылығы: қауіпі аз

6

Отқа төзімділік шегі және өртке қарсы тосқауылдардың түрі

Қабырғалар: өртке қарсы тосқауылдардың түрі II; отқа төзімділік шегі 240 мин.; ойықтардың (есіктер, қақпалар, люктер, қақпақтар, терезелер, перделер) толу түрі II ; жылжымалы тамбур-шлюздің түрі жылжымалы.

Аралық қабырғалар: өртке қарсы тосқауылдардың түрі жылжымалы ; отқа төзімділік шегі 120 мин.; ойықтардың (есіктер, қақпалар, люктер, қақпақтар, терезелер, перделер) толу түрі жылжымалы ; тамбур-шлюздің түрі жылжымалы .

Жабындылар: өртке қарсы тосқауылдардың түрі ____ ; отқа төзімділік шегі 120 мин.; ойықтардың (есіктер, қақпалар, люктер, қақпақтар; тамбур-шлюздің түрі жылжымалы.

7.

Эвакуациялау жолдары

эвакуациялық шығу жолдары, шатырға шығу жолдары

8.

Электр қуатын, желдеткішті сөндіру, түтін шығару орындары.

басқарудың басты қалқаны

9.

Өрт кезінде адамдар үшін қауіптердің негізгі элементтері

СО және бүлінген тамақтармен улануы, жоғары температураның әсері, конструкциялардың құлауы.

10.

10.1
10.2


10.3

10.4
10.5



Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.

өрт су құбыры, оның түрі, судың шығыны, гидранттардың саны

ішкі өрт крандарының болуы және олардың саны

жалғау түрі және ішкі өрт крандарының диаметрі

өртті сөндіруге қажетті ҰӨ-ның тиісінше шығыны

су беру тәсілі



сақиналы; 73,3 ж/қ; 4 дана.


56 дана
«Богданова», Ø 51 мм.

3240 литр

автоцистернадан; су көзіне орнатумен.


11.

Жарылуға қауіпті заттар мен материалдары бар имараттар.

жоқ

12.

АӨСҚ, АӨСҚ болуы

аэрозольді өрт сөндіру

Маш. залы көпіршікті өрт сөндіру

Әр турбинаның (су бүркеу) үстінен өрт сөндірудің құрғату жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет