1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет102/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Өңештің анатомиялық тарылулары. -Жүткыншақтық тарылу, жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде (6 мойын омыртқасы деңгейінде) орналаскан. -Бронхтық тарылу, кеңірдектің бифуркациясының тұсында немесе өңештің сол жақтық бронхпен (5 кеуде омыртқасы деңгейінде) шектескен жерінде орналасқан. -Көкеттік тарылу, өңештің көкеттің өңештік тесігінен өтетін жерінде орналаскан

92.Асқазан: құрылысы, топографиясы, ішастарға қатынасы, қызметі.


Асқазан, ventriculus (gaster), асқорыту жолының қалтатәрізді кеңейген жері болып табылады. Асқазанда өңеш арқылы өткен тамақ жиналып, ас қорытудың бірінші сатылары өтеді; тамақтың қатты бөліктері сұйық немесе ботқатәрізді қоспаға айналады. Асқазанда алдыңғы қабырга, paries anterior, мен артқы қабырғаны, paries posterior, ажыратады (206-сурет). Асқазанның жоғарғы және оңға қараған ойыс жиегі - кіші иіні, curvatura ventriculi minor, деп, ал томен және солға қараған дөңес жиегі - үлкен иіні, curvatura ventriculi major, деп аталады. Кіші иінінде, кіреберістен гөрі шығаберіске жақындау жерде бүрыштық тілік, incisura angularis, байқалады, ол жерде кіші иіннің екі бөлігі сүйір бұрыш, angulus ventriculi, жасай түйіседі. Асқазанда мына бөліктерін ажыратады: өңештің асқазанға кіреберіс жері, ostium cardiacum, (грекшеcardia - жүрек; асқазанның кірер тесігі шығар тесігіне қарағанда жүрекке жақындау орналасқан); асқазанның жүрекке жанаса жатқан жүректік бөлігі pars cardiaca; шығар жері - қақпасы, pyloris, оның тесігі = ostium pyloricum. асқазанның жанасып жатқан бөлігі pars pylorica, асқазанның ostium cardiacum-нан солға қарай жартышартәрізді бөлігі түбі, fundus, немесе күмбез, fornix, деп аталады. Денесі, corpus ventriculi, асқазан күмбезінен pars pylorica-ға дейін созылады. Pars pylorica өз кезегінде қақпалық үңгірге, antrum pyloricum, асқазанның денеге жақын бөлігіне және canalis pyloricus-ке, қақпаға тікелей жанасып жатқан енсіздеу, түтіктәрізді бөлікке бөлінеді. Рентгенанатомиялық жағынан corpus ventriculi saccus digestrorius (асқорыту қабығы) деп, ал pars pylorica - canalis egestorius (шығару өзегі) деп белгіленеді. Олардың арасындағы шекара қызметін физиологиялық сфинктер, sphincter antri, атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет