1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет103/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Асқазанның топографиясы . Асқазан epigastrium-де орналасады; асқазанның көп бөлігі (5/6 жуығы) ортаңғы жазықтықтан солға қарай жатады; асқазанның үлкен иіні ол толған кезде regio umdilicalis-ке проекцияланады. Асқазан өзінің үзын білігімен жоғарыдан төмен, солдан оңға және арттан алға карай бағытталған; ostium cardiacumомыртқа бағанасының сол жағында VII сол жақ қабырға шеміршегінің артында, төстің жиегінен 2,5 - 3 см қашықтықта орналасқан; оның проекциясы артынан XI кеуде омыртқасына сәйкес келеді; ол асқазанның алдыңғы қабырғасынан едәуір қашықтау жатады. Асқазан күмбезі linea mamillaris sinistra бойымен V қабырғаның төменгі жиегіне жетеді. Қақпа асқазанның бос кезінде ортаңғы сызық бойында немесе одан сәл оңға қарай VIII оң жақ қабырға шеміршегіне қарсы жатады, бұл XII кеуде немесе I бел омыртқа деңгейіне сәйкес келеді. Асқазан толған кезде жоғарғы жағында бауырдың сол үлесінің төменгі бетімен немесе көкеттің сол жақ күмбезімен, артқы жағынан - сол жақ бүйректің жоғарғы шеті және бүйрекүсті безімен, көкбауырмен, ұйқы безінің алдыңғы бетімен, одан әрі төменгі жағында - mesocolon және colon transversum-мен, алдыңғы жағында - оң жағынан бауырмен, сол жағынан қабырғалар арасында орналасқан іш қабырғасымен жанасады. Асқазан бос кезінде өзінің қабырғаларының жиырылуы салдарынан тереңге қарай кетіп, босаған кеңістікті көлденең жиек ішек алып жатады, сол себепті ол асқазанның алдыңғы жағында тікелей көкеттің астында орналасуы мүмкін. Тірі адамдарда асқазанның көлемі, оның толуына қарай өзгеріп отырады. Орташа созылғанда оның ұзындығы шамамен 21-25 см. Асқазанның сиымдылығы едәуір дәрежеде жеке адамның тамақтану дағдысына байланысты, бір литрден бірнеше литрге дейін өзгеруі мүмкін. Жаңа туған нәрестенің асқазанының көлемі тым кішкене (ұзындығы 5 см) болады.
Қ ұры лы сы . Асқазан қабырғасы үш қабықтан тұрады: 1) күшті дамыған шырышасты негізі, tela submucosa-сы, бар, tunica mucosa - шырышты қабық; 2) tunica muscularis - бұлшықетті қабық; 3) tunica serosa - сірлі қабық (207, 208-сурттер).
Tunica mucosa асқазанның негізгі қызметі - қышқыл ортада асты химиялық өңдеуге сәйкес құрылған (209-сурет). Осыған байланысты шырышты қабықта асқазан сөлін, succus gastricus, түзетін арнайы бездер орналасады, оның сөлінде тұз қышқылы болады. Бездердің үш түрін ажыратады: 1) кардиалық бездер, glandulae cardiacae, 2) асқазан бездері, glandulae gastricae (propriae), олар көп (1 мм2 асқазан бетінде шамамен 100), асқазан күмбезі мен денесі аймағында орналасқан және екі текті жасушалары болады: басты жасушалар (пепсиноген бөліп шығарады) және қоршау жасушалары (тұз қышқылын бөліп шығарады); 3) қақпалық (пилорикалық) бездер, glandulae pyloricae, тек басты жасушалардан тұрады. Шырышты қабықта шашырай орналасқан жекеленген (дараланған) лимфа түйіншелері, folliculi lymphatici gastrici, болады. Шырышты қабықтың меншікті бұлшықетінің, (lamina muscularis mucosae) және тамырлар мен нервтері бар, шырышты қабықтың босаңсып және жиырылып түрлі бағытта қатпарлар түзуіне мүмкіндік беретін борпылдақ шырышасты негізінің, tela submucosa, болуынан пайда болатын шырышты қабықтың қатпарларға, plicae gastricae жиналу қабілетінің арқасында тамақ шырышты қабықпен тығыз жанасып, асқазан сөлімен барынша қанығады. Қатпарлар кіші иіннің бойын бойлай бағытталып, “асқазан жолын” түзеді, ол, асқазан бұлшықеттері жиырылған сәтте тамақтың сұйық бөліктері (су, тұзды ерітінділер) өңештен асқазанның кардиалық бөлігіне соқпастан қақпаға өтетін өзекке айналады. Шырышты қабықта қатпарлардан басқа дөңгелекше келген, асқазан алаңдары, areae gastricae, деп аталатын дөңестер (диаметрі 1-6 мм) жатады, олардың бетінде асқазан шұңқыршаларының, foveolae gastricae, көптеген кішкене (диаметрі 0,2 мм) тесіктері көрінеді (210-сурет). Осы шұңқыршаларға асқазан бездері ашылады. Қақпа тесігі, ostium pyloricum, аймағында асқазанның қышқыл ортасын ішектің сілтілік ортасынан бөлетін шырышты қабықтың циркулярлы қатпары орналасады, ол қақпа жапқышы (қақпақшасы), valvula pylorica, деп аталады.
Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, астың араласып, жылжуына көмегін тигізетін миоциттерден, бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады; қап түріндегі асқазан пішініне сәйкес үш қабатта: сыртқы қабат - бойлық, stratum longitudinale, ортаңғы қабат - дөңгелек, stratum circulare, және ішкі қабат- қиғаш, fibrae obliquae, бағытта орналасады.
Бойлық талшықтар өңештің дәл осындай талшықтарының жалғасы болып табылады. Stratum circulare бойлық қабатка қарағанда айқындау білінеді; ол өңештің дөңгелек талшықтарының жалғасы болып табылады. Асқазанның шығаберісі бағытына қарай дөңгелек қабат қалыңдап, pyloris пен он екі елі ішек арасындағы шекарада, т. sphincter pylori қақпа қысқышын түзеді. Сфинктерге сәйкес келетін қақпа жапқышы, valvula pylorica, қақпа қысқышы жиырылғанда асқазан қуысын он екі елі ішек қуысынан мүлде бөледі. Sphincter pylori мен valvula pylorica тамақтың асқазаннан ішекке өтуін реттейтін және оның кері келуіне кедергі жасайтын арнаулы тетік күрайды (тамақ кері ағатын болса, асқазанның қышқыл ортасы бейтараптанар еді).
Fibrae obliquae, қиғаш талшықтар, будаларға жиналады, олар ostium cardiacum-ды сол жағынан ілмектәрізді қаусырып, қиғаш бүлшықеттер үшін pinctum fixum қызметін атқаратын “тірек ілмек” түзеді. Қиғаш бұлшықеттер асқазанның алдыңғы және артқы беттерімен қиғаш өтіп, жиырылған кезде оның үлкен иінін ostium cardiacum бағытына карай тартады. Асқазан қабырғасының ең сыртқы қабаты ішастардың бөлігі болып табылатын сірлі қабықтан, tunica serosa, түзіледі; сірлі жабынды ішастардың екі жапырақшасы арасында ірі қантамырлар өтетін екі иінінен, басқа бүкіл өн бойында асқазанмен тығыз бітісіп-өседі.
Асқазанның артқы бетінде ostium cardiacum-ның сол жағында ішастармен жабылмаған кішкене бөлігі (ені 5 см-дей) бар, ол жерде асқазан көкетпен, ал кейде сол жақ бүйректің жоғарғы шетімен және ұйқы безімен тікелей жанасады. Өзінің біршама қарапайым пішініне қарамастан, күрделі нервтендірілу аппаратымен басқарылатын адам асқазаны оның әр алуан тамақтану режимдеріне бейімділуіне мүмкіндік жасайтын аса жетілген ағза болып табылады. Өлгеннен кейін асқазан пішіні тез өзгеретіндіктен және сондықтан мәйітте байқалған нәтижелерді тірі адамға толығымен көшіруге болмайтындықтан, гастроскопия және әсіресе рентген сәулесі көмегімен зерттеудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет