1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


) орталык үлес (үлесше), (lobulus) centralis



бет189/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

2) орталык үлес (үлесше), (lobulus) centralis, мишықтың алдыңғы тілігі аймағында жатады, тілшікті жауып, орталык үлесше канаттары, alae lobuli centralis, аркылы мишық сыңарларының жоғарғы бетіндегі алдыңғы катпарларға өтеді.


  • 3) таушық, жоғарғы кұрттың ең ірі бөлігі, мишық сыңарларының төртбұрышты үлесшелерін қосады; онда ең шығыңқы алдыңғы ұшын және артқы, ылди бөлігін, delcive, ажыратады.


  • 4) мишық жапырағы, folium vermis, мишыктың арткы тілігі аймағында орналасады жэне мишык сыңарларының жоғарғы жарты айтэрізді үлесшелерін косатын жіңішке табакша түрінде.


  • Төменгі құрт арттан алға орналасатын келесі үлесшелерден тұрады:


  • 1) Құрт төмпесі, tuber vermis, төменгі кұрттың арткы шетін, мишык сыңарларының төменгі жарты айтәрізді үлесшелерін қосып, мишықтың арткы тілігінде жатады.


  • 2) Құрт пирамидасы, pyramis vermis, қатты иілген катпарлары бар, алдынан өте кең жэне доғал шетімен артка бағытталған, мишық сыңарларының Қосқарыншалы үлесшелерін косады.


  • 3) Құрт тілшігі, uvula vermis, мишык сыңарларының бадамшаларын байланыстыратын жіңішке қысқа қатпарлар шығыңқысы түрінде.


  • 4) Түйінше, nodulus, төменгі кұрттың ең алдыңғы бөлігі, терең емес колденең жүретін жүлгелері бар; артқы ми желкені көмегімен түйіншенің алдыңғы қатпарымен бітескен, ол мишық сыңарларының тұлымдарын қосады.


  • Мишық ақ және сұр заттан тұрады. Ақ зат – милық зат, corpus medularе, мишықтың тереңінде орналасып, ақ жолақ түрінде әр жапырақшаға кіреді. Сұр зат мишық қыртысын, cortex cerebelli, және ақ зат тереңінде орналасқан, мишық ядроларын түзеді.


  • Келесі ядроларды ажыратады:


  • Тісті ядро, nucleus dentatus, ақ заттың медиалді-төменгі учаскесінде жатады. Бұл ядро медиалді болімінде кішкене үзілістері бар сүр заттың толқынтэрізді иілген табақшасы түрінде, ол тісті ядроның какпағы, hilus nuclei dentati, атауын алады




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   205




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет