1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет191/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Сопақша мидың ақ заты негізінен жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдардан тұрады. Жоғарылаған өткізгіш жолдар (ауырсыну және температура сезімталдығы және т.б) сопақша мидың дорсалды бөлігі арқылы, төмендеген өткізгіш жолдар (пирамидалық жол) вентралды бөлігі арқылы өтеді. Нерв талшықтарының бұл, екі тобы да жұлынды бас миының жоғары орналасқан бөліктерімен байланыстырып, сопақша ми арқылы өтеді. Сонымен қатар, оливалық ядро мен торлы құрылымнан жұлынға қарай төмендеген және мишыққа жоғарылаған талшықтар шығады. Жіңішке және сынатәрізді будалар ядролары талшықтарының көп бөлігі қиылыс түзіп медиалды, ілмекке, lemniscus medialis, өтеді, ал бір бөлігі мишыққа барады. Сонымен, сопақша мида екі қиылыс: пирамидалар қиылысы және медиалды ілмек қиылысы, decussatio lemniscorum medialium, орналасады.Медиалды ілмек қиылысының үстінде артқы бойлық буда, fasciculus longitudinalis dorsalis, өтеді. Бұл буда ми сабауы мен жұлында орналасқан вегетативтік орталықтарды бір-бірімен байланыстырып, қызметтерін үйлестіріп отырады.


  • 175.Мидың IV қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы.


  • Төртінші қарынша, ventriculus quartus, ромбтәрізді мидың қуысы болып табылады, алдыңғы жағынан көпір мен сопақша мидың, артқы жағынан мишықтың арасында орналасқан. Пішіні түбі мен төбесі бар шатыртәрізді болып келеді. Төбенің жоғарғы және төменгі қабырғалары дорсалды және бүйір жақтарынан қосылып, латералды қалталар, recessus lateralis, түзеді.


  • Төртінші қарыншаның түбі - ромбтәрізді шұңқыр, fossa rhomboidea, деп аталады. Оны көпір мен сопақша мидың артқы беттері құрайды. Ол бүйір жақтарынан мишықтың жоғарғы және төменгі аяқшаларымен шектелген. Шұңқырды орталық сызық бойымен бөлетін орталық жүлгенің, sulcus medianus, екі жағында медиалды томпақ, eminentia medialis, орналасқан. Әр томпақты латералды жағында шекаралық сызық, sulcus limitans, шектейді.Жүлге жоғарғы және төменгі шеттерінде жоғарғы және төменгі шұңқыршаларға жалғасады. Медиалды томпақтың жоғарғы бөлігінде бет нервінің төмпешігі, colliculus facialis,көрінеді, ол әкететін нерв ядросын иін түрінде қоршай орналасатын бет нервінің талшықтарынан түзілген.
  • Медиалды томпақ төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нерві үшбұрышына, trigonum n.hypogllossi, ауысады. Оның латералды жағында кезбе нерв үшбұрышы, trigonum n.vagi, орналасады. Төртінші қарыншаның латералды қалтасының аймағында, ромбтәрізді шұңқырда вестибулярлық алаңды, area vestibularis, ажыратады.Осы алаңнан көлденең бағытта милық жолақтар, striae medullares, өтеді. Олар көпір мен сопақша мидың арасындағы дорсалды шекара болып табылады және есту жолдарына жатады.






  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   205




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет