1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Шынтақ буыны, құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі



бет42/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

42.Шынтақ буыны, құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі.
Шынтақ буыны - articulatio cubiti
Бұл буын күрделі буындарға, articulatio composita, жатады және үш буыннан тұрады. Олар: иық-кәрі жілік, иық-шынтақ жілік және кәрі жілік-шынтақ жілік буындарынан тұрады.
1. Иық — кәрі жілік буыны- articulatio humeroradialis.
Буын басы: тоқпан жіліктің айдаршығының басы - capitulum humeri;
буын ойысы: кәрі жілік басының ойығы - fovea articularis;
Буын беті: пішіні шар тәрізді, сәйкес келген.(гиалинді шеміршекпен қапталған)
2. Иық-шынтақ буыны- articulatio humeroulnaris.( бір білікті, шығыр тәрізді)
буын басы: тоқпан жілік айдаршығының шығыры- trochlea humeri;
буын ойысы: шынтақ жіліктің шығырлық тілігі - incisura trochlearis;
Буын беті: өзара сәйкес келген .(гиалинді шеміршекпен қапталған)
3. Проксималды кәрі жілік-шынтақ жілік буыны – articulatio radioulnaris proximalis.( бір білікті цилиндр тәрізді буын)
Буын басы: кәрі жілік басынан шеңбер бағытта орналасқан буын беті - circumferentia articularis;
буын ойысы: шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігі- incisura radialis;
Буын беттері: өзара сәйкес келген .(гиалинді шеміршекпен қапталған)
буын қапшығы алдында бекиді: тоқпан жіліктің тәждік, кәрі жіліктік шұңқыршалардан жоғарырақ бүйір қапталында буын бетінің жиегіне;
артқы қапталында бекиді: шынтақ жіліктік шұңқыршасынан жоғарырақ.
Шынтақ буыны байламдары:
1. Шынтақтық коллатералдық байлам, lig.collaterale ulnare.
Басталады: токпан жіліктің медиалды айдаршық үстілік өсіндісінің негізі, томен бағытта желпуіш тәрізді жалпақтау келіп,
Бекінеді: шынтақ жіліктің шығыршықтық тілігіне, incisura trochlearis.
. 2. Кәрі жіліктік коллатералды байлам, lig.collaterale radiale.
Басталады: тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстінен төмен бағытта өтіп кәрі жіліктің мойынының тұсында алдыңғы және артқы будасына бөлінеді.
Бекінеді: шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігінің алдыңғы және артқы жиегі
3) шеңбер бағытта орналасқан байламы- lig.anulare radii
шеңбер бағытта тереңде орналасқан талшықтары түзеді
4) квадрат тәрізді байламы - lig.guadratum.
шеңбер бағытта орналасқан байламның төменгі талшықтары шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігіне төмен бағытта өтіп, кәрі жіліктің мойынына барып бекініп түзеді.
Шынтақ буынында қозғалыс: фронталды және вертикальды біліктің бойында өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет