III. Күрделі буын
IV.Медиалды сына тәрізді сүйек пен І-табан сүйектерінің аралығындағы буынның буын беті бұдыр болып келсе, қалған буындардың буын беттері тегіс, жазық. Буын беттері гиалин шеміршектерімен беттелген.
V.Екі білікті
VI. Негізгі қызметі - буында болатын қозғалыстың көлемін шектеу. Тілерсек-табан буындары, практикада кесуге қолайлы болғандықтан үш буын дара бір буын-Лисфранков буын ретінде қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиальды және латералды сына-табан байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атайды. VII.Буын қапшықтары қысқалау болып келген және тартылып орналасқан. Буын қапшығының байламдарына мына байламдарды жатқызамыз.
1. lig. interossea- табан сүйектерінің негізінде орналасады .2.Сүйекаралық дорзалды тілерсек-табан байламдары, lig.tarsometatarseae dorsalia - буын қапшығының дорзалды бетінде орналасқан.3.Табандық тілерсек-табан байламдары, lig. tarsometatarseaeplantaria - буын қапшығының төменгі беттерінде орналасқан.4.Сүйекаралық табан байламдары,lig.metatarseae, сына - табан байламдары,lig.cuneometatarsea - сына тәрізді сүйектер мен табан сүйектерінің аралығында орналасқан. Сонымен қатар бұл байламдардан басқа және мынадай байламдарды ажыратамыз:a)Медиалды сына-табан байлам, ол медиальды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан сүйегінің негізінің аралығында орналасқан. б)Латералды сына- табан байламы, ол латералды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан сүйектер негізінің аралығында орналасқан.
Табан сүйектерінің аралық буыны
Табан сүйектерінің аралық буыны (articulationes intermetatarseae).
1)Бұл буын беттері жазық және буын қапшығы мен байламдары жалпы қол ұшының буындарына ұқсас болады.
2)Буын қапшықтарының байламдары:
1.Табан сүйектерінің сүйекаралық байламдары ( lig.metatarsea interossea) .2.Табан сүйектерінің дорзалды байламдары (lig.metatarsea dorsalia).3.Табан сүйектерінің табандық байламдары (lig.metatarsea plantaria).
Табан- бақайшақ буындары
I.Табан-бақайшақ буындары (articulationes metatarsophalangeae).II.табан сүйектерінің басы мен бақайлардың проксималды бақайшықтар негізінің беттесуінен.
Достарыңызбен бөлісу: |