1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет45/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Атқаратын функциясы: Қозғалысты тежеу, яғни білезік буының қозғалысын шектеу.
Айта кететін жағдай, жоғарыда аталған байламдармен қоса сүйек аралық байламдар ligaménta intercárpea interóssea мен буындар да кездеседі.

44.Бірінші саусақтың білезік-алақан буыны.
Сүйектердің қосылысы – сүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектік және сүйектік тіндер байланысы мен сүйектер жиынтығы, құрылысы өте күрделі жүйе болып табылады. Жүйенің функциясына дара орналасқан сүйектерді байланыстыру, буын және байлам құрылымдары арқылы сүйектер арасындағы қозғалысты қаптамамыз ету. Бұл туралы зерттейтін ілімді artrologia деп атаймыз. Сүйек аралық байланысты эмбрионалдық дамуына байланысты үш түрге жіктеп қарастыра аламыз. Оларға:
Synartrosis – бұны байланыстың ежелгі түріне жатқыздырсақ болады. Яғни, сүйекаралық қуыстың болмауымен және сүйектік тіндер арқылы байланысуымен ерекшелінеді.
Diarthrosis басқаша айтсақ буындар – ол сүйекаралық саңылаудың, синовиалді қабаттың, буын қапшығы мен буын беті арқылы байланысады.
Hemiarthrosis немесе симфизді – бұл топты аралық деп атасақ болады, Яғни, екі жақты қасиетке ие.
Осының ішінде үзілісті байланыстың өкіліне тоқталып өтсем. Білезік-алақандық буын екінші қатардағы білезік сүйектердің дисталді беті мен алақан сүйектерінің буын бетттерінің беттесуынен құралған. Өз кезегінде екі дербес буыннан тұрады. Олар
- Бас бармақ – білезік алақан буыны
- Білезік – II-V- сүйектік буындар.
Articulation caprometacarpea pollicis бұл буын трапеция сүйегінің ертәрізді дисталді буын беті мен 1-алақан сүйегі негізің буын беттерінің бірігуінен құралған екі білікті буын. Яғни, бұл буынды қарапайым ер тәрізді буындарға жатқыздырамыз. Барлық диартроздарға тән гиалин шеміршегімен көмкеріліп сәйкес келеді. Буын қапшықтары бос орналасқан. Осыған байланысты қозғалыстыр көлемді келеді. Ол қозғалыстарға жеке тоқталып өтсем:
- Фронталді білік бойынша бүгілген кезде бас бармақ, шынашақ сүйегіне қарай ауытқиды, жазылған кезде бас бармақ қайта орнына келеді. Бұл осы білік бойынша буын бетінің дәлме дәл орналаспауына байланысты.
- Сагиталді бағыт бойынша бас бармақ сұқ саусаққа қарай adductio және abductio қозғалыстарын жасайды.
- Сонымен қатар, екі білік маңында circumductio қозғалысын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет