1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Артқы және бүйір құрсақ қабырғаларының бұлшықеттері, қызметі



бет62/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

55. Артқы және бүйір құрсақ қабырғаларының бұлшықеттері, қызметі.
Іштің артқы топ бұлшықеттері:
Белдің шаршы бұлшықеті, m.quadratus lumborum ол іштің артқы қапталында, 12 қабырға мен мықын сүйегі қырқасының аралығындаорналасқан. Сыртқы пішіні шаршы тәрізді жалпақ бұлшықеттің талшықтары алдыңғы жәнеартқы топ болып екі бөлікке бөлінеді:
а) алдыңғы бөлігі — мықын сүйегі қырқасының ішкі ернінен, labium internum және бел-мықын байламынан, lig. iliolumbale басталып,12-қабырға мен кеуде омыртқасына барып бекиді.
ә) артқы бөлігі — ол да мықын сүйегініңқырқасынан және бел-мықын байламынан басталып,өрлеме бағытта өтіп, 1-4 бел омыртқалардың көлденең өсіндісіне барып бекиді.
Қызметі: бір жақты жиырылған кезде, мықын сүйегін жоғары көтерумен қатар, 12-қабырғаны төмен тартып, омыртқа бағанасының белбөлігін бүксе, екі жақ бөлігі бірдей жиырылғанда омыртқа бағанасының бел бөлігін шалқайтады.
Іштің бүйір топ бұлшықеттері:
Бүйір бұлшықеттері жалпақтау келіп, бір-бірімен беттесіп, қиғаш және көлденең жауып орналасқан үш жұп бұлшықеттерден тұрады. Бұл бұлшықеттердің жалпақтау келген шандырлары немесе апоневроздары медиалды бағытта бір-біріне қарама-қарсы өтіп, айқасып, іштің тік бұлшықетінің қынабын құрауға қатысады.
1. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті, m.obliqus externus abdominis, іштің бұлшықеттерінің ішіндегі ең беткей орналасқан бұлшықет болып саналады. Бұл бұлшықеттің талшықтары тісшеленіп, төменгі 8 қабырғалардан басталады. Еске сала кететін бір жайт: жоғарғы 5 тісшелері алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің, m.serratusanterior, аралығынан басталса, төменгі 3 тісшелері арқаның аса жалпақ бұлшықетінің тісшелерінің аралығынан тісшеленіп басталады. Бұлшықет талшықтары, қиғаш бағытта алға және төмен қарай өтіп, апоневроз қабықшасына ұласады. Апоневрозды қабықшаның жоғарғы бөлігі горизонталды бағытта өтіп, іштің тік бұлшықетінің қынабының алдыңғы қабырғасы мен іштің шандырлы ақ сызықшасын, line alba құрауға қатысады. Апоневрозының төменгі бөлігі мықын сүйегі қырқасының сыртқы ерініне барып бекісе, апоневроздың ортаңғы бөлігініңтөменгі жиегі ішіне қарай қайырылып, шап, өзекшесінің науашығын немесе шап байламын, lig.inguinale немесе шаптыңдоғашығын, arcus inguinalis, құрайды. Апоневроздың ортаңғы бөлігінің шат қасағасының маңындағы бөлігі, шат сүйегі қасағасының тұсында екі аяқшаға айырылып, медиальды аяқшасы, crusmedialis, симфизге барып бекісе, латералды аяқшасы, crus lateralis шат сүйегінің төмпешігіне, tuberculum pubicum барып бекиді. Аралығындағы үшбұрышты саңылау аяқша аралық фиброздық ткандар, fibrae intercrurales, немесе доға тәрізденіп, иіліп орналасқан байламаны, lig.lacunare, құрайды.
Қызметі: іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде: тұлғаны қарама-қарсы жағына қарай бұрып, жамбас сүйегін бекемдесе, екі жақтық бөлігі бірдей жиырылған кезде кеудені алға тартып, омыртқа бағанасын бүгу қызметін атқарады.
2. Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, m.obliquus internus abdominisжалпақтаукеліп, сыртқы қиғаш бұлшықеттің қапталында орналасқан. Ол шап байламының 2/3 бөлігінен, мықынсүйегінің аралық ернінен, labium intermedium және арқаның кеуде-арқалық фасңиялыққабықшасынан, fascia thoracolumbalis басталады.Бұлшықет талшықтары желпуіш бағыттаөтіп, артқы бөлігі вертикаль бағытта өтіп, төменгі3-4 қабырғаның сыртқы бетіне барып бекісе, қалған бұлшықеттердің латералды қапталында апоневрозға ұласып, одан әрі екі жапырақшаға бөлініп, тік бұлшықеттің қынабын және орталық сызықшалар маңында іштік дәнекер тканды ақтүсті сызықшасын, linea alba, құрайды. Бұлбұлшықеттің төменгі қиғаш бағытта орналасқан бұлшықеттік талшықтары шап өзекшесінің,canalis inquinalis жоғарғы қабырғасын құрайды.
Қызметі: тыныс алуға және іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде тұлғаны жиырылған жағына бұрады.
3. Іштің көлденең бұлшықеті, т. transversus abdominis, сыртқы пішіні жалпақтау келіп, іштің бүйір топ бұлшықеттерінің қуыстыққа қараған бетінде көлденең бағытта орналасқан. Ол төменгі қабырғалардың шеміршектік бөлігі мен көкеттің қабырғалық бөлігінен тісшеленген бұлшықет талшықтарының аралығынан, кеуде-бел фасңиялық қабықшадан, мықын сүйегінің қырқасының ішкі ерінінен және шап байламының латералды 2/3 бөлігінен басталады. Одан әрі көлденең бағытта өтіп, іштің тік бұлшықетінің бүйір қапталында апоневроз қабықшасына ұласып, тік бұлшықеттің қынабын және фиброздық қабықшаның ақ сызықшасын, linea alba құрайды. Бұл бұлшықеттің төменгі қиғаш бағытта орналасқан бұлшықеттікталшықтары шап өзекшесінің, canalis inquinalis жоғарғықабырғасын құрауға қатысады.
Қызметі: тыныс алуға және іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде тұлғаны жиырылған жағына бұрады.

56.Алдыңғы және артқы құрсақ қабырғасының әлсіз жерлері. Іштің ақ сызығы туралы түсінік, кіндік сақинасының түзілуі, Лесгафттың 4-бұрышы, петитов үшбұрышы, олардың практикалық маңызы.
Іштің әлсіз жерлері: 1) ақ сызықтың шұңқырлары, 2) ішкі, сыртқы, қиғаш бұлшықеттердің апоневрозындағы тесіктер, 3) ішектік, бөкселік каналдар.
Іштің ақ сызықшасы, linea alba, ол төссүйегінің семсерлік өсіндісінен, processusxyphoideus басталып, шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралықта созылып орналасқан апоневрозды ақ түсті жолақ.
Іштің ақ сызықшасы, linea alba, орталық сызықшаның бойында өзара айқасып орналасқан іштің үш жалпақ бұлшықетгер апоневроздарының өзара айқасуы нәтижесінде құралған. Ені жоғарыдан төмен қарай бағытталған сайын жіңішкелеу келген. Қалыңдығы кіндіктен жоғары бөлігі жұқалау болып келсе, төменгі бөлігі керісінше қалыңдау болып орналасқан.
Сонымен қатар, ақ сызықшаның жоғарғы бөлігінде жұқалау болып келуімен қатар, өзара айқасып орналасқан апоневроз қабықшаның аралығында бірде шағындау, бірде едәуір кеңдеу болып келген саңылаулар жиі байқалады. Ақ сызықшаның бойында жарықтардың жиі кездесуі сол себепті. Сонымен қатар, ақ сызықша кіндіктік сақинаны құрауға қатысады, annulus umbilicalis кіндік сақина іркілдеген дәнекер ткандардан, кіндіктен тұрады және кіндіктікқан тамырларының тесіктері орналасқан. Сол себепті, кіндіктік сақинаның тұсында кіндіктік жарықтың жиі кездесуі соған байланысты.
1. Петитов үшбұрышы іштің сыртқы қиғаш бұлшықеттерінің жиектерінде пайда болады. Үшбұрыштың шекаралары:
  • Медиальді қабырғасы – аса кең арқа бұлшық еті;


  • Бүйір қабырғасы-іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті;


  • Төменгі қабырғасы-мықын сүйегі;


  • Үшбұрыш түбі– ішкі қиғаш бұлшықет.


Үшбұрыштың практикалық маңызы-бұл ретроперитонеальді тіндердің абсңессі осында енуі мүмкін және бұл жерде бел жарықтары өте сирек кездеседі.


2. Spatium lumbale-үшбұрыш немесе Лесгафт-Грюмвельд ромбы іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің жоғарғы шеті мен артқы-төменгі тісшеленген бұлшықеттің төменгі шеті арасында қалыптасады. Шекаралары:
Тісшеленген бұлшықеттің жоғарғы-төменгі шеті (кейде XII қабырға жоғарғы жиектің қалыптасуына қатысады, содан кейін кеңістік ромб тәрізді болады); Үшбұрыштың шекаралары:
  • Төменгі қабырғасы-іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің артқы шеті;


  • Артқы қабырғасыарқа бұлшықетінің латералді беті;


  • Түб жағы –көлденең іш бұлшық еттің апоневрозы;


Лесгафт-Грунфельд үшбұрышында ретроперитонеальді тіндердің абсңессі жиі пайда болады, бұл іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозындағы тесікке ықпал етеді, ол арқылы гипохондрия тамырлары мен жүйке өтеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет