1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Кеуде бұлшықеттерінің фасциялық қабықшалары



бет59/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Кеуде бұлшықеттерінің фасциялық қабықшалары, fascia pectoralis беткей және тереңде орналасқан табақшаларға бөлінеді.
  • Кеуде бұлшықетінің беткей орналасқан фасциялық қабықшасы, lamina superfieialis, үлкен кеуде бұлшықетінің сыртқы бетін көмкеріп орналасқан. Жоғарғы бөлігі бұғана сүйегімен бітіссе, медиальды бөлігі мен латеральды бөлігі алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің фасциялық қабықшасына ұласады. Төменгі жиегі құрсақтың фасциялық қабықшасымен жалғасқан.


  • Кеуде бұлшықетінің терең фасциялық қабықшасы, lamina profunda, бұғана астылық ойықтың, fossa infraclavicularis тұсында кіші кеуделік бұлшықет, m.pectoralis minorпен бұғана астылық бұлшықеттің, m.subclavius фасциялық қабықшасын құрап, processus coracoideus-ке барып бекиді. Бұл фасциялық қабықша қолтық шұңқырының, fossa axillaris тұсында тығыздалынып, m.pectoralis major төменгі жиегінен арқаныңаса жалпақ бұлшықетінің, m.latissimus dorsi төменгі жиегіне қарай асып түсіп,қолтықтың фасциялық қабықшасы, fascia axillaris мен қабырға аралық сыртқы бұлшықеттің фасциялық қабықшасын құрауға қатысады.


  • Бұғана-кеуделік фасция, fascia claviopectoralis, кеуденің терең фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы. Бұғана астылық ойыс маңында қалыңдап, бұғана астылық қан тамырлар мен нервтердің қынабын құрауға қатысады.


  • Ішкі кеуделік фасция, fascia endothoracica, кеуде қуысының ішкі бетін көмкеріп, ішкі қабырға аралық бұлшықеттің, m.intercostalis interna, қабырға астылық бұлшықеттің,mm.subclavius фасциялық қабықшасынқұрайды.




Кеуде аумағында үш үшбұрышты ажыратады.
  • Бұғана-кеуде үшбұрышы, trigonum claviресtorale, бұғана мен musсulus pеctoralis minor-дың жоғарғы жиегі арасында орналасады.


  • Кеуде үшбұрышы, rigonum pectorale,musculus ресtoralis minor-дың проекциясына сәйкес.


  • Кеуде асты үшбұрыш, trigonum subpectorale, musculus pectoralis major et minor төменгі жиектерімен шектелген.


Кеуде аумағы, regiones pectorales, кішілеу келген бірнеше аймақтардан тұрады.


1. Кеуделік немесе емшектік аймақ, regio pectoralis seu mammilaris, төменде үлкен кеуде бұлшықетінің, m.pectoralis major, төменгіжиегі мен жоғарғышекарасы төменгі бұғаналық ойысымен, fossa infraclavicularis, шектеседі.
2. Төстік аумақ, regio sternalis, орталықсызықшаның бүйір қапталындаорналасқандықтан, кейде алдыңғы орталық аймақ депаталады.
3. Қолтық аумағы, regio axillares, құрамына қолтық шұңқырыкіреді.
4. Төменгі кеуделік немесетөменгі емшектік аумақ, regio infrapectoralisseu mamillaris, кеуделік аумақтың астында орналасқан. Төменде қабырға астылықаумақпен, regio hypochondriaca, шектеседі. Бұл аумақ кеуделік аумақтыңтөменгі межелік шекарасы болып саналады.
Бұл аумақтың практикалық мәні патологиялық жағдайларда жаралардыңнемесе ісіктердіңт.б. топографиялық орналасу орнын айқын анықтауға қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет