1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет128/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Шектесуі немесе жанасуы:қалқанша безімен, шелмаймен, төс тұтқасымен, айыршатбезбен,өңешпен.
Кеңірдектін құрылысы:
Кенірдектің қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар, ligg. annularia, арқылы өзара байланысқан 16-20-дайжартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, paries membranaceus, арқылы байланысқан. Кеңірдек жарғағының терең қабаты дәнекер тіннен және бойлық және көлденең орналасқан бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады. Кеңірдектің ішкі беті, шырышты қабық шырышты бездер, gll. tracheales, мен лимфа түйіндеріне өте бай, кірпікшелі эпителиймен қапталған. Сыртқы беті дәнекер тінмен, tunica adventitia көмкерілген.
Бронхтар
Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5-ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол басты бронхтарға, bronchi principals.
Оң басты бронх, bronchus principalis dexter, кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан, тіктеу, өту жолы кең және қысқа, 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Оң басты бронхтын ұзындығы шамамен 3 см-дей. Сол басты бронх, bronchus principalis sinister, он басты бронхыға қарағанда бұрыш құрап, ұзындау және жіңішкелеу келіп, 9-12 сакиналы шеміршектерден тұрады.
Оң басты бронх доғатәрізді иіліп, жоғарғы куыс венаға, v. cava superior, бағытгалған сыңар венамен, v. azygos шектесіп, сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен, arcus aortae, беттесіп орналасқан. Шырышты қабығы сұрғылт түсті, кеңірдектің бөлінген ішкі бетінде еркін козғалатын қыры, саrinа болады.
Өкпе және басты бронхтар
Өкпе pulmonaes бір-бірінен көкірекаралық ағзалармен бөлінген өкпеқаптарда орналасқан. Өкпеде, көкеттік facies diaphragmatica, қабырғалық facies costalis, көкірекаралықтық facies mediastinalis беттерді және ұшын apex pulmonis айырады. Көкірекаралық беттің, ортасынан жоғарылау сопақ пішінді ойыс өкпе қақпасы hilum pulmonis орналасқан. Ол арқылы өкпеге басты бронх, өкпе артериясы, нервтер кірсе, өкпе веналары мен лимфа тамырлары шығады. Аты аталған түзілістердің жиынтығы өкпе түбірін radix pulmonis құрады.
Қақпада басты бронхтар үлестік бронхтарға bronchi lobalis, олар өз ретінде сигменттік бронхтарға bronchi segmentales бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет