Білім беру саласы: «Шығармашылық» Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»



Дата06.01.2020
өлшемі22.01 Kb.
#447789
улы дала жети кыры

Тәрбиеші: Алтынова Перизат Ерланқызы

6- шы м.д «Тұлпар» тобы

№ 105 бөбекжай - балабақшасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»
Мақсаты:


  • Балаларға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада аталынған тарихымыз туралы түсіндіру.




  • ойлау қабілеттерін дамыту ,өздігінен жұмыс істеуге баулу,шығармашылық қабілеттерін дамыту.




  • Ауыз біршілікке, ұқыптылыққа бір - біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, үлгі суреттер, көрме.

Сөздік жұмысы: металлургия, Ұлы жібек жолы, аң стилі.

Көптілдік:

металлургия - metallurgy

жылқы – лошадь – horse

аң стилі – звериный стиль – animal style

алтын адам – золотой человек – golden man

бесік – колыбель – cradle


Ұлы Жібек жолы- Великий Шелковый Путь - Great Silk Road

алма – яблоко – an apple

қызғалдақ – тюльпан – tulip





Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің басқару әрекеті


Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Педагог балаларды жылулық шеңберіне шақырады.


Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар.




Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балаларды топқа бөлу:

  • Балалар менің



  • Балалар енді бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы не туралы болмақ екен, соны біз тапсырма орындау арқылы білейік.Сендердің алдыларындар бір сөз немесе цифр жазылған қағаз тұр, мен белгі берген кезде сол қағазды алып топ болып оқып, маған сөзді айтып беріңдер.




  • Оқып болсақ балалар маған қай топта қандай сөз шыққаның айтып беріңдерші.




  • Жарайсыңдар балалар мінекей біздің тақырыбымызда белгілі болды, енді біз «Ұлы даланың жете қыры» дегеніміз не екен? Неге жеті қыры деп аталынған және оларға нелер жатады екен? Соны білу үшін тақтаға мұқият назар аударыңдар.


Бейнекөрме

Бейнетаспа арқылы «Ұлы даланың жеті қыры» туралы түсінік беру





  • Балалар енді біз бүгінгі оқу қызметімізде Ұлы даланың жеті қырына байланысты заттар жасап көрейік, біз не жасайтынымызды білу үшін әр топ өз сандықшаларын ашып көрсе болады.

  1. - Топ қызыл сандықша:

«Пластмас қасықтан қызғалдақ гүлі»

Жасалу жол:

  • Пластмас қысықтың бастарын ермексазбен біріктіру арқылы гүл күлтелерін жасау, түтікшенің көмегімен сабағын , жасы түсті қатты картон қағаздан жапырақтарын жасау.

  1. -Топ сары сандықша:

«Қатты қағаз картоннан алма»

Жасалу жолы:

  • Алма пішінің қағаз бетіне бастырып алып, 7 бөлік қиып алу. Дайын болған пішіндерді ортасынан бүктеп, желімнің көмегімен бір- біріне біріктіріп жабыстыру, дайын қиылған жапырағын ортасына қарай жабыстыру.

  1. - Топ жасыл сандықша:

«Жұмсақ темірден қол әшекейлері»

Жасалу жолы:

  • Жұмсақ темірге түйме мен моншақтарды өткізу арқылы білезік жасау.

  • Жұмсақ темірді желімнің сыртына орап, жүзіктің пішінің шығару, ортасына моншақты қойып жүзік асау.

  1. Топ көк сандықша:

«Қатты картон қағаз, ермексаз бен жіптен жылқы жасау»

Жасалу жолы:

  • дайын қиылған жылқының пішінің көк түсті қағазға бастырып сызу, жылқы пішінің жіп және ермексаздың көмегімен толықтырып, сәндеу.



Сергіту жаттығуы: «Қара жорға» биі

Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, өз ара бағалату.




  • Балалар енді бүгінгі алған білімдерінді пысықтау мақсатында «постер қорғау» тапсырмасын орындайық.



Балалар өздеріне ұнаған текшелерді (қызыл, сары, жасыл, көк) түстеріне қарай алады. Әр текше түсіне сай қорапшалар қойылған парталарға барып топ болып отырады.

Әр топ өздеріне берілген сөз бен цифрды оқып айтып береді.



1 – топ: «Ұлы»

2 – топ: «дала»

3 – топ: «7»

4 – топ: «қыры»

Балалар интербелсенді тақта арқылы «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбына байланысты жасалынған презентацияны көре отырып түсінік жаңа тақырыппен танысады.


Әр топ өздеріне берілген тапсырманы тәрбиешінің түсіндіруі және үлгі сурет бойынша орындайды.

Әуеннің ырғағына қарай қимылдар жасайды.

«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбына байланысты өтілген мағлұматтарды игере отырып, берілген суреттердің ішінен тақырыпқа қатыстысын алып ақ қағазға жабыстырады.



Рефлексия

  • Балалар бүгінгі оқу қызметіміз не жайлы болды?

  • Ұлы даланың жеті қырынанелер жатады?

  • Біз бүгін қандай заттармен жұмыс жасадық?

Жарайсыңдар балалар, оқу қызметімізді бір керемет әсем әнмен аяқтайық.
Ән: «Қазақстаным»

Қойылған сұрақтарға өз ойларын толық жеткізіп жауап береді.


Шеңберге тұрып ән орындап, оқу қызметін аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет