13.Еркін аяқ сүйектері: ортан жілік, құрылысы.
Ортан жілік, os femur, адам қаңқасын құ- раушысүйектердің ішіндегі ең ұзын және жуан түтік тәрізді сүйек болып саналады. Бұл сүйектің денесі және проксимальды, дистальды ұштары ажыратылады.
1. Ортан жіліктің денесі,corpus ossis femoris, сыртқы пішіні цилиндр тәрізденіп, бұра- лып, алдыңғы беті алға қарай иіліп орналасқан. Алдыңғыбетітегістеужәнедөңестеуболыпкел ген. Артқы бетінде бұдырлы сызықшасы, linea aspera, айқын орналасқан. Ол сан бұлшықеттерінің бекитін жері болып саналады.
Топографиялық орналасуына қарай бұл бұдырлы сызықша: медиалді, labium mediale, және латеральды ернінен, labium laterale, тұрады.
а) Бұдырлы сызықшаның латеральды ерні, labium laterale, дистальды бағытта өтіп, ор тан жіліктің латеральды айдаршығына, condylus lateralis, ұласса, проксимальды ұшы бөксе бұлшық етінің бекитін бұдырына, tuberositas glutea, одан әрі ортан жіліктің ұршық аралық қырқасына, crista intertrochanterica, ұласады .
ә) Бұдырлы сызықшаның медиалді ерніне, labium mediale, келсек, олдисталды бағытта, ортан жіліктің медиалді айдаршығына,condylus medialis, ұласса, проксималды ұшы, өрлеме бағытта өтіп, қырқалы бұлшықеттің бекитін сызықшасына, linea pectinea, одан әрі ор тан жіліктің алдыңғы ұршық аралық сызық- шаға, linea intertrochanteria, ұласады.
Бұдырлы сызықшалар ортан жіліктің дистал- ды бөлігінде бір-бірінен алшақтап, орналасу нәтижесінде тақым астылық бетті, facies poplitea, құрайды.
2. Ортан жіліктің проксималь эпифизінде, ішке және жоғары қарай бағытталған басы, caput ossis femoris, және ортан жіліктің басын денесінен бөліп тұрушы мойыны, collum ossis femoris, орналасқан.
а) Ортан жілік басының шар тәрізді буын беті, жамбас сүйегінің ойығы мен беттесіп, жам бас буынын, articulatio coxae, құрайды. Сонымен қатар, буын басының проксимальды ұшында басының шұңқыршасы, fovea capitis ossis femoris, айқын байқалады. Бұл шұңқыршаның негізгі қызметі, ортан жілік басының жұмыр байламының, ligamentum capitis femoris, бекитін қаңқасы болып саналады.
ә) Ортан жіліктің мойыны, collium ossis femoris, фронталді жазықтықтың бойында, ал- дыңғы және артқы беті қысыңқылау келіп, әйелдерде денесімен тікбұрыш құрап орналасса,ер адамдарда доғал бұрыш құрап орналасқан. Ортан жіліктің мойнының денесімен бітіскен жерінде, бұл сүйектің бұдырлау және қомақтылау келген үлкен және кіші ұршығы орналасқан. Ортан жіліктің үлкен ұршығы, trochanter major, сүйектің проксимальды эпифизінің ұшында артқа және ішке қарай бағытталған.
б) Үлкен ұршығы кіші ұршықтың латеральды жағында орналасқан. Ортан жіліктің үлкен ұршығы сырттай сипап қараған- да айқын байқалады. Сонымен қатар, үлкен ұршықтың артқы бетінің ішкі қапталында, бұлшық еттер бекитін ұршық аралық шұңқыршасы, fossa intertrochanterica, орналасқан.
в) Ортан жіліктің кіші ұршығы, trochan ter minor, мойнының төменгі бөлігінің артқы бетінің медиалді қапталында орналасқан. Олар бір-бірімен, алдында ұршық аралық сызықша,
linea intertrochanterica, арқылы жалғасқан.
3. Ортан жіліктің дисталдық ұшы, epiphysis distalis femoris, көлденең жазықтықтың бойында, қомақтылау болып келген медиалді айдаршық, condylus medialis, пен латераль ды айдаршықтан, condylus lateralis,гұрады. Медиальды айдаршық, латеральды айдаршыққа қарағанда үлкендеу болып келген. Медиальды айдаршықтың ішкі беті мен ла- териалды айдаршықтың сыртқы бетінде, бұлшықеттер бекитін медиалді айдар- шықүстілік, epicondylus medialis, пен латераль ды айдаршықүстілік, epicondylus lateralis, орна- ласқан. Медиальды айдаршық үстіліктен жоға- рырақ санның ішке тартқыш үлкен бұлшы- қетінің бекитін төмпешігі, tuberculum adductorius, айқын байқалады. Ортан жіліктің айдаршығы басының буын беттері, бір-бірінен айдаршық аралық шұңқырша, fossa intercondylaris, арқылы бөлінсе, артқы беті, тақым бетінен, facies poplitea, айдаршық аралық сызықша, linea intercondylaris, арқылы шектелген. Айдаршықтардың алдыңғы беті, тегістеу болып тізе буынын қүрауға қатысушы тізе тобығының буын бетіне, faciespatellaris, ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |