1. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың рөлі. Акт стандарттары


мобильді қызметтер. Мобильді технологиялар



бет3/23
Дата07.05.2024
өлшемі75.19 Kb.
#500703
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
акт

8. мобильді қызметтер. Мобильді технологиялар
Мобильді технологиялар стандарттары
Мобильді технологиялар - кітапханалық-ақпараттық саладағы соңғы инновациялардың бірі. Бұл термин біраз уақыттан бері қолданыста. Мобильді кітапханалар мен мобильді кешендер көптеген елдер жүзеге
асырып келе жатқан қолданыстағы жобалардың бірі, Еуропа, АҚШ, Австралия, Африка және т.б. елдерде талай онжылдықтан бері қолданыста. Мақсаты - адамдардың қажеттіліктерін өтеу.
Мобильді технологиялар ұялы телефон пайдаланушының кез келген кажеттілігін қамтамасыз етеді, мысалы: жаңалықтар қарау, нарықтық акпараттан әлеуметтік қарым қатынасқа дейін, пайдаланушылық фото мен видионы айырбастау және өз контентін құру.

Мобильдік қосымша (ағылш. «мобильді қосымшасы») - смарт- фондар, планшеттер мен басқа мобильді құрылғыларда жұмыс істеу үшін арналған бағдарламалық қамтамасыз ету. Көптеген ұялы қосымшалар құрылғыда алдын ала орнатылған. Бастапқыда, мобильдік қосымшалар тек электрондық поштаны тексеру үшін пайдаланылады, бірақ жоғары сұраныс мысалы, ұялы телефондар үшін ойындар мен GPS, байланыс, бейне көру және интернет пайдалану сияқты басқа да салаларда, олардың тапсырмаларын кеңейтті.


9. Презентацияларды жобалау және құру
Презентация ұғымы (ағылшынша презентация) өзін таныстыру, есеп беру, жобаны ұсыну, есепті қорғау, жұмыс жоспары, дайын өнім мен қызметтер, іске асыру нәтижелерін бақылау, сұраныстар және т.б. Идеяларды, адамдарды және өнімдерді, шикізат пен қызметтерді ұсыну. Презентацияларды жасау үшін:
• PowerPoint бағдарламасын іске қосыңыз және презентация жасау жолын таңдаңыз;
• Auto Content Wizard көмегімен презентацияларды құру;
• Үлгілерді пайдаланып бос презентация жасау;
• Слайдқа мәтінді, кескіндерді, графикалық объектілерді кірістіру,
• PowerPoint бағдарламасындағы жұмыс режимдерінің мүмкіндіктерін ескеруді үйренейік.
10. Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың ролі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.
Электрондық оқу басылымы барлық оқытылатын ақпарат көлемін сақтау және беру мүмкіндігін беретін маңызды технология болып табылады. Оларды желі арқылы және оптикалық тасушылар арқылы таратуға болады. Электрондық оқу басылымы ақпараттарды графиктік динамикалық түрде ұсыну мүмкіндігін береді.
Ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құралады. Демек интерактивтілік дегеніміз - студент пен құралдар арасындағы екі жақты сұхбатты жүргізу. АКТ-лар арқылы кері байланысты ұйымдастыру студенттің әрекетіне бақылау мен түзету енгізумен, әрі қарай жұмыс жасауға нұсқау берумен, ақпаратты түсіндіретін анықтама алуға мүмкіндіктер береді. 
Интерактивтік – бұл дидактикалық құралдардың әрбір субьектінің өз нәтижесі үшін маңызды жауапкершілікке болуын қамтамасыз ететін және қарым-қатынас кезінде субьектілер арасындағы әрекет, өзара түзетулер қатынастар орнатуды көздейтін іс-әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті. Интерактивтік және бейімділік интерактив тақта (компьютердің қосымша құрылғылардың бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды, ақпараттық кескін мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал) арқылы да жүзеге асырылады. Одан басқа бағдарламалық құралдар - электрондық оқулықтар, электрондық дидактикалық материалдар, электрондық анықтамалар, электрондық энциклопедиялар, жаттықтырушы және дамытушы компьютерлік бағдарламалар да қолданылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесiне қолдану оның келесi мүмкiндiктерін бередi:
 студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне АКТ мүмкiндiктерiн қолдану;
 оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық iс-әрекеттiк компьютерлiк оқыту және т.б.);
 проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
АКТ құралдары - жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиа-технологияды қолдану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
ЖОО-да ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың мынадай жүйелері кездеседі:
 ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру;
 информатика, математика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша оқыту;
 бiлiм беру жүйесiнде АКТ-ды өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
 бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;
АКТ-мен жұмыс істеу компьютерді кеңінен пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интернет-сервистерді жан-жақты қолдануға, компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға негізделеді. АКТ-ны оқу үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі өте жоғары:
 компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік туады;
 студенттер мен оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды;
 білім-білік дағдылары тест тапсырмалары арқылы тексеріледі;
 шығармашылық жұмыстар жасалады;
 қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
 қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі болады;
 интернетте жұмыс жасау арқылы жан-жақты ақпарат алу;
 студенттер мен оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету және т.б.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесіне өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптысуына жол ашуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет