1. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың рөлі. Акт стандарттары



бет23/23
Дата07.05.2024
өлшемі75.19 Kb.
#500703
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
акт

Антивирустық программа – компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын әрі олардың кері әсерін (залалын) жоятын программа. Антивирустық программа негізгі екі топқа бөлінеді:
1) антивирустық сканер – қолданушының шақыруы бойынша немесе белгіленген уақытта іске қосылып, вирустарды тауып, емдейтін немесе жоятын программа;
2) антивирустық монитор – жадыда тұрақты сақталатын және барлық жүктелген программаларды вирусқа тексеретін программа.
Вирусқа қарсы программалар: докторлар немесе фагтар, ревизорлар, детекторлар, сүзгілер, вакциналар.
75. Электрондық цифрлық қолтаңба
Негізгі тақырыпқа көшпестен бұрын ЭЦҚ-ның не екенін және ол кәдімгі қол қоюдан қандай айырмашылығы бар екенін біліп алайық. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заң 2003 жылы қабылданған. Әрине, ол уақыттан бері біршама өзгерістер болды.Соңында заң өзгеріске ұшырап, бірнеше рет толықтырулар енгізілді. «Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану» заңының 10-бабына көңіл аударсақ: «Электрондық цифрлық қолтаңба жеке тұлғаның өз қолымен қойған қолына тең…», — деп жазылған, ары қарай сәйкестілікке қажетті жағдайлар келтірілген.
Сонымен, ЭЦҚ - кеңейтілген мүмкіндіктері бар өз қолыңның қолтаңбасы. Басқаша айтқанда, бұл сіздің заңды күші бар жеке шифрланған символдар топтамасы.
ЭЦҚ көмегімен қандай қызмет алуға болады?
Мемлекеттік қызмет және анықтама түрлерінің бірнеше түрін атап өтсек:

оны балабақша кезегіне тіркеу;

  • кредиттік карта көмегімен баж салығын төлеу;

  • зейнетақы тағайындау туралы ақпарат алу.

  • Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен еgov.kz сайтында көрсетілетін барлық қызмет түрін бір материалдың аясында түгендеп шығу мүмкін емес. Оған қоса, қажет еткен адам ЭЦҚ алмай тұрып-ақ басты парақшадағы барлық тараудан оқып білуіне мүмкіндік бар. ЭЦҚ-сы ұсынатын мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі білу үшін оны рәсімдемей тұрып үйреніп алу қажет. Сонда Электрондық үкімет порталын пайдалану неғұрлым саналы түрде болмақ. 

ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?
Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі:

  1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз

  2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз

  3. «Жеке куәлік» таңдаңыз

  4. ЖСН енгізіңіз

  5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз

  6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз

  7. Парольді орнатыңыз

  8. ЭЦҚ қолдануға дайын

Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет