53. Web-технологиялар
Интернеттен информация алу. World Wide Web жүйесінің негізгі түсініктері. Интернет серверлеріндегі қол жеткізуге болатын құжаттардың гипермәтіндік форматта жазылған. Осындай құжаттарды желі бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын Интернеттегі қызмет түрін World Wide Web деп атайды. WWW құжаттары бір орталықтан басқарылмайды, олар келіп түсіп жатқан мәліметтермен күнбе-күн толықтырылып отырады. Мұндағы барлық құжаттар Интернетке тұрақты қосылып тұрған қуатты компьютерлерде - Web серверлерде сақталады.
Web-арналар. Web тораптар берілген уақытта жаңартылған информацияны тіркелген клиенттерге автоматты түрде жеткізіп отырады. Осындай өздігінен информация беріп тұратын Web-тораптар арналар деп аталады.
Web-парақтар. World Wide Web жүйесіндегі жеке бір бетке орналасқан құжат Web-парақ деп аталады. Әдетте мәтіннен, графикалық иллюстрациядан, мультемедиялық және басқа да объектілерден тұратын күрделі құжат. Web-парақтар жасау үшін HTML тілі пайдаланылады. Web- парақтар жиыны Web-торапты құрайды.
Интерактивті Web-тораптар тұтынушыдан форма түрінде
информация алғаннан кейін сұратылған Web-парақтарды арнайы бағдарламалар (CGT сценарийлері), динамикалық HTML және басқа да құралдар көмегімен желі бойынша жібереді.
Гиперсілтемелер. Құжаттар арсындағы байланыс гипермәтіндік сілтемелер (немесе жай гиперсілтеме) арқылы орнатылады. Гиперсілтеме - басқа бір Web-құжат адресімен байланысып, ерекшеленіп белгіленіп тұрған құжат фрагменті (мәтін немесе иллюстрация). Құжаттар адресі. Интернет (Web-парақтар) құжаттары адресін жазу үшін URL адресі деген форма пайдаланылады. URL адресін цифрлар түріндегі IP-адреске түрлендіруді домендер аты қызметі (Domain Name Servise, DNS) жүргізеді.
Web-парақтарды көру құралдары. HTML тілі құжаттарды тек форматтап қана қоймайды, олардың логикалық құрылымын сипаттауды да жүзеге асырады. Алдын-ала дайындалған құжатты бір компьютерде форматтап көрсетуді арнайы бағдарлама-броузер (ағылшыншасы browser) орындайды. Қазіргі кездегі ең кең таралған броузерге Internet Explorer бағдарламасы жатады.
Internet Explorer бағдарламасымен жұмыс істеу. Бұл бағдарлама Интернетке пайдалануға болатын құжаттармен, Intranet корпорациялық желі ресурстарымен және компьютердегі файлдармен де бірдей тәсілмен қатынас құруды қамтамасыз етеді. Егер компьютер интернетке жалғанбай тұрса, бағдарлама іске қосылысымен экранға байланыс орнатуды басқаратын диалог терезесі шығады 15-суреттен көруге болады.
15-сурет. Internet Explorer бағдарламасының меню жолы мен аспаптар тақтасы
Web-парақтарды ашу және көру. Мәліметтерді көру мен оны басқару ісі басқа бағдарламалардағыдай меню жолы, аспаптар тақтасы және де ашылған құжаттағы екпінді элементтер, мысалы, гиперсілтемелердің көмегімен атқарылады.
Гиперсілтемелермен жұмыс істеу. Интернет ішіндегі мәліметтердің бірінен біріне ауысу URL адрестерін енгізу арқылы емес, гиперсілтемелерді пайдалану жолымен орындалады. Тышқан курсорын гиперсілтемеге жеткізгенде, оның формасы сұқ саусағы көтерілген қол бейнесіне айналады, ал гиперсілтеменің өзі броузер параметрлеріне байланысты көбінесе түсін өзгертеді.
Web-парақтарда графика арқылы да сілтеме жасауға болады (суреттермен бейнеленген сілтеме) немесе бір суреттегі бірнеше бөлікке бөліп, солардың әрқайсысын гиперсілтеме ретінде пайдаланатын бейне- карталарды да қолдану мүмкіндктері бар. Ашық тұрған Web- парақтардағы сілтемелерді біртіндеп көріп шығу үшін TAB пернесін басқан ыңғайлы. Гиперсілтемелердің басқа да қосымша мүмкіндіктерін пайдалану үшін жанама менюді қолданған жөн.
Бірнеше терезелермен жұмыс істеу. Internet Explorer бағдарламасында жаңа терезе ашу үшін Файл-Жасау-Терезе командаларын орындау керек. Әрбір терезе бір құжатты көрсетіп, олардың әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істей береді.
Броузер параметрлерін тағайындау. Бағдарламаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға байланысты болады:
компьютер мониторының мүмкіндіктеріне;
интернетпен мәлімет алмасу жылдамдығына; ағымдағы Web- құжат мазмұнына; жеке тұтынушының талаптарына және т.б.
Бағдарлама параметрлерін тағайындау Сервис-Свойства обозревателя командасы арқылы жүзеге асады. Оның диалог терезесінде бірнеше ішкі беттер бар және олардың әрқайсысында бірсыпыра батырмалар орналасқан. Егер экранда бейнеленетін құжаттарды толық бақылап отыру керек болса, онда Жалпы-Безендіру (Общие-Оформление) батырмасын пайдаланған абзал. Ол арқылы броузерде берілген форматтау параметрлерін тағайынау Қосылу (Подключения) ішкі беті арқылы орындалады. Интернетте жұмыс істейтін бағдарламаны таңдау Бағдарламалар ішкі беті арқылы орындалады.
Web-құжаттың ішінде вирус немесе басқа қаупі бар нәрселер болса, олардан қорғану Қауіпсіздік (Безопасность) ішкі беті арқылы жүзеге асырылса, мазмұнына байланысты көруге шек қойылатын мәліметтер болған жағдайда Мазмұны (Содержание) ішкі беттерін пайдалану қажет.
World Wide Web құжатары ішінен информация іздеу. Іздеу жүйесі осы жұмысқа арналған Web-торап болып табылады. Іздеу каталогтары тақырыптар бойынша іздеуге арналған.
Іздеу каталогтары базасына кіретін мәліметтер құрылымын реттеуді адамдар жүргізеді, ал іздеу индекстері үшін база жасау автоматты түрде орындалады.Web-порталды «World Wide Web-ке кіретін терезе» деп қарастыруға болады.Тақырыптық порталдар іздеу жұмысын тақырыптарды жіктеу арқылы жүргізуді де ұсынуы мүмкін.
Internet Explorer бағдарламасында іздеу жұмысын іздеу жүйелеріне кірмей- ақ орындауға болатын арнайы мүмкіндіктер бар. Бірақ іздеуге тапсырма берген әрине ыңғайлы.Іздеудің тағы бір мүмкіндігі Microsoft компаниясының минипорталын пайдалану болып табылады.Іздеу индексі берілген түйінді сөздер бойынша іздеу ісін ұйымдастырады.
Қандай информация табу керектігін - Web парақты ма, белгілі бір адамның адресін бе, мекеменің немесе компанияның Web-торабының алғашқы бетін бе, бұрын іздеген мәлімет пе немесе географиялық карта ма - осы жағын іздеу тәсілі анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |