5. Smart технологиялар
Smart ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады.SMART технологиясы — жүзеге асатын мақсаттарды қалыптастыру үшін заманауи тәсіл. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз.Педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады. SMART –мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі.
6. Деректер базасын әзірлеу
Деректер базасы – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар.Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады. ДББЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.
Деректерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің деректер базаңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, деректер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл деректер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, деректерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
Деректерді өңдеу – деректерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Деректерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
Деректерді басқаруда – сiз деректермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, деректерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
7. Бағдарламалық қамтамасыз ету. Операциялық жүйелер
Бағдарлама - магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадында жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін бағдарламалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру - пайдалану міндет- терін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың пакеті болып табылады.
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) -
компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа бағдарламалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған бағдарлама.
Достарыңызбен бөлісу: |