38. Операциялық жүйелердің дамуы
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) -
компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа бағдарламалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған бағдарлама. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару бағдарламалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай бағдарламаларын жазуға мүмкіндік
туғызды.
39. Күрделі үлкен көлемді мәтіндік құжаттармен жұмыс
40. Интерфейстердің даму перспективалары
41. Ақпаратық технологиялардың даму тарихы
42. Күрделі үлкен көлемді мәтіндік құжаттармен жұмыс
43. Деректер базасын жобалау және құру
44. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы
45. Google Docs-көмегімен аккаунттар құру.
46. Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі бағдарламалық қамтамасыз ету
47. Индустриялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қауіпсіздігі
48. Ақпаратты қорғаудың шаралары мен құралдары.
49. Кәсіби саланың міндеттерін шешудегі бағдарламалық қамтамасыз ету
Қолданушы бағдарламалауға жүгінбей-ақ, өзінің ақпараттық есептерін шеше алатын бағдарламалар қолданбалы бағдарламалар деп аталады.
Қолданбалы бағдарламалық қаматамасыз етудің жіктелуі:
− Кәсіпорын мен ұйымның қолданбалы бағдарламалық қаматамасыз етуі. Мысалы, қаржылық басқару, тұтынушылармен қатынас жүйесі, жабдықтау желісі. Бұл типке сондай-ақ кіші бизнес кәсіпорындарының ведомстволық бағдарламалық қаматамасыздандырулары, сонымен қатар үлкен кәсіпорындардың ішіндегі жаңа бөлімшелердің бағдарламалық қаматамасыздандырулары жатады;
− Кәсіпорын инфрақұрылымының бағдарламалық қаматамасыз етуі. Кәсіпорынның бағдарламалық қаматамасыздандыруын қолдау үшін жалпы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Бұл деректер базалары, электрондық пошта серверлері, желіні және қауіпсіздікті басқару және т.б.
− Ақпараттық қызметкердің бағдарламалық қаматамасыз етуі. Ақпаратты құруда және басқаруда жеке қолданушылардың тұтыну- шылығына қызмет етеді. Бұл, әдетте, уақытты, ресурстарды, құжат- таманы басқару, мысалы, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, электрондық пошталар мен блоктарға арналған бағдарламалар- клиенттер, дербес ақпараттық жүйелер мен медиа редакторлар.
− Имитациялық бағдарламалық қаматамасыз етуі. Ғылыми зерттеулер, оқыту немесе көңіл көтеру мақсатында физикалық немесе абстрактілі жүйелерді симуляциялау үшін қолданылады.
− Жобалауға және контрукциялауға арналған қолданбалы бағдарламалар. Аппараттық және бағдарламалық жабдықтауларды құрастыру кезінде қолданылады. Мұндай бағдарламаларға мыналар жатады: автоматтандырылған дизайн (computer aided design – CAD), автоматтандырылған жобалау (computer aided engineering – CAE), бағдарламалау тілдерін редакциялау және компиляциялау, құрастырудың интегралданған жүйе бағдарламалары (Integrated Development Environments), қолданбалы бағдарламалауға арналған интерфейстер (Application Programmer Interfaces).
Достарыңызбен бөлісу: |