15. Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер құру
16. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму перспективалары
Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шебер- лік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология- есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті.
Ақпараттық технология құралдары
Ақпараттық технология құралдарына техникалық, бағдарламалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады.
Ақпараттық технология жабдықтары
Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде бағдарламалық өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады.
Ақпараттық технологиялардың түрлері
− ауқымды;
− базалық;
− нақты ақпараттық технологиялар.
Ауқымды ақпараттық технология қоғамның ақпараттық ресурстарын бір жүйеге келтіретін және оларды пайдалану мүмкіндігін беретін әдістерден тұрады
Базалық - нақты бір қолдану саласына арналған
Нақты - пайдаланушылардың күнделікті міндеттерін шешу кезінде мәліметтерді өңдеуді жүзеге асырады
Ақпараттық төңкерістер:
Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты.
17. Телекоммуникациялық технологиялар
Телекоммуникация сөзінің өзі латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда қашықтықтағы байланыс дегенді білдіреді. Жалпы байланыс ортасына өзара ақпарат алмасуға қабілетті техникалық құралдар жиыны телекоммуникациялық жүйені құрады. Телекоммуникациялық жүйелер өз кезегінде мамандандырылған хаттамалар бойынша өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін және абоненттік құрылғылардың қатынауына қызмет көрсететін серверлерден тұрады.
Телекоммуникация (Telecommunications) - компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас.
Телекоммуникациялық жүйелерді құрастыруды екі топқа жіктеуге болады:
байланыс жүйелері
деректердіжіберужүйелері.
Байланыс жүйелері көпфункционалды телефон станциялары (сым
телефон), микроұялы байланыс (сымсыз телефония), транктік байланыс және радиоіздеуші ұялы байланыс (пэйджер, байланыстық басқа да түрлерінің интеграциясы) жүйелерін қамтиды.
Деректерді жіберу жүйелері жергілікті есептеуіш желілерін, корпоративті байланыс, көпхаттамалы және көп-сегментті желілердің интеграциясынан тұрады.
Қорытындылай келе, телекоммуникациялық жүйелерді құрастыруды басқару қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғам өмірі қызметінің кез келген салаларында сапалы және кең көлемде қолдануға, шаруашылық қызметін автоматтандыру үрдісін кешенді түрде жүзеге асырудың маңызды шарты екенін атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |