1. Ақпараттық блок. Тақырып: Іш қуысының хирургиялық ауруларымен жарақаттары



бет5/6
Дата11.05.2024
өлшемі36.93 Kb.
#500865
1   2   3   4   5   6
Іш қуысы 1 блок

Механикалық ішек жүрмеу. Странгуляциялық түрі өте қауіпті – жедел және ауыр түрінде өтіп ішек қабырғаларының бүзылуына әкеліп соқтырады. Обтурациялық түрінің ағымы жәй немесе жеделдеу.
Клиника: Ауру кенеттен ұстамалы түріндегі ауырғандықтан басталады.Жүрек айнуы, құсық және нәжіс пен газдың кідіруі байқалады.Аырғандық өте қатты, жайылған, үзаққа соылады. Шок және коллапс дамуы мүмкін.Құсық басында рефлекторлы,содан кейін ішектегі кідіріспен байланысты болады. Науқастың жалпы жағдайы прогресивті түрде ауырлауда – улану сусыздану белгілері айқын көрінеді.Іші үрленген. Перкуссияда – «шайкау шуы» - Скляров симптомы. Аускултацияда – басында-гиперперистальтика,содан кейін ішек перистальтикасы естілмейді.
Диагностика: рентгенологиялық зерттеуде – «Клойбер астаулары» - ішек ілімдеріндегі сұйықтық деңгейлері.
Жедел көмек,емдеу қағидалары - төменгі ішек жүрмеуінде консервативтік ем қолданылады: асқазан шаю, газ шығарғыш түтікті орнату, атропин, спазмалгон, прозерин, церукал дәрілерін енгізеді. Биік сифондық клизма орындайды.Екі жақтық паранефралды тосқауыл өткізеді.Улануға сусыздануға қарсы инфузиялық терапия өткізіледі.Консервативті емнің нәтижесі болмаса хирургиялық ем өткізеді. Көлемі себептеріне байланысты.
Ішек инвагинациясы – бір ішектің сегменті жақын орналасқан екінші ішектің ішіне енуімен өтетін ішек жүрмеуі.Жиі кездесетін ішек жүрмеудің түрі. Кішкене балалардың (4айдан-1 жасқа дейін аралықта) кездесетін ауру. Инвагинация түрлі жерде болуы мүмкін, бірақ ең жиі – мықын-соқыр ішек бұрышында болады. Сау күйіндегі балалар кенеттен тынымсызданып шалқалап айқайлайды, бозарады, құсық болуы мүмкін.5-10 минуттан кейін ұстамасы бітеді, бала тынышталады, бірақ 5-20 минуттан кейін үстамасы қайталанады.Осылай ұстамалары қайта-қайта қайталанып баланың жағдайы төмендейді.Адинамия, делсалдық, емуден бас тартады.
Жедел көмек,емдеу қағидалары консервативті ем нәтиже бермесе хирургиялық жолмен инвагинатты жазып көреді, егерде өліктенген бөліктері байқалса ішек бөлігін алып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет