Іш қуысының жарақаттары.
Іш қуысы мүшелеріне сыртқы механикалық әсерінен пайда болатын патологиялық жағдай. Мүшелердің зақымдалу сипатына орай ашық және жабық жарақаттары болып бөлінеді.
Іш қуысының ашық жарақаттарында іш қуысы мүшемен бірге іш қабырғасының өтпелі зақымдалуы болады. Яғни іш қуысы мен сыртқы ортаның байланысы пайда болады.
Жабық іш қуысы жарақаттарында іш қабырғасының бүтіндігі бүзылмайды.
Іш қуысы жарақаттары қатты қан кетумен(бауыр, талақ, ірі қан тамырлардың зақымдалуында), және іш пердесінің қабынуымен (әсіресе қуысты мүшелердің зақымдалуында; ішек,қуық,өт қуығы) қауіпті.
Іш қуысының жабық жарақаттың негізгі себептері: тікелей соққы, биіктен құлау, екі қатты нәрсенің арасына қысылу. Клиникалық көрінісі зақымдалған мүшеге байланысты.Паренхиматозды мүшелер зақымдалған кезде ауырғандықтан басқа ішкі қан кету белгілері дамиды.Ауырғандық оң жақ қабырға етегінде болып, перкуссияда бауыр тынық үлкейсе, бауыр зақымдалуын көрсетеді. Ауырғандық сол жақ қабырға астында болса талақ зақымдалуын көрсетеді.Екі жарақаттада «ванька-встанька» симптомы оң болады (науқас қырлы қалпын сақтауға тырысады). Қуысты мүшелер зақымдалса клиникасында өте қатты ауырғандық, іш қабырғасының қатаюы, айқын іш пердесі тітіркену белгілері пайда болады.
Диагноз қоюға кейде лапароцентезді өткізу қажеттілік туады.
Іш қуысының ашық жарақаттары.
Осы жарақаттар міндетті түрде іш қабырғасының барлық қабаттарының зақымдалуымен өтеді. Клиникалық көрінісінде жарадағы қатты ауырғандық, қан кету белгілері. Кейбір кезде эвентерация симптомы болуы мүмкін немесе жарада зақымдалған қуысты мүшенің сөлі табылады(өт,нәжіс,несеп..).
Жедел көмек, ем қағидалары: Ауырғандықты басатын дәрілерді енгізу,тыныштық орнату, жараларға асептикалық танғыш салу.Эвентерация болса шыққан мүшелерді өндеп оларға ылғалды, жылы орта түғызу мақсатында изотоникалық ерітіндіге малынған көп қабат дакі салфеткамен орау(қыста қатырып алмау,жазда кептіріп алмау) ережесін орындаймыз. Қан кетуде ішке салқын басамыз,қан тоқтататын дәрі енгіземіз.
Хирургиялық емнің көлемі жарақаттың түріне байланысты. Зақымдалған қансыраған талақты алып тастауға мәжбүрлік туады, қалған жарақаттарда мүшелерді барынша сақтауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |