1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер: жалғыз,біреу, жарты, жарым, егіз, қос, сыңар, ширек



бет67/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер: жалғыз,біреу, жарты, жарым, егіз, қос, сыңар, ширек.
Халықтық өлшемдер қарыс, сүйем, елі, құлаш,таяқтастам жер, сүт пісірім уақыт.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын сөздер бар. Олар: қос, егіз, жарты, жарым, жалқы, жалғыз, дара, сыңар, шақырым, т.б. Оларды лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай мағыналық топтарға бөлуге болады. Санның тура мағынасында қолданылатын сөздер:
тең жартысын білдіретін сөздер: жарты, жарым.
Мысалы: бір ұғымын білдіретін сөздер: жалғыз, дара, жалқы.
екі ұғымын білдіретін сөздер: сыңар, егіз, қос, нар.
төрттен бір мағынасын білдіретін сөз: ширек сөзі
салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: мысқал(1 грамм), қадақ(750 грамм).
көлем өлшемдерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс.
қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, қылыш сырты, елі.
ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем(14-15 см), құлаш.
қашықтық өлшемдерін білдіретін сөздер: адым, қадам, таяқ тастам, бір күндік жер, айшылық жол.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографисының қызықты салаларының бірі. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей, халық өлшемі – анық өлшем десек, қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып, сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Халық өлшемдерінің негізгі түрлері мыналар: - салмақ өлшемі; - көлем өлшемі мен мөлшері; - ұзындық өлшемі; - қашықтық өлшемі; - уақыт және мезгіл өлшемдері. Халқымыз салмақ өлшемдерін былайша жіктеген: мысқал (0,4г), қадақ (750 г), келі (1 кг), пұт (16 кг), батпан (100 кг). Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың санын, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос уыс, бір тілім (нан), бір түйір, бір қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір топ (адам), бір сандық, бір қалта. Мал саны мен мөлшерін де осылай ажыратады, яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір... Заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шынашақтай, жұдырықтай, құмалақтай, алақандай деген теңеу сөздерді де қолдана береді. Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып, оны мөлшерлеп есептейді. Халық қалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбінесе жылқы қазысының жұқа, қалыңына қарай айтқан. Айталық, бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3-5мм шамасы), шынашақ, елі, бармақ (бұлар 1-2,5см), екі елі..., сере, табан (7-10см) т.с.с. басқа заттардың қалыңдығы көбінесе саусақ қыры – елімен өлшенеді. Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемдерді білдіреді. Ұзындық өлшемдері бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды, атаулары: бір елі (1-5см), екі елі, үш елі..., тұтам, сынық сүйем (14-15см), сүйем (17-18см), қарыс, кере қарыс (20-22см), кез (50 см), аршын (75см), құлаш (1,8-2м), т.б. балтасап, кебіс басындай деген балық өлшемдері де бар. Қашықтық өлшемдері: адым (қадам) (1м), таяқ тастам (10-15м), әй дейтін жер (100м), дауыс жететін жер (250-300м), шақырым (1км), иек асты, бір төбе астында (4-5км), козы көш (5-6км), көз ұшында (6-7км), тай шаптырым (4-5км), құнан шаптырым (8-10км), ат шаптырым (25-30км), бір күндік жер, айшылық жол т.б. бұл межелер ауыл ішінде бұл күндері де жиі айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет