1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет2/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

4. Сұхбаттарды оқыңыз.
1)- Сәлеметсiз бе?
- Сәлеметсiз бе?
- Менің атым Юра. Сіздің атыңыз кім?
- Менің атым Айдана.
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
***
2)- Сіз Сергейсіз бе?
- Иә, мен Сергеймін. Ал сіз кімсіз?
- Менің атым Санжар. Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
***
3)- Сәлем!
- Сәлем!
- Таныс болайық, менің атым Самат.
- Таня. Өте қуаныштымын!
***
4)- Сәлеметсiз бе?
- Сәлеметсiз бе?
- Сiзбен танысуға бола ма?
- Әрине. Менiң аты-жөнiм Айдана Серікқызы. Ал сiздiң аты-жөнiңiз кiм?
- Менiң аты-жөнiм Юрий Сергейұлы.
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де танысқаныма қуаныштымын.
- Сау болыңыз, Юрий Сергейұлы.
- Кездескенше, Айдана Серікқызы!
***
5)- Танысайық! Сенің есiмiң кiм?
- Менiң есiмiм Айгүл . Ал сенің ше?
- Менiң есiмiм Самал. Танысқаныма өте қуаныштымын!
- Самал, сен студентсің бе?
- Иә, мен студентпін. Сен ше?
- Мен де студентпін.
- Келесі кездескенше, Айгүл!
- Көріскенше, Самал!
***
6)- Сәлеметсiз бе, Катя?
- Қайырлы таң, Виктор!
- Таныс болыңыз, Катя! Бұл бiздiң жаңа әріптесіміз. Аты-жөнi – Марат Серікұлы.
- Өте жақсы!
***
7)- Виктор, анау кiм?
- Ол менiң досым.
- Оның аты кiм?
- Оның аты Сергей.
- Ол жұмыс істейді ме?
- Жоқ, ол студент.
***
8)- Сара, бұл кім?
- Бұл менің құрбым. Танысып қойыңыз.
- Оның аты Жанат па?
- Жоқ, оның аты Айжан.
- Айжан, сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Менің атым Санжар.
- Танысқаныма қуаныштымын!

5. 
Бос орынды толтырыңыз.
- Кеш жарық!
- ____________________
- Танысайық, менің _____________ Арман. Сенің атың кім?
- Менің __________ Динара.
- Танысқаныма ______________ !
- ___________________ .

- Қайырлы күн, Света!


- ____________________, Марат!
- Сізді көргеніме өте қуаныштымын!
- Мен де. ____________________?
- Тамаша! Өзіңіз ше?
- ____________________
- Сау болыңыз!
- ____________________!
- ____________________, Арман!
- Кеш жарық, Андрей!
- ____________________?
- Рақмет, өте жақсы. Өзің қалайсың?
- ____________________! Не жаңалық бар?
- Айтарлық ештеңе жоқ.
- Жарайды, сау бол!
- Көріскенше!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет