1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Көп нүктенің орнына етістіктің сөз тудырушы жұрнақтарын қойып, туынды етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер



бет64/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына етістіктің сөз тудырушы жұрнақтарын қойып, туынды етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Жастарды балалықты тас...п, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, - деп сендіреді. Абай. Пайдалы қазбаларды із....у, бар...у, суретке түсіру т.б. салалардағы инженер-геологтар. Кен қоры мен сапасы анық...лады. Оларды ашып, халық игілігіне жұм...у, негзігі міндеттердің бірі. Бұлар белгі..ген соң ғана арнайы тәсілмен кен қазыла бас...йды.
Керекті жұрнақтар: -та, -ла, -де, -та, -са, -ле.


2-тапсырма.Тиісті сөздерді орнына қойып, көшіріп жазыңыздар.
Мектептің ... кітапхана бар.
Үстелдің ...оқулық жатыр.
Қаланың ... өзен ағып тұр.
Үй ... тап-таза.
Есік ... гүлдер өсіп тұр.
Аяқ ... кілем төселіп жатыр.
Ол тақтаның ... келіп тұрды.
Мұғалімнің ... оқушылар отыр. 
Керекті сөздер: жанында, асты, үстінде, қасына, ішінде, маңы, алды, сыртында


3- тапсырма, Мәтінді түсініп оқу. Орысшаға аудару. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен теріп жазу.
Ақылды үй (smart home, немесе home automation) —әрекеттерді орындауға және адамның араласуынсыз белгілі бір міндеттерді шеше алатын үй құрылғыларының жүйесі. Мұндай әрекеттердің ең көп таралған мысалдары: шамдардың автоматты жанып-өшуі, автоматты жылыту және ауаны тазарту, өрт және басқа төтенше жағдайларда автоматты түрде үй иесіне хабарлама жіберу.


4- тапсырма.Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлем құраңдар.
Үсті, асты, алды, арты, жаны, қасы, сырты, іші, арасы, ортасы


СӨЖ: Сын есімі бар бес мақал-мәтел жаттау.
ОСӨЖ: «Менің ақылды үйім» тақырыбына эссе жазыңыз.
Орта деңгей (В1)
7-апта
Өз өлкеңді таны.
Жалпы және жалқы зат есімдер, деректі және дерексіз ұғымдардың атауы. Күрделі атауларда тәуелдік жалғауының қолданылауы.
Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған - туыс, жора - жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде мол. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен — ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал — мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді.
Өздерінің кіндік кескен, туып — өскен мекенін қастерлей, оның тыныс — тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағын бәрінен артық көруге хақылымыз. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Меніңше, әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет