1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Төмендегі Н.Ә. Назарбаевтың нақыл сөздерінен модаль сөздерді тауып, мәнін ажыратыңыздар



бет105/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

2-тапсырма. Төмендегі Н.Ә. Назарбаевтың нақыл сөздерінен модаль сөздерді тауып, мәнін ажыратыңыздар.
++++
Азаттық алумен іс бітпейді. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін заманға сай амалың болуы керек екен.
++++
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
++++
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. 
++++
«Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет. Сондықтан да тәртіп пен еңбек сапасы айрықша маңызға ие болуда». 


3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің бастауышын қаратпа сөзге айналдырып, қайта құраңыздар.
Балалар ғарышкерлермен кездесуге мұқият дайындалды. Оқушылар үнемі спортпен шұғылданады. Нұрлан ертең маған қызық кітап әкеледі. Жастар құштарлықпен білім алып жатыр. 
СӨЖ: Денсаулық туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді еске түсіріп жазыңыздар.
ОСӨЖ: «Денсаулық – тазалық кепілі» тақырыбына эссе жазыңыз.
Базалық деңгей (А2)
12-апта
Студенттік асхана және дәмхана
Сапалық және қатыстық сын есімдер

Студенттік шақта денсаулықты сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.


Дұрыс тамақтану ережелері:
1)тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
2)тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн;
3)таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1.Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2.Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3.Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
4.Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет