1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Төмендегі мезгіл атауларын сәйкестендіріп жазып шығыңыз



бет110/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Төмендегі мезгіл атауларын сәйкестендіріп жазып шығыңыз.

Күн шығар алдындағы мезгіл атаулары

Екінді, намаздыгер, құлама бесін

Күн көкжиектен көтерілген мезгілдің атаулары

Ақшам, ымырт, намазшам, кеш

Күннің орта мезгілінің атаулары

Іңір, жарым түн, түн ортасы

Күн еңкейген мезгілдің атаулары

Сиыр сәске, ұлы сәске, сәске түс

Күн ұясына бата бастаған мезгіл атаулары

Таңсәрі, құланиек, құлансәрі

Түн мезгілінің атаулары

Тал түс, шаңқай түс



2-тапсырма. Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдерін пайдалана отырып, олармен сөйлем құрап жазыңыз.
Ас пісірім. 2 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.
Ет асым. 2,5-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.
Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт.
Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнайтындай мерзім.
Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем.


3-тапсырма. Мақалдарды көшіріп жаз. Барыс септікте тұрған сөздердің астын сыз.

  1. Еңбекшіге әр күн сәт,

Еңбексізге бір күн сәт.

  1. Жалқауға күнде той.

  2. Біткен іске сыншы көп,

Піскен асқа жеуші көп.

  1. Тілге құрмет – елге құрмет.

  2. Жауға жалынба,

Досқа тарылма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет