1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет112/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак




Шарт мәнді сөйлемдер.
Жекеше Көпше
І Мен тыңда+са+м Біз тыңда+са+қ
ІІ Сен тыңда+са+ң Сендер тыңда+са+ңдар
Сіз тыңда+са+ңыз Сіздер тыңда+са+ңыздар
ІІІ Ол тыңда+са Олар тыңда+са


1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, шарт мәнді сөйлем жасаңыз.
1.Алтау ала .... ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел .... төбедегі келеді.
2.Ел болам ...... бесігіңді түзе.
3.Қазаншының еркі бар қайдан құлақ .....
4.Еңбек ..... ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
5.Ойнап ....... де, ойлап сөйле.
6.Әзіл ...... да, әділ айт.
7.Ұлық ..... кішік бол.


2-тапсырма. «Адам болам десеңіз...» немесе «Егер мен миллионер болсам...» тақырыптарында шағын диалог құрастырыңыз.


3-тапсырма. Мына сөйлемдерді үлгі ретінде ала отырып, бірнеше шарт мәнді сөйлемдер құрастырыңыз.
Асан бүгін кітабын оқыса, ертең кітапханаға тапсырады. Самал Гүлнұрға барса, ол әлі үйіне келмепті. Ертерек айтсамшы, бұлай болмас еді. Білгеніңді айтсаңшы, бәрін қазбалап қайтеді.


СӨЖ: Қазақстандық сән дизайнерлері туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Қазақ халқының сән өнері» тақырыбына эссе жазыңыз.
Қарапайым деңгей А1
13-апта
Киім дүкені,сауда орталықтары.
Етістіктің шақ формалары. Нақ осы шақ. Нақ осы шақтың болымсыз түрі. Қалып етістіктердің қолданысы


Париждегі «Ранжис» пен Мадридтегі «Мерко-Мадридке» ұқсас ірі сауда орталығы енді Нұр-сұлтанда да бой көтермек. 2019 жылдың екінші тоқсанында толық пайдалануға берілетін көп салалы сауда-логистикалық орталықтың алғашқы қадасы өткен сенбіде қағылып, оның іргетасына капсула қойылды. Бұл салтанатты шараға Нұр-сұлтан қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Бүгінде Астана қаласында 25 сау­да базары бар. Оның 8-і белгілі бір тауарларды ғана сатса, 15-і – әмбебап. Қалған екеуінің біреуі – комму­налдық, екіншісі көтерме сау­да­­мен айналысады. Мұның бәрін жік­теп отырған себебіміз, осы базар­ларда сатылатын заттың бәрі, атап айт­қанда, азық-түліктен бастап, киім-ке­шектер, тұрмыстық бұ­йым­­дар, құрылыс заттары, тіпті автокөліктердің сатылымына дейін осы көп­­ са­лалы сауда-логистикалық орталықтың бойына жинақталатын болады. Бұл нысанның іші үш үлкен ай­маққа бөлінбек. Біріншісі әрі ең бастысы – мұнда экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік сататын ірі базар орналасады. Онда тек ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің барлық түрі қойылатын болады. «Астана қаласы әкімдігінің қол­дауымен «ӘКК-Астана» АҚ-мен бірлесіп, қазірден бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру­шілермен жұмыс істеп жатырмыз. Біз ешқандай делдалсыз, тікелей келісімдер жасайтындықтан өнім­дердің сатылымдағы бағасы әлде­қайда арзан болады. Өндіру­шілерге де жағдай жасалып, оларға сауда павильондарындағы орын жеңілдетілген бағамен ұсынылатын болады» дейді украиндық инвестор компанияның басқарушы директоры Вячеслав Запорожец. Бұл базардың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрді құрамақ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет