1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Көп нүктенің орнына шығыс септік жалғауларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой



бет111/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына шығыс септік жалғауларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.
1. Арман сабақ... үйге қайтты. 2. Мен Ғалия... хат алдым. 3. Орындықты ағаш... жасайды. 4. Бала ит... қорқады. 5. Дәріхана сағат он... жұмыс істейді. 6. Анам маған жібек... әдемі көйлек тікті. 7. Концертке жүз... астам оқушы жиналды. 8. Әжем дүкен... келді. 9. Біздің ауылға қала... жас маманды жіберді. 9. Бала әкесі... үлгі-өнеге алады.


СӨЖ: Өлшем атауларының шығуы (мағлұмат).
ОСӨЖ: «Қазақ халқының уақыт өлшемдері» тақырыбына эссе жазыңыз.
Жоғары деңгей (С1)
12-апта
Сән әлемі: киім дизайнерлері.
Шарт мәнді сөйлемдер

Отандық сән әлемінде ерекше көзге түсіп жүрген дизайнердің бірі – Ая Бапани. Ая Бапани киім үлгілерін ұлттық нақышта сәндеп жүр. Жас дизайнер тек спортта ғана емес, сән үлгісінде де ел мәртебесін арттыруға болатындығын дәлелдеді.


Жас әрі талантты дизайнердің өз ерекшеліктері бар. Ол қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық ою-өрнектерін әлдеқайда тартымды екенін өз туындыларында дәлелдеп жүр. Ол ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін шетелдік сән көрсетілімдеріне шығарды. Нәтижесі де жоқ емес. Туындыларына жоғары баға алған атақты дизайнердің киімдері жоғары сұранысқа ие.
Аида Кауменова – жас дизайнер. Оның «AidaKaumeNOVA» брендтті жеке маркасы отандық жұлдыздар арасында танымал. Бұл бренд тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да шетелдерден өз орнын алып жүр.
Дизайнер 2002 жылы Италияға барып шеберлігін жетілдіре түсті. Арт-директордың мамандығынан кейін Аида «AidaKaumeNOVA» сән үйін құрды.
Салтанат Баймұхамедова ерекше сән үлгісімен танылып жүрген жас дизайнерлердің бірі. Отандық сән индустриясының жарқын өкілі сән әлеміне 2000 жылы келген болатын. Шетелдік сән аренасы жас дизайнерге ерекше шабыт берген болатын. Париждегі сапарынан кейін Салтанат Баймұханова «Salta» брендімен нарықта таныла бастады.
Бүгінгі күні «Salta» сапалы, әрі қолжетімді бағадағы pret-a-porter әйелдер киімін шығарумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет