1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма Төмендегі сөздерді мағыналарын қарай топтап, олардың қай пәннің атаулары екенін айтыңдар



бет122/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма Төмендегі сөздерді мағыналарын қарай топтап, олардың қай пәннің атаулары екенін айтыңдар.
Дыбыс. Қосу. Жапырақ. Тау. Пионер. Тамыр. Көбейту. Екпін. Бастауыш. Глобус. Кесте. Карта. Сөз. Әріп.


2-тапсырма Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріңдер.
Сырдың суы сирағынан келмеу, қонышынан басу, аяғы аспаннан келу, бармақ басты, мойнынан су кету,қабақ шыту, ит болды, қоян жүрек, тайға таңба басқандай, тасбақа жүріс, қой ауызынан шөп алмас.


3-тапсырма Төмендегі мақал – мәтелдерді оқып, олардың қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріңіз.
Таспен ұрғанды аспен ұр. Елінен кетсе, ер – жетім, егінші кетсе, жер – жетім. Құлқынның құлы болғанша, халқыңның ұлы бол. Өзі өтірікші өзгенің шын сөзіне сенбейді. Көліне қарай – қазы, қасына қарай – жазы. Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде. ( Мақал – мәтелдер)


4-тапсырма Омоним сөздерді тауып, қай сөз табынан жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Үлгі: Жағам дейсің қара ( сын есім) Әліңе бірақ қара. ( етістік) 1. Күйе, күйе, күйе ме? Күйеге қолым күйе ме?(... ...) 2. Жоғалсаң да атың, Жоғалмасын атың. ( ... ...) 3. Айыбымды кеш, Келсем де үйге кеш. (... ...) 4. Дәл осы орында, Сабағыңды орында. (... ...) 


Қарапайым деңгей (А1)
14-апта
Көркем мінез
Есім сөздердің қолданысы
Мінез –адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Мінез грекше-характер деген мағынаны білдіреді.Өзіне деген қатынас: өзімшіл, сыншыл, заттарға ұқыпты, қызметіне адал болуы мүмкін.
Адам өмірі – іс — әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көз — қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. 
«Жақсы мінез – жан сұлулығы» деген бұрынғыдан қалған нақыл да мәлім.. Қарапайымдылық, адамгершілік, адалдық, өзгелерге жақсылық жасау, әрқандай қиындыққа сабырлылық таныту сияқты жақсы қасиеттердің бәрін бір ауыз сөзбен көркем мінез дейміз.
Ал кісіні менсінбеу, сабырсыз болу – біздің діннен емес. Атамыз қазақта «Тәккапарды Тәңірі сүймейді», «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп жастарды жан сұлулығына баулып отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет