Зат есім. Ссын есім. Сан есім
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
СЫН ЕСІМ
Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін білдіретін сөз табын сын есім деп аталады. Сын есімнің сұраулары: қандай?қай?
Мағынасына қарай сын есім:
Түр, түсті білдіреді: ақ, сары, көгілдір.
Сапасын, күйін білдіреді: жақсы, жаман, тәуір, ыңғайлы.
Көлемін білдіреді: биік, аласа, кең.
Дәмін білдіреді: қышқылтым, тұщы, дәмді.
Құрылысына қарай сын есім:
Түбір күйінде заттың, нәрсенің сынын, сапасын білдіретін сапалық сын есім. Мысалы, қара, қаралау, қап-қара.
Өзге сөз таптарына сын есім тудырушы жұрнақ жалғау арқылы жасалып, нәрсенің сындық, сапалық қасиетінің бір затқа қатысты екендігін білдіретін қатыстық сын есім. Мысалы, ауылдық, кекшіл, сабырлы.
Сын есім тудыратын жұрнақтар:
-қы,-кі,-ғы,-гі (мекендік, мезгілдік ұғымы)
-лы,-лі,-ды,-ді.-ты,-ті (басымдылық ұғымды білдіреді)
-сыз,-сіз (болымсызлық ұғымы)
-шыл,-шіл (кішірейту, салыстыру ұғымы)
-шаң, -шең (киім-кешек атауы, адам қасиеті)
-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік-
-дай,-дей,-тай,-тей.
Сан есім заттың санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы. Сан есімнің сұрақтары: қанша? неше? Сан есімнің өзге сөз таптарынан жасалмауы оның өзіндік ерекшелігі болып табылады.
Сан есім тұлғасына қарай дара сан есім (бес, жүз, мың) және күрделі сан есім (оннан бір, он бес, екі мың отыз) болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |