1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет78/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Тілек мәнді сөйлемдерге -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен тіркестерінің жалғануы арқылы жасалады. Менің. оқы-ғы-м келеді. ... Мысалы: сендер оқысаңдар игі еді; олар оқыса игі еді т.б.
Біріккен сөздер -екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б.


1-тапсырма.Біріккен сөздер қатарын толықтыр.
1.Аң, құс, жәндік аттары: Тасбақа,.......................................................................
2.Кісіаттары:Ботагөз, ................................................................................................
3. Жер, су атаулары: Қызылорда,.........................................................................
2-тапсырма: Берілген сөздерден атаулы сөйлем құра.
1.Түн, пәтер, Ахметтің, қраңғы.
2.Ақ, қалың, қар, дала, жамылған
3.Аяз сақылдаған сары. Уақыт кешкі
4.Жайлау кең. Ауылы Абай
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.
Тірек сөздер: биіктігі, бөлмелеріне, кесенесі, кітабына, сүйектері, есік, жатқан, әкімшілігіне, халықтар, маңында, жақсы.

Қожа Ахмет Иасауи ... Түркістан қаласында орнатылған. Ғимараттың-... 37,5 метр. Кесененің жекелеген ... әйгілі адамдардың ... қойылған. Ағаш ... оюмен өрнектелген. Кесене ЮНЕСКО-ның Қызыл ... енгізілген.


Бұл аймақты түркі тілдес ... мекендеген. Іргелес ... қалалар көптеген шапқыншылыққа ұшырады. Түркістан ... егіншілік кәсібі ... дамыды. Жас қалалар Түркістан ... қарады.


БАӨЖ: Өзыңыз тұратын жердегі тарихы және мәдени мұралар жайында әнгімелеңіз


8-апта
Жоғары денгей
1.Қазақстандағы туристік нысандар
2. Лексика-семантикалық топтарды құрайтын деректі-дерексіз,жинақтау мәнді сөздердің қолданысы
Қазақстандағы туристік нысандар
Туризм (франц. tourіsmetour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхатделінеді.
Қазақстандағы негізгі туристік нысан түрлері Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты сан алуан болуына орай ондағы туристік ресурстар да түрлі болып келеді. Мысалы, табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, рухани, әдеби, сондай-ақ, өзге де түрдегі нысандар бар. Бірақ, Қазақстандағы туристік нысандар негізгі 3 топқа бөлінеді: табиғи-сауықтандыру нысандары, тарихи-археологиялық нысандар, тәуіп ету орындары. Табиғи-сауықтандыру нысандарына Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл,Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, Алтай бөктері, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау және тағы да басқа табиғи нысандар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет