- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке адамдармен өзара әрекетін құрайтын әлеуметтік топтың толығымен дайындығын қалыптастыру;
- жалпы білім беру ортасына ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды біріктіру технологисын өңдеуге бағытталған инклюзивті білім беру мәселесі бойынша кең түрдегі ғылыми жұмыстарды жүргізу;
- балалардың психофизикалық бұзылыстарын анықтауға арналған скрининг негізінде түзетушілшілік-педагогикалық көмек көрсетуді және ерте көмек көрсету жүйесін жетілдіру және психофизикалық дамуының артта қалу қаупі туғанда психологиялық-педагогикалық-медициналық консультацияларға өз уақытында жіберу;
- мүгедек балаларға түзетушілік-дамытушылық оқытуды енгізудің орта жалпы кәсіптік білім беру вариативті жүйесін қалыптастыру;
- аталған категориядағы балалар оқитын жалпы білім беру мектептерінің іс-әрекетін регламентациялауға нормативті-құқықтық құжатнамаларды енгізу және өңдеу;
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне біріктірудің жағдайларын туғызатын жалпы білім беру мектептеріндегі ГОСА-ғы өзгерістер;
- жалпы білім беру ұйымдарын арнайы оқулықтармен және құралдармен қамтамасыздандыру;
- жалпы білім беру ұйымдарын жоғары сапалы мамандармен қамтамасыздандыру түзетушілік-педагогикалық іс- әрекетті жүзеге асыратын педагог дефектологтар және дағдылары жеткілікті жұмыс жүргізетін педагогтар.
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың білімін басқару сапаларын жақсарту мақсатында жалпы білім беру үрдісінде коммуникативті және ақпараттық технологияларды енгізу;
- дамуында ауытқуы бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық және консультативті көмек көрсету, олармен бірге жалпы мектепте және балабақшада жұмыс істейтін мұғалімдерге, ата-аналарға қызмет ететін арнайы білім беру ұйымдарына мәліметтер сонымен бірге түзетушілік ұйымдар жалпы білім беру мектептерінің педагогтарына әдістемелік көмек көрсету;
-балалар мен олардың ата-аналарын психологиялық педагогикалық және консультативті түзетушілік көмекті қамтамасыздандыратын оқу-әдістемелік орталықтардың қызметтерін атқару;
- дамуында ауытқуы бар балаларды тұлғалық әлеуметтендіруге және тірбиелеуге қоғамда өз бетінше өмір сүруге бағытталған әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жасау қажет.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына қол жеткізуді қамтамасыздандырудың бірден-бір жолы әлеуметтік және педагогикалық интеграциялаудың вариативті моделдерін жүзеге асыру. Интеграциялаудың тиімді маңызды жағдайы инновациялық білімділік-тәрбиелік ортаның әдіснамалық дамуын жіне мазмұнын өңдеу ғана емес сонымен қатар психологиялық педагогикалық қамтамасыздандырудың сауаттылық жүйесінің ерекшелігі жатады, оған мүмкіншілігі шектеулі баланың дамуында жүретін жүйелі бақылаудан басқа қоршаған ортамен жүзеге асырылатын түзету мен оқытудың жеке бағдарламасын өңдеу кіреді. Педагогтардың, ата-аналардың және мамандардың бірлесіп жұмыс жасауы біріктіріп оқыту мәселесін шешуде маңызды орын алады, себебі оқу тәрбие үрдісінің негізінде қалыпты балардың дамуына оқуына және тәрбиесіне секілді дамуында ауытқуы бар құрдастармен дәл осындай жұмыс жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |