Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар – бұл ақпаратты алу жəне тасымалдау, өңдеу, сақтау, жинау алгоритмі мен əртүрлі тəсілдері, əдістерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі енгізілмеген. Өйткені, ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану, тағы бір технологиясын – ақпараттандыру технологиясының бір бөлігі болып табылатын, білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды медицинада, əскери істе жəне адам əрекетінің басқа да аясында қолдану технологиясы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Осы қолдану аясында ақпараттандыру технологиясының өзінің ерекшеліктері бар. Мысалы, ақпараттық жəне телекомуникациялықтехнология ретінде қарастырылатын Интернет технологиясынайтуға болады. Мұнда, білім беруде Интернетті қолдану технологиясын ақпараттық жəне телекомуникациялық технология ретінде емес,білім беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде есептеу орынды.
Қолмен орындалатын гипермəтіннің басқа нұсқасы – бұл қағазғабасылған анықтамалық кітап, мəселен, сөздік немесе энциклопедия. Мұндай кітаптарда жарияланатын мақала немесе анықтаманың бір-біріне сілтемесі болады. Осы сілтемелердің негізінде оқырман толық жəне өзара байланысты ақпаратты ала алады. Бірақ мұнда оқырманға сілтеме көрсетілген мақаланы іздеу үшін беттерді парақтау қажет емес.
Гипермəтін сөзін гипермедиалық болып табылатын жүйе деп атау тегін емес. Гипермəтін жəне гипермедиа сөздері өзара синонимдес сөздер.
Гипермəтіндегі гиперсілтеме ретінде:
- терминдер жəне ұғымдар сөздігіне сілтемелер;
- статикалық иллюстрацияларға сілтемелер (бейнелейтін жəне шартты-графикалық);
- мультимедиалық ақпарат элементтеріне сілтемелер (анимациялық үзінділер, аудиожазбалар жəне бейнеүзінділер);
- хрестоматиялық, анықтамалық жəне қосымша материалдарға сілтемелер;
- мəтіннің құрылымдық элементтеріне сілтемелер (кіріспе, тақырып нөміріне, бөліміне жəне бөлімшелерге, сұрақтар тізіміне жəне т.б.);
- оқу жəне ғылыми əдебиеттер тізіміне сілтемелер;
- ұйымдар тізіміне сілтемелер;
- тарихи жағдайлар мен күндер тізіміне сілтемелер (хронологиялық көрсеткіш);
- географиялық аталымдар тізіміне сілтемелер;
- телекомуникациялық желідегі сайттарға сілтемелер.
Гипермəтіннің сілтемесі ретінде тек қана сөздер ғана емес, сонымен қатар сандар жəне графикалық элементтер де бола алатындығын атап өту керек. Гиперсілтемелер ақпараттық мақаланың белсенді элементтері болып табылады. Гипер сілтеменің көмегімен қолданушы өзі жұмыс істеп отырған ақпараттық ресурс бойынша жергілікті компьютерде немесе телекомуникациялық желіде орналасқан басқа ресурсқа ауыса алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Салина Р.М, Жумагазина Г. Критерии оценивания учебных достижений учащихся // Профессионал Казахстана. – №10 (53). – 2007. – C. 30-34 .
2. "Инклюзивное образовательное пространство в школе" статья директора лицея № 1 г. Т.С. Черняевой, Усть-Джегуты, Карачево-Черкасской республики. http://festival.1september.ru/articles/653265/
3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана. НАО. 2013. – 80 с. 29. Приказ МОН РК «Об утверждении критериев оценки знаний обучающихся» от 21 января 2016 года № 52. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2016 года № 13137.
4. Инструктивно-методическое письмо «Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах Республики Казахстан в 2016-2017 учебном году», 2016 г., С. 30-39
Достарыңызбен бөлісу: |