5. Гимнастика сабағында жарақаттанудың алдын алу.
Жалпыдамытушы жаттығулар құрылымы жағынан қарапайым және жаттығушылардың бәріне бірдей жеңіл. Олар гигиеналық, өндірістік және негізгі гимнастикамен айналысудың негізі болып табылады. Бұл жаттығуларға үйрену оңай. Қандай да бір жаттығуды бірнеше рет қайталасаңыз болғаны. Сонымен қатар, жақсы игерілген жаттығуларды орындау барысында ғана барынша күш салуға болатынын еске сақтаған жөн. Жалпы дамытушы жаттығуларға үйрету барысында бұлшық еттердің жиырылу мүмкіндіктері толығымен іске қосылмайды. Демек, қандай да бір дене сапасын тәрбиелеуге арналған жаттығуларды пайдаланбас бұрын. алдымен жаттығуларды толық игеріп алу керек.
Жалпыдамытушы жаттығулар көмегімен дененің жекелеген бөліктеріне немесе бұлшық ет топтарына оқшауланған әсер етуге болады. Жаттығулардың бұл ерекшелігі қозғалыс аппаратының үйлесімді дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның үстіне , қандай да бір дағдының даму деңгейін қадағалап және қолдап отыру, сонымен бірге артта қалғанын үнемі дамытып отыру мүмкіндіктері бар.
Жалпыдамытушы жаттығулар жасау барысында денеге түсетін салмақ көлемін реттеп отыру оңай. Денеге түсірілетін салмақ жаттығу жасалатын бұлшық ет ширығуының қарқындылығына қарай өзгеріп отырады. Бұлшық ет ширығуы қарқындылығының артуына төмендегіше қол жеткізуге болады.
Жаттығу ұзақтығын арттыру арқылы (бір жаттығуды қайталау саны)
Жаттығудың орындалу жылдамдығын жоғарлату арқылы
Сыртқы салынатын салмақ қолдану және ауырлату салмағын арттыру (гантельдердің, гирялардың, толтырылған доптардың және т.б.) арқылы
Бастапқы қалыпты өзгерту арқылы (жатып таянуда қолды бүгу т.б.)
Ерік күшін қолдана отырып денеге салынатын салмакты арттыруга жоне төмендетуге болады, сонымен қатар, ерік күші бұлшық еттердің ширығуын нақтырақ сезінуге мүмкіндік береді (көңілді олардың жүмысына шоғырландыру, шаршау сезімін басу)
Денеге салынатын салмақ жаттығуларды жасау тәсіліне байланысты. Жалпыдамытушы жаттығулар әр түрлі демалыс интервалымен орындалу мүмкін. Демалыс уақыты қысқа болған сайын, денеге салынатын салмақ та үлғая береді.
Жаттығушылардың эмоционалдық жағдайы салынатын салмақ көлеміне және шаршаңқылығына әсер етеді. Жаттығуларды ойын тәсілімен жүргізген жағдайда шаршаңқылық төмендейді, сонықтан барынша үлкен көлемде жұмыс жасауға болады.
Дене еңбегін жасау кезіндегі жүйке жүйесінің, ішкі органдардың және бұлшық еттердің функционалды қызметі біртіндеп өсетіні белгілі. Адам ағзасының жұмысқа бейімделуі үшін бірқатар уақыт қажет. Яғни, жаттығу сайын, денеге салынатын салмақты күрт жоғарылатуға немесе төмендетуге болмайды. Алғашқы жаттығуларды бір қалыпты салмақпен өткізіп, оны біртіндеп үлғайту немесе қысқа мерзімде төмендетуге ұсынылады. Денеге салынатын салмақты өзгертуді толқындата жүргізген дұрыс, бірақ ол үнемі ұлғайып отыру бағытында болуы қажет
Жалпыдамытушы жаттығулары көмегімен мынадай міндеттер тобы шешіледі:
- Білім -берілген әртүрлі параметрлерімен қозғалыс қимылдарын орындай білуді қалыптастыру (ширығу деңгейі бағыт, амплитуда, қарқын,ырғақ) жекелеген компоненттерді және аяқталған (қарапайым) қозғалым қимылдарын игеру: өмірлік маңызы зор істер мен дағдыларды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |