1-аралық бақылау гимнастиканың жалпы заңдылықтары және дамуының негізгі кезеңдері



бет7/10
Дата19.05.2022
өлшемі46.78 Kb.
#457423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дайындық бөлігінде- жаттығушыларды бастапқы ұйымдастыру және ағзаны негзгі жаттығуларға функциналды дайындау.
Сабақтың негізгі бөлігінде- оқыту және қимыл дағдыларын жетілдірудің адамгершік-жігерлік, физикалық және эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу міндеттері шешіледі.
Сабақтың қорытынды бөлігінде- ағзаның функционалды белсенділігін біртіндеп төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар сабақтың әрбір бөлігінде қандай да бір сабақ алдына қойлатын мақсатқа байланысты бірқатар жеке міндеттер шешіледі.


7. Дене қасиеттері, оны дамыту әдістемесі.
«Дене қасиеттері», «қозғалыс қасиеті» деген терминдер, ұғымдар арнайы оқу кітаптарында бір мағынада пайдаланылады. Олар адамның қозғалыс мүмкіншілігінің әрекеті жағын көрсетеді. Дене қасиеттері адам қозғалғанда, дене қуатын көрсеткісі келгенде пайда болады. Адам жай тыныштық күйде болғанда ол қаншалықты күшті, жылдам немесе төзімді екенін біз білмейміз, кеңістікте көп уақыт аралығында жылдам қозғалса жылдам екенін, қарқынын азайтпай ұзақ жүгіре алса төзімді екені көрінеді. Яғни, дене қасиеттері адам денесінде белгілі бір деңгейде сақталып тұрады. Ол қозғалған кезде, дене қуаты деңгейін көрсеткісі келген кезде, ол адамның қаншалықты күшті, жылдам, төзімді екенін білеміз. Спортшы дене жаттығуларын тұрақты орындау арқылы дене қасиеттері деңгейін жоғарылата алады. Ол сол жоғарылатқан деңгейінде адам денесінде, санасында сақталып тұрады. Әрине, спортшы әрекет жасап, ол дене қасиеттерін тұрақты деңгейде ұстап отырмаса, ол қасиеттер төмендейді, егер тұрақты, өмір бойы жүйелі жаттығулар арқылы шұғылданып отырса, жаттығу техникасы секілді дене қасиеттері де адам денесінде, санасында сақталып тұрады. Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қасиеттері дейміз. Ол қасиеттер міндетті түрде адам сол дене қасиеттерінің деңгейін көрсеткісі келіп әрекет жасағанда толық деңгейде көрінеді. Мысалы, спортшы күш деңгейін көрсеткісі келіп ауыр штанга көтереді, белтемірде көп тартылады, жылдамдық деңгейін көрсеткісі келіп 30 м-ді тез жүгіреді, төзімділік деңгейін көрсеткісі келіп 3 шақырымға жүгіріп, жақсы уақыт көрсетеді т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет