Құнды және құнсыз нәруыздар.
Нәруыздар – тірі организмде кең таралған альфа-аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулалық полимерлер. Нәруызды басқалай белок, протеин деп атайды. Табиғатта нәруыздардың 1010 -1020 дәрежесінде түрлері кездеседі. Адам ағзасында 1 млн.-нан астам түрі бар екендігі анықталған. Адам нәруыздары 19 аминқышқылдарынан тұрады.
ҚҰНДЫ, ҚҰНСЫЗ НӘРУЫЗДАР
Нәруыздар құнды және құнсыз болып бөлінеді. Құнды нәруыздар – құрамында 8 алмастырылмайтын аминқышқылдары болады. Егер де құрамында 1 алмастырылмайтын аминқышқылы жетіспесе құнсыз нәруыз деп аталады. Жалпы алмастырылмайтын аминқышқылдары тірі организмде синтезделмейді, сол себеппен ағзаға тағаммен бірге түсіп отырады, оларға: лизин, триптофан, треонин, метилаланин, валин, лейцин, изолейцин, фенилаланин жатады. Ал алмастырылатын аминқышқылдары организмде синтезделеді, оларға: тирозин, цистейн, аргинин, гистидин жатады.
Нәруыздардың қызметтері.
ӘРУЫЗДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жалпы нәруыздар бірнеше қызмет атқарады:
Құрылымдық қызметі – тірі ағзалардың пластикалық, тіректік құрылымын қамтамасыз етеді.
Каталитикалық қызметі – метаболизмге қатысатын ферменттер – нәруыздардан тұрады.
Қоректік қызметі – дамып келе жатқан ұрық үшін негізгі қорек көзі болып табылады.
Тасымалдау қызметі – қан арқылы суда ерімейтін заттарды тасымалдауға қатысады.
Жиырылу қызметі – жүрек жұмысы, тыныс алу, бұлшықет жиырылуы, ішектің жиырылуы нәруыздар арқылы атқарылады.
Реттеуші қызметі – ағзадағы гомеостаздың тұрақтылығын сақтайды.
Қорғаныштық қызметі – ағзаға түскен бөгде заттар мен бактерияларға жауап ретіндее антиденер түзілуіне қатысады.
Электротрансформатикалық қызметі – ағзадағы электрлік, осмостық энергияны АТФ-энергиясына айналдырады.
Генетикалық ақпаратты тасымалдауға қатысады.
Нәруыздардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |