Қаржы менеджментінің теориялары
Инвестициялық қоржын теориясы
Капитал құрылымы теориясы
Активтердің табыстылығын бағалау моделі (үлгісі)
Дивиденттік саясаты теориясы
Арбитраждық баға белгілеу теориясы
Опциондардың баға белгілеу теориясы
3 сурет. Қаржылық менеджментінің негізін қалайтын теориялары.
50 - ші жылдардың екінші жартысында капитал құрылымының және қаржыландыру көздері бағасының теориясы бойынша зерттеулер өткізілді. (Дж. Уильямс, Д. Дюран, Ф. Модильяни, М. Миллер және т.б.) 1958 жылы қолданбалы микроэкономикадан қаржылардың қазіргі заманғы теориясы жеке бөлініп шықты. Қаржылардың қазіргі заманғы теориясының шеңберінде ірі компанияның қаржыларын басқару әдіснамасы мен техникасына арналған ғылым ретінде қаржы менеджменті қолданбалы пәні қалыптасты. Қазақстан экономикасының нарық жолына түсу шеңберінде 90-шы жылдардан бастап банк жүйесіне түбегейлі өзгерістерді енгізу, меншіктің жаңа түрлерін енгізу, бухгалтерлік есептің өзгеруі қаржы ресурстарын басқаруды өзектіге айналдырды.
Қаржы менеджментінің мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Ұзақмерзімді келешекте олар кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес келіп, оның іске асыруын қамтамасыз етуі керек. Дәстүрлі және практикада кең таралған басқару мақсаттарына жатқызуға болады:
• пайданы көбейту;
• қаржы тұрақтылығын ұстап тұру;
• тауарлар мен қызмет көрсетулер көлемдерін көбейту.
Кәсіпкерліктің басты мақсаты – алынған пайда көлемінің шығындардан асып түсуі. Тиімділік пен шығындар арасындағы айырым пайда түрінде білінеді. Сонымен, коммерциялық кәсіпорынның соңғы мақсаты оның қызметінен пайданы көбейту болып табылады. Әрине, кәсіпорын сол пайданың көбеюіне ұмтылады, бірақ бұл мақсатқа жету үшін күш-қуатының шоғырлануы келешекте келеңсіз жағдайларға әкелеуі мүмкін: өнімдер мен қызмет көрсетулер сапасының төмендеуіне, негізгі қорлардың тозуы мен моральдік ескіруіне, сатулар көлемі мен бәсеке қабілеттігінің түсуіне, нарық үлесін жоғалтуына, білікті қызметкерлердің кетуіне және т.б. Бұлар пайданы азайтып, шығындардың пайда болуына, тіпті банкроттыққа әкеліп соғады.
Басқарудың тағы да бір қарапайым және бәріне белгілі мақсаты: өндіріс және өткізу көлемдерін өсіре беру, арттыру. Көптеген менеджерлер өз жағдайларын (жалақысын, мәртебесін, қоғамдағы орнын) фирманың пайдалылығымен емес, көлемдерімен байланыстырады. Өсу мен оның әлеуеті кәсіпорындардың көптеген басшылары үшін табыс өлшемі, ал аналитиктер мен инвесторлар үшін зерттеу объектісі болып табылады. Бірақ өндіріс пен сату көлемдерінің өсуі пайдаланатын ресурстардың – шикізаттың, материалдардың, жұмыс кұшінің және т.б., сонымен бірге оларды қаржыландыру көздердің де өсуін ұйғарады. Басқа тең жағдайларда кәсіпорындардың өсуі қайта инвестицияланған пайданың көлемімен анықталады. Сонымен, өсуді ұлғайтудың мақсаты пайданы ұлғайтуда тұрады, оның кемшіліктерін қарастырдық. Қаржылық тұрақтылықты қолдауға бағдарлау өз кезегінде тәуекелді, бірақ жоғары табысты операциялардан қашуды, жаңа жобаларды іске асырудан және инновацияларды енгізуден (нәтижелері белгісіздіктің жоғары деңгейімен сипатталатын) бас тартуды, дамудың консервативтік (керітартпа) саясатын өткізуді ұйғарады. Қатал бәсекелестік, ғылыми-техникалық прогрестің үдемелі даму, жаңа өнімдер мен қызметтердің толассыз пайда болу жағдайларында бұндай саясат кәсіпорынның өмір сүруін қамтамасыз етуге қабілетті (тек қана қысқамерзімді келешекте).
Қаржы менеджерінің міндетіне фирманың қысқамерзімді және ұзақмерзімді даму мақсаттары араларындағы оңтайлы (ұтымды) ара қатысын табу кіреді. Қысқамерзімді қаржылық басқаруда пайданың көбеюі және акциялардың бағамдық құнын жоғарылатуы жөнінде шешімдер қабылданады. Ұзақмерзімді қаржылық басқаруда тәуекел мен белгісіздік факторлары есептеледі.
Қаржы менеджментінің міндеті - әр түрлі бөлімшелердің шаруашылық мүдделері мен қаржыландыру көздерін таңдау араларында басымдықтарды анықтау және ымыраларды іздеп табу. Қаржы ресурстары ағынын басқару қаржы менеджментінде басты мәселе болып келеді. Біріңғай қаржы саясатының шеңберінде жаһанды ауқымда қаржы ресурстардың көздері мен фирма шеңберіндегі олардың үлестірілуі (бөлінуі) анықталады. Қаржы саясатын өткізудің негізгі түрлері мен әдістеріне жатқызуға болатындар: пайдаларды үлестіру мен қайта үлестіру; әр түрлі бөлімшелердің қызметін қаржыландыру және несиелеу; фирма ішіндегі қаржы операциялардың құрылымы мен сипатын және олар бойынша есептесулерді анықтау.
Менеджмент кәсіпорынның келешектегі нарықтық құнының өсуін және иегерлердің әл-ауқатын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауға міндетті.
Басқару үдерістері әрдайым келешекке бағытталған, сондықтан қаржы менеджметінің негізгі міндеті – жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайларында бұл міндеттің маңызы өзекті, себебі оны іске асыру тиімділігінен (нәтижелілігінен) кәсіпорынның оның иегерлері мен қызметкерлер құрамының игілігі (берекесі) тәуелді.
Жоспарларды жасау қажеттілігі көптеген факторлармен келісілген, олардың ең маңыздылары: келешектің белгісіздігі, фирманың әр түрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіру қажеттілігі, ресурстардың шектеулігі және т.б. Жоспарлау барысында отандық тәжірибесімен бірге, дүниежүзілік практикасының қазіргі замаңғы амалдары да алынады.
Қазіргі заманғы экономикалық орта жоғары жылдамдық пен өзгерістер үздіксіздігімен сипатталады. Бұл жағдайларда кез келген кәсіпорынның өзін-өзі сақтап қалуы, дамуы мен көркеюі көбінесе оның менеджментінің дер кезінде болуы мүмкін өзгерістерді болжап, олардың салдарына бейімделуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау қабілеттілігімен анықталады. Жоспарлаудың негізгі міндеттері:
кәсіпорынның болашағы бар даму бағыттарын анықтау;
барлық бизнес-үдерістердің, жеке бөлімшелердің, қызметтердің және қызметкерлердің мақсаттық бағдарлануы, шоғырлануы мен үйлесуі;
әлеуетті тәуекелдерді тауып, олардың деңгейін төмендету;
сыртқы экономикалық ортаның өзгерістеріне бейімделу, икемділікті жоғарылату.
Қаржылық жоспарлау фирма қызметін жоспарлау жүйесінің маңызды бөлігі болып келеді де, негізгі назарын инвестициялық, қаржы және операциялық саясатының негізгі элементтеріне аударады. Олардың маңыздылары:
активтердің әр түрлеріне қажет инвестициялар;
қаржы қорларға қажеттілік және оларды тарту көздері;
келешек табыстарды үлестіру; фирманың қаржылық тұрақтылығы мен операциялардың тиімділігі араларында ымыраны іздеп табу және т.б.
Қаржы жоспарын әзірлеу мүмкіндік береді:
қойылған мақсаттарды нақты құндық көрсеткіштер түрінде білдіру;
кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің өзара-әрекеттестігін қамтамасыз ету;
фирманың әр түрлі даму түрлерін анықтап, талдау, инвестициялар көлемдерін және қаржыландыру тәсілдерін;
келеңсіз оқиғалардың болуы мүмкін жағдайға шаралар бағдарламасын әзірлеу.
Жоспарлау бірқатар қағидаларға негізделеді, олар: бірлік, қатысу, толассыздық, икемділік, тиімділік.
Бірлік қағидасы жоспарлау жүйелі сипатты болу екендігін ұйғарады. Кәсіпорын біріңғай күрделі, көп деңгейлі әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қаралады. Бұндай жүйенің элементтері - жеке бөлімшелер, олардың өзара байланыстары мен бизнес-үдерістері, сонымен бірге пайдаланатын ресурстар. Осы элементтердің әр қайсысы жоспарлау функциясымен қамтылады.
Жоспарлар бірлігі экономикалық мақсаттардың - бірдейлігі мен жүйенің барлық элементтерінің өзара әрекеттестігін білдіреді. Элементтердің өзара әрекеттестігі тік жол бойынша ықпалдасу және саралау әдісімен, ал көлденең жол бойынша - құрылымдық бөлімшелердің жоспарларын үлестіру тәсілімен іске асырылады.
Қатысу қағидасы - кәсіпорынның әр бөлімшесі, әр қызметкері жоспарлау қызметінде қатысуға тиісті. Нәтижесінде, жоғары менеджмент орын алған проблемалар мен оларды шешу жолдары жөніндегі тұтас көрінісін, ал орта мен төменгі тізбегінің қызметкерлері - өз бөлімшесінің қызметі, оның басқа бөлімшелерімен өзара байланысы, шаруашылық қызметінің жалпы нәтижесіне қосқан үлесі жөнінде терең ұғым алады.
Достарыңызбен бөлісу: |