Металдық байланыс-электрстатикалық тартылу нәтижесінде металдар иондарының
және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланыстс
айтады.Металдық байланыс тек қана бірінші текті өткізгіштерде болады. Металдық
байланыс металдағы атомнан электрондар тұрақты күйде бөлінгенде пайда
болады.Электрондарын берген металл атомдары оң зарядталған иондарға түрленеді,ал
олар тұрақты қозғалыстағы электронды өзіне тартуға ұмтылады.Бос
электрондар
металдың барлық атомдарын өзара берік байланыстырады да металл торының беріктігін
қамтамасыз етеді. Металдық байланыста электрондарды ортақтастыруға барлық
атомдар қатысады.Металдық байланыс энергиясы коваленттіктен 3-4 есе аз.
Сутектік байланыс деп сутек атомы мен электртіреістілігі жоғары атомдар арасында
болатын химиялық байланыстың түрін айтады. Сутектік байланыстың нәтижесінде
заттардың қасиеттері өзгереді. Байланыстың бұл түрінде молекулалар сутек арқылы
байланысады. Байланыстың бұл түрі табиғатта өте кең тараған.Сутектік байланыс әр
түрлі зат, бір түрлі зат молекулалары арасында, типті бір молекуланың ішіндегі атомдар
арасынды болады.
Мысалы, су молекуласының құрылысын қарастырсақ, онда
екі атом сутек бір атом
оттекпен полюсті ковалентті байланыс арқылы байланысқан. Электрон жұптары
электртерістігі жоғары элемент элемент оттек жаққа көбірек ығысқан. Нәтижесінде, су
молекуласының сутек атомдары жағында оң заряд пайда болады. Мұнда сутек акцептор
болып табылатныдықтан, судың басқа молекуласындағы оттектің артық электрон
жұбын өзінің бос орбитальне қабылдау арқылы химиялық байланыс түзе алады. Сөйтіп
судың бірнеше молекуласы бірімен бірі байланысып димер, тример, тетрамерлер түзеді.