таңбасы алғашқы заттар-ға қарағанда реакция өнімдері сыртқы ортадан жылу тартып өз
энергиясын көбейтетінін көрсетеді.
Егер қосылу реакциясы — жылу шығара жүрсе, онда оған кері реакция — ыдырау
реакциясы жылу сіңіре жүреді. Егер қосылу реакциясы жылу сіңіре жүрсе, онда оған
кері — ыдырау реакциясы жылу бөле жүреді. Бірінші мысалда 1
моль хлорсутектің
түзілуі ΔН
0
298
= —92,3 кДж, ал хлорсутектің ыдырауы ΔН
0
298
+ 92,3 кДж; Екінші мысалда
1 моль азот (П) оксидінің түзілуі ΔН° = 90,4 кДж, ал 1 моль азот (II) оксидінің ыдырауы
ΔН
0
298
= —90,4 кДж.
Мектепте оқылатын химия мен оқу кұралдарының көпшілігінде жылу эффектісін (3
арқылы белгілейді. Егер жылу бөлінетін болса, онда оның мәні оң, ал
егер жылу
сіңірілетін болса, онда—теріс болады. Бұдан ΔН = –Q. Жылу эффектісінің біз енгізген
белгісін қолдану керек, себебі ол термодина-микамен бірдей болу үшін енгізілген.
Химиялық реакцияның жылу эффектісін арнайы құралдар —
калориметрлер арқылы
өлшейді. Олардың құрылысы физика мен физикалық химия курстарында сипатталады.
2. Алғашқы және соқғы заттардың санынық өзгеру сипаты бойынша реакциялар
мынадай түрге бөлінеді: қосылу, айырылу, орын басу және алмасу.
Реакция нәтижесінде екі немесе бірнеше заттардан бір жаңа зат түзілетін болса, ондай
реакцияны
қосылу реациясы деп атайды, Мәселен, хлорсутектің
аммиакпен әрекеттесуі
НС1 + NН
3
=NН
4
С1
немесе жай заттардан магний оксидінің түзілуі
2Мg+О
2
= 2МgО
Реакция нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзілетін болса ондай реакцияны
айырылу
реациясы деп атайды. Мәселен сутек иодидінің айырылуы:
2HJ = Н
2
+ J
2
немесе калий перманганатының айырылуы:
2КМnО
4
= К
2
МnО
4
+ МnО
2
+О
2
Жай және күрделі заттардың арасындағы реакция нәтижесінде жай заттың атомы
күрделі заттың бір элементінің атомының орнын басса, онда мұндай реакцияны
орын
басу реациясы деп атайды. Мәселен, мырыштың қорғасын (II) нитратындағы
қорғасынның орнын басуы:
Рb(NО
3
)
2
+ Zn = Zn(NО
3
)
2
+Рb
немесе бромды хлормен ығыстыру:
2NaВг + С1
2
=Вг
2
+ 2NаС1
Реакция нәтижесінде екі зат өзінің құрам бөліктерімен екі жаңа зат түзіп
алмасатын
болса, онда ол реакцияны
алмасу реакциясы деп атайды. Мәселен, алюминий оксидінің
күкірт қышқылымен әрекеттесуі:
А1
2
О
3
+ ЗН
2
SО
4
=А1
2
(SО
4
)
3
+ ЗН
2
О
немесе кальций хлоридінің күміс нитратымен әрекеттесуі:
СаСl
2
+ 2АgNО
3
= 2АgС1 + Са (NО
3
)
2
немесе негіздің қышқылмен әрекеттесуі:
Са(ОН)
2
+ 2НС1=СаС1
2
+ 2Н
2
О
3. Қайтымдылық сипаты бойынша реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып
бөлінеді
4. Әрекеттесуші заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелерінің
өзгеру сипаты бойынша реакциялар атомдардың тотығу дәрежелері өзгермей