1 Autocad 2000 туралы жалпы мәліметтер


Өздік бақылауға арналған сұрақтар



бет3/3
Дата17.06.2016
өлшемі14.65 Mb.
#141532
1   2   3

Өздік бақылауға арналған сұрақтар

1 AutoCAD сызулық жүйенің қандай мүмкіндік спектрі бар?

2 AutoCAD сызбасының құру принципі қандай?

3 AutoCAD жүйесін қандай әр түрлі әдістермен жүргізуге болады?

4 AutoCAD-та жұмысты орындау кезінде қандай өлшем бірліктері қолданылады?

5 AutoCAD жұмыс столына жұмысқа керекті қосымша құралдар панелі және жеке бастырмалар қалай шығарылады?

6 AutoCAD сызбасының жұмысын орындауға кіріскенде, қандай сызулық примитивтерді зерттедініз?

7 AutoCAD сызбаларының өңделуі қандай әдістермен іске асады?

8 AutoCAD негізгі жазылымның тастырылуы қалай орындалады?
15.2 № 2 тәжірибелік жұмыс «Техникалық бөлшектің сызбасы»
Жұмыстың орындалу мақсаты – күрделі сызбаларды құрудың тәжірибелік білімдерді алу, AutoCAD жүйесінде өңдеудің күрделі командаларын қолдану. Өлшемді стильдермен және штрихталған аймақты жасау жұмысы.

Тапсырма: Берілген өлшемдер бойынша екі проекцияда (бас түрі және сол жақтан түрі) техникалық пішіннің бөлшегін құру. Бөлшектің бас түрі кескінмен қиылысады. Сол жақтан түрді сызбаның бос жерінде орындау. Өлшемдерді енгізу. Жұмысты А4 форматта орындау.

№ 2 тәжірибелік жұмыстың орындалуы Б нұсқауда көрсетілген.


2 тәжірибелік жұмысты орындау бойынша нұсқаулар

№ 2 тәжірибелік жұмысты № 1 тәжірибелік жұмысты орындалған экранда орындалған қолайлы, өйткені AutoCAD жүйесі орнатылған (өлшемді стильдер, текстің стилі және т.б.).

Формат рамкасын және негізгі жазылымды көбейтуге болады бұл үшін «Редактирование» құралдар панелінде «Копировать объект» бастырмасын басу керек немесе тышқанның оң жақ бастырмасы арқылы, одан кейін шақырулар артынан: объектті басу, базалық нүктені белгілер және объектті экранның бос орнына ауыстыру.

Тәжірибелік жұмысты орындау тізбегі

1 Рамка мен негізгі жазылуды көбейту, негізгі жазылуды толтыру;

2 Осьтік және орталық сызықтарды құру;

3 Бөлшектің бас түрін 1 нүктеден бастап, бөлшектің сыртқы түр жағынан сызады, ORTHO режимдегі «Линия» командасын қолданады (48 сурет).

Бұрышы 30 (градус) болатын қиынжиекті құру үшін жағдай сызығындағы «Поляр» бастырмасын басып, осы бастырмада тышқанның оң жақ бастырмасын басу, «Параметры» пункті бар терезені шақыра, аяғында «Параметры привязки» диалог терезесі пайда болады, онда «Шаг угла» («Бұрыш қадамы») 30 орнатамыз.

Бұрышы 45 болатын қиынжиектің құрылуы жоғарыда қарастырылған (10 бөлім). Керек емес сызықтарды не «Обрезать» командасымен не қалам көмегімен өшіруге болады (10 бөлім).



48 сурет
ORTHO режиміндегі «Отражение» команда көмегімен горизонтальды симметрия осін көріну осі ретінде таңдап, алынған сызбаны көрсетеміз (49 сурет).

49 сурет
TRIM (ОБРЕЗАТЬ) және ERASE (СТЕРЕТЬ) командалары көмегімен бөлшектің кескін жағынан барлық керек емес объектілерді жоямыз және бөлшектің ішкі бөлігін құрамыз.

Кеңістікпен қиылысатын бөлшектің барлық бөліктерін «Штриховка» командасы көмегімен штрихтайды. «Линия» командасын қолдана, штрихталу объектінің контуры тұйық болу үшін сол аймақты тағы бір рет үстінен жүргіземіз.

Құрылудың нәтижелері 50 суретте көрсетілген.

50 сурет
Бөлшектің бас түрінде призманың бөлікті ары қарай құру үшін «Многоугольник» және «Окружность» командаларын қолдана, бөлшектің сол жақтағы түрін құру керек (51 сурет). Конусты призмалық бетінің өту сызықтары (50 сурет) «Рисование» құралдар панелінде орналасқан «Дуга» командасын қолдана, құрамыз;

51 сурет
4 Сызбаны құрудың маңызды этапы боп өлшемдердің қойылуы саналады. Өлшемдерді ережелеріне қарап енгізу керек, сол сияқты берілген нақты бөлшектің ерекшеліктерін және өндіру технологиясын ескеру. Өлшемді пайда болдыру командалары – бұл «Размеры» меню командалары. Осы командаларымен тиімді жұмыс істеу үшін дұрыс орнату және жүйенің өлшемді стильдерін активті қолдану керек.

Біздің бөлшегіміздің өлшемдерін қою үшін шрифт биіктігі 3,5 мм болатын алдын-ала өлшемді стильді (14 бөлім) пайда болдыру керек.

Кескінмен бірлескен бас түрде өлшемдерді қойған кезде кескінге келетін барлық өлшемдер сызбада кескін жағынан, ал түрге келетін өлшемдер түр жағынан болып келетінін ұмытуға болмайды.

Өлшемнің бір шығыңқы сызығын және бір жебені жою арқылы «Свойства» командасын таңдап, пайда болған диалог терезесінде «Линии и стрелки» пунктін таңдау, рұқсат берілген командалар тізімі ашылады. «Стрелки» пукнтін таңдап, жебесі бар бастырманы басып, «нет» пунктін таңдау, нәтижесінде бір жебе жойылады. Өлшемнің бір шығыңқы сызығын жою үшін әрекеттер ұқсас.

5 Сызбаны құрудың соңғы этапы боп оның үстінен жүргізу саналады (15.1 бөлім).

6 Сызбаны сақтау.

Сызбаның дайын түрі Б нұсқауда көрсетілген.
Өздік бақылау үшін сұрақтар

1 AutoCAD-та қандай объектті байламдар бар, олардың тағайындалуы?

2 AutoCAD-та сызық түрлерін, сызық қалыңдығын қалай өзгертуге болады?

3 AutoCAD жүйесінде штрихтау қалай жүзеге асырылады?

4 Өлшемді стиль дегеніміз не және AutoCAD жүйесінде ол қалай жасалады? Сызбамен жұмыс істеген кезде неге өлшемді стильдің болуы керек?

5 AutoCAD-та өлшемдердің қойылуы қалай жасалады?


15.3 № 3 тәжірибелік жұмыс «Электрлік және энергетикалық принципиалды сұлбалар»
Жұмыстың орындалу мақсаты – принципиалды электрлік және энергетикалық сұлбаларды оқуда тәжіребелік білім алу және оларды AutoCAD жүйесінде орындау.

Тапсырма. Берілген варианттар бойынша «Микросұлба. Электрлік принципиалды сұлба» сызбасын орындау.

Жұмысты А3 форматта орындау.

№ 3 тәжірибелік жұмысты орындау мысалы В нұсқауында келтірілген.


3 тәжірибелік жұмысты орындау бойынша нұсқаулар

Электрлік және энергетикалық сұлбалардың мәліметтері талаптары, тапсырма варианттары 3 келтірілген.

AutoCAD жүйесінде электрлік сұлбаларды тез және сапалы құрылуы үшін 3 сәйкесінде сұлба элементтерінің шартты сызулық белгілерінің шаблонын пайда болдыру.
Тәжірибелік жұмыстың орындалу тізбегі:

1 Жаңа сызбаны құру және жүйенің параметрлерін енгізу;

2 А3 форматтының рамкасын құру;

3 Негізгі жазылымды көбейту және оны толтыру;

4 ORTHO режиміндегі «Линия» командасын және «Массив» командасын қолдана, 3 сәйкесінде сыртқы шығулардың кестесін құру;

5 «Текст» командасын немесе «Параграф» командасын қолдана, сыртқы шығулардың кестесін толтыру;

6 ORTHO режиміндегі «Линия» командасын қолдана, 3 сәйкесінде сұлбаның барлық байланыс сызықтарын жүргізу (52 сурет).

52 сурет
7 «Редактирование» құралдар панелінде орналасқан «Перенести» командасын қолдана немесе тышқанның оң жақ бастырмасы арқылы және объектті байламдар режимін қолдана, жасалған шаблоннан шартты сызулық элементтерді сұлбаға алмастырамыз.

3 сәйкесінде шартты сызулық элементтерді белгілеу (53 сурет).

8 Сызулық элементтермен белгіленген «Микросұлба. Электрлік принципиалды сұлба» дайын сызба В нұсқауында көрсетілген.

53 сурет
Өздік бақылауға арналған сұрақтар

1 AutoCAD жүйесінде объекттердің алмасуы, объектілерді көбейту, объектілердің бұрылуы, объектілерді масштабтау қалай жүргізіледі?

2 AutoCAD-та объектілердің құрылымдау командалары қалай орындалады?
15.4 № 4 тәжірибелік жұмыс «Титулды парақ»
Жұмыстың орындалу мақсаты – AutoCAD жүйесінде текстті жасауда және өңдеуде тәжірибелік білім алу.

Тапсырма. А4 форматта титулды парақты орындау.


4 тәжірибелік жұмысты орындау бойынша нұсқаулар

Титулды парақ Г нұсқау сәйкесінде орындалады.


Титулды парақты орындау тізбегі

«Рисование» құралдар панеліндегі «Параграф» командасын қолдана, тышқанмен текст шекарасын бөлу. «Текстовый редактор» терезесінде ағымды шрифттің атын және биіктігін орнату. Одан кейін редактордың негізгі терезесінде текст енгізіледі, команда «ОК» бастырмасын басқанда аяқталады.



Ескерту: «Параграф» командасын қолданған кезде текстті сызық жеке объект болып саналады, сондықтан текстті жеңіл өңдеуге (ауыстыру, көбейту және т.б.) болады. Текстті өңдеу тышқанның оң жақ бастырмасы арқылы жүзеге асырылады.
Өздік бақылауға арналған сұрақтар

1 Бір сызықты текст қалай орындалады?

2 AutoCAD-та текстті стильдерді қалай пайда болдыруға болады?

3 AutoCAD-та текстті өңдеу қалай орындалады?



Әдебиет
1. Финкельштейн Э.П. AutoCAD 2000. Библия пользователя.:Пер. с англ.-М.:Издательский дом «Вильямс», 2002.-1040с.

2. Омура Д.К., Каллори Р.Н. AutoCAD 2000. Справочное руководство.:Пер. с англ. - М.:Издательский дом «Лори», 2000. - 356с.

3. Новожилов А.Н., Шкреба Е.В. Схемы электрические и энергетические принципиальные. Методические указания. - Павлодар.-2003.-28с.





Г нұскау
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.Торайғыров атындағы

Падлодар мемлекеттік университеті
«Электротехниканың теоретикалық

негіздер» кафедрасы

сызулық жұмыстар

СЖ. 330440.0000.01.07.04
Тақырыбы Компьютерлік сызу

Оқытушы

(ғылым дәрежесі)

(аты – жөні)

(қолы) (күні)

Тәлімгер

(аты – жөні)

Мамандығы

Тобы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет