1. Қазақ халқының символына айналған ою түрін атаңыз


Тері және былғарыны көркем өңдеу жолдарын айтып беріңіз



бет3/8
Дата12.09.2023
өлшемі460.42 Kb.
#477230
1   2   3   4   5   6   7   8
1) 1 деңгей

5. Тері және былғарыны көркем өңдеу жолдарын айтып беріңіз.
5. Ерте замандардан бастап ата-бабаларымыз былғары мен теріні илеп қана қойған жоқ, оларды әшекейлеп, көркемдеп, безендіріп, өңдей білген. Осы әсемдеп, көркем безендірудің бірнеше түрлерін меңгеріп, жақсы дамытып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Міне біз сол ұрпақтың бірі болып, осы өнерді әрі қарай дамытып, үйреніп жалғастырмақпыз.
Былғары мен тері өңдеудін ертеден келе жатқан мына төмендегідей түрлері бар, былғарыға бедер түсіру, қайыс өру, терілерден құрақ құрау, тон, аяқ-киім беттеріне кесте тігу, оларды тесіп, кесіп оюлау, бояп, күйдіріп, батыра өрнек ою сияқты түрлері жақсы дамыған.
Былғары мен терімен көркемдеп, әшекейлеп заттар жасау үшін тек теріні тігу ғана емес, немесе оны өру, кестелеумен қатар өнердің негізгі әліппелерінің-бірі композицияны жасалу мақсатың, пропорциясын, пішінің, материалдық қасиетің және құрал –жабдықтармен сол заттарды көркемдеу әдіс технологиясын жақсы менгеру қажет.
Былғары мен теріні көркемдеудің жеңіл ұлттық түрлерімен қатар қазіргі заманымызға сай игеріліп, қолданылып жүрген әдістерді көрсетпекпін.

  • Жапсырмалау: Жапсырмалау әдісін кезкелген бұйымды сәндеу үшін қолдануға болады. Ол қағазбен, матамен орындалған әдістен айырмашылығы жоқ. Көлемді апликацияны орындау үшін мақта, матаны пайдалануға болады.Сәнді аппликация деп «решелье» техникасында орындалған аппликацияны айтуға болады. Жіңішке баулардан геометриялық пішіндерді орындауға болады.

  • Былғарының шетін өру: былғары бөлшектерінің шеттерін қосып өру үшін түрлі әдіс қолданады. Былғары құрақтарын алдын ала біз, тескіш арқылы теседі. Тескен орын жылжып кетпес үшін оны бекіткен дұрыс желім арқылы. Былғары шетін өру үшін тесьма, жібек жіп, былғары бау қолдануға болады. Өретін бау мен былғары түсі үйлесімді болған жақсы.

  • Өрме түрлері: Өрме түрлерін былғары бұйымдардын кейбір элементтерін орындау үшін қолданады. Жазықтықта өру-бұл әдіспен шынжыр белбеу, сумке, белдікті әшекейлегенде қолданады. Ең қарапайым түрі үш таспалы өрме. Одан басқа төрт, бес, алты таспалы өрме түрлері бар. Өрмені тығыз орындау қажет.

  • Жылу мен өңдеу: Былғарының қасиеттерінің бірі оны қыздыру арқылы өңделуі. Осы әдісті орындау үшін бізғе қатты былғары, сіренке немесе басқа қыздыруға пайдалануға келетін газ, электро плитасы қажет. Былғарыны қыздырған кезде, жылу тиген былғары көтеріліп жаңа пішін пайда болады. Осындай әдіспен қыздырылған бөлшектерді сәндік бұйымдарды әшекейлеуге қолданады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет