1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу



бет2/11
Дата18.05.2024
өлшемі195 Kb.
#501417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Абай-жолы»-романындағы-антропонимдер

Зерттеудің нысаны
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы антропонимдер. Олардың мағыналық топтары, жасалу жолдары, морфологиялық тұлғалары. Қазақ антропонимдерінің зерттеу тарихына шолу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
- Жұмыстың негізгі мақсаты- М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы антропонимдердің құрамын анықтау.
- Қазақ антропонимикасына байланысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, романдағы ұшырасатын антропонимдердің топтарын анықтау.
- Романдағы араб-парсы, орыс және жалпы түркілік есімдерді анықтау.
- Романдағы антропонимдердің тұлғаларын талдау.
- Романдағы антропонимдердің мағыналық топтарын көрсету.
- Романдағы антропонимдердің жасалу тәсілдерін көрсету.
- Антропонимдердің қазақ лексикасын мағыналық жақтан баюына қосқан үлесін көрсету.
- Осы көрсетілгендердің негізінде М.Әуезовтің «Абай жолы» романы тілімізді байытудағы рөлін көрсету.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы
- М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы кісі есімдерінің құрамын анықтай отырып, олардың қазақ тіліне кіру себептерін анықтау.
- Антропонимдердің лексикалық қорды байытудағы рөлін танып білу.
- Шет тілдерден кірген кісі есімдерінің себептерін танып білу.
- Антропонимдердің тіл тарихына этнографияға байланысты жақтарын анықтау.
- Антропонидердің халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпына байланысты жақтарын ашып беру.
- Антропонидердің түркі және монғол тілдеріне ортақ жақтарын ашып беру.
- Антропонидердің ұлттық табиғатын аша отырып, олардың пайда болуындағы тарихи жағдайларға шолу жасалады.
Жұмыстың құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.


1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан
Қазақ ономастикасы бүгінгі таңда өз нысанын кеңейтіп, өз алдына тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, біршама жетістіктерге жетті. Қазақ ономастикасына арналған ғылыми еңбектер саны жағынан да, сапасы жағынан да өсіп одақтық дәрежедегі зерттеулерге жетіп қалды деп айтуға болады[1].
Қазақ ономастикасының тек қана бүгінгі жайы зерттеліп қоймай, оның ертедегі орта түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштердегі ономастикадағы ғалымдардың зерттеу объектісі болды. Бұл жөнінде тілші ғалымдар А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, Ә.Нұрмағамбетов, Ә. Қайдар. В.У. Махбиров, А.Ибатов т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады [2; 2-1]
Қазақ тіліндегі «Қазақ антропонимикасы» Т.Жанұзақовтың еңбектерінде жан-жақты зерттеліп бірнеше ғылыми мақалалар мен көлемді еңбектердің жарық көргенін айтсақ болады [3]. Сондай-ақ, қазақ антропонимикасы Е.Б.Бекмұхаметов, Н.Оңдасынов, Л.З.Рүстемов, Ә.Қайдаров, Ә.Мұқатаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды [4].
Тіл ғылымы қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыстану ғылымдармен де тығыз байланыста өсіп дамып келеді. Осы байланыс айрықша қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пен этнографияда айрықша тайға таңба басқандай байқалады. Бұл байланыстың қай дәрежеде екендігі тілдің ономастикасында айрықша байқалады.
Адам есімдері сан ғасырлар бойы жасап келе жатқандықтан оның тарихында толып жатқан тіл тарихына қатысты қызықты деректер бар. Егер осы жағын ескерсек, антропонимияны эерттеудің үлкен ғылыми теориялық мәні бар.
Профессор Телқожа Жанұзақовтың айтуына қарағанда, қазақ тілінде қолданудан шығып қалған кейбір сөздер / Ардақ, Байсал, Ораз, Жора ,Жекен / тек қана антропонимияда сақталып отыр [І; 23]
Антропонимдерде халықтың өткендегі тарихын танып, білуге септігін тигізетін, сондай-ақ қандай діндерде болғанын мәдени өмірінен мағлұмат беретін қызықты деректер де жатыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ антропонимдерінде өзге туыс халықтармен ұқсас та жағы және өзіне тән характерлі өзгешеліктері бар.
Тілдердегі кісі аттарының шығу төркінін және олардың этимологиясын зерттеу –тіл білімінің ономастикасы салаларымен тығыз байланысты. Түркі тілдерінің ономастикасының зерттеу –ғалымдардың еңбектерінде Орта Азия халықтарында адам аттарының көпшілік жағдайда ұқсас екендігі айтылып жүр.
Бұндай ұқсастықтың болуы заңды нәрсе. Себебі бұл халықтардың әдет-ғұрып, салт –санасы , күн көрісі өте ұқсас. Сондай-ақ бұлардан басқа да ономастикадағы ұқсастық бұл халықтардың дінінің де ұқсастығы да болуы мүмкін. Бізге белгілі қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркмен, қырғыз халықтарын да жүздеген аттар діни ұғымдармен байланысты.
Түркі халықтарында ат қоюға байланысты түрлі әдет-ғұрыптардың барлығы байқалады. Мысалы: баласы тұрақтамай өле беретін болса Тұрсын, Тұрды, Тоқта, Тұрар ат қою немесе қыз туа беретін болса Жаңылсын, бала өле берсе әртүрлі жаман аттар, айуанаттардың аттарын Арыстан, Итбай,Бөрібасар т.б. деп ат қою дәстүрі кең етек жайған.Бала аурулы болмау үшін Ұрыбала ,Салақбала деген аттарды қою жағдайлары кездеседі.
Бұндай жағдайлар түркі тілдерінің бәрінде де монғол тілдерінде де жиі ұшырасатынын Т. Жанұзақовтың «Қазақ есімдерінің тарихы.» деген еңбегінен көбірек байқауға болады [І3 ;47 ]
Көркем туындылардағы адам аттары туркологияда В.В.Радлов, В.М. Жермунскийдің, А.К. Боровковтың; Н.К.Баскаковтың, Ә.Қоңыратбаевтың т.б. ғалымдардың еңбегінде жиі сөз болған мәселелердің бірі. Кезінде М.Әуезов эпостағы ономастикалық атауларға байланысты былай деп жазған: « Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында ғибрат беру сарыны күшті. Қаһармандарының бір парасы жамандықтың үлгісі болса, екінші парасы жақсылықтың үлгісі болып көрсетіледі. Қатты Қарабай, жауыз Қодар, сұм мыстан, Сасан би, опасыз жеңге- зұлымдықтың жоқшылары болса, әділеттің / жоқшылары. Жырда жауыздық пен әділет дүниесінің тартысы суреттеледі/ [2; 158]
Ғалымның осы пікірі біз сөз етіп отырған «Абай» романындағы онтропонимдерге байланысты айтуға болады.
Мысалы: Құнанбай, Майбасар, Қаратай, Оразбай, Тәкежан, Әзімбай деген есімдер романда жауыз қаныбезер, қаталдықты аңғартса, Абай, Әбіш, Ербол, Дәрмен, Әйгерім дегендер, адамгершіліктің, адалдықтың символы ретінде елестейді.
Романда 450-ге жуық онтропонимдер кездеседі.
Халық тілдерінің қай саласында болмасын сөздің өзі жалпы және жалқы есім сөздер болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Жалқы есім антропонимдер тұрғысынан қарағанда фамилия, әке аты, лақап ат, бүркеншік аттар болып бөлінеді.
Антропономика - ономастиканың бір саласы ретіндегі кісі есімдерін зерттейтін бөлім.
Орыс тіл білімінде де, түркі тілдерінде де өте ерте кезден бастап- ақ зерттелген.
Тіл білімінің бұл тарауының орыс тіл білімінде үлкен зерттеу тарихы барлығы байқалады. Мысалы: орыс ғалымдары М.В.Ломоносов, Я.К. Грот, И.И. Серезневский т.б. есімдер туралы құнды пікірлер айтқан.
Алғаш орыс есімдерін зерттеген М.Морошкин мен Н.М Тупиков.М.Морошкин орыс есімдерін хроникалық жоспарда алып қараса,
Н.М.Тупиков орыс есімдерін тек тарихи тұрғыдан қарамай лингвистикалық тұрғыдан талдау керек деген пікір айтқан,-дейді Т.Жанұзақов[ 3; 47-50]
Соңғы дәуірінде орыс тіл ономастикасының салалары- зоонимия, астрономия, этнонимия және антропонимика салаларын зерттеу мәселесі жолға қойылған.
Орыс ғалымдарының игі әсерінен қазақ тіліндегі кісі аттары да зерттеле бастады.
Жалқы есімдер мен жалпы есімдер туралы соның ішінде қазақ есімдері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап шыққан. Қазақ есімдерін талдауда В.В.
Бартольд, Ш.Ш. Уалиханов, В.И. Даль, Н.И. Ильминский, А.И. Самойлович сияқты ғалымдардың еңбектерінде бұл мәселеге көңіл аударылған.
Осы қазақ антропаномикасына алғаш пікір айтып талдау жасаған профессор Қ. Жұбанов. Оның « Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихы » деген еңбегінде антропонимдерге синтаксистік талдау жасаған [3; 49-55].
Біріккен тұлғалы кісі аттарының грамматикалық құрылысының дамуы тіліміздегі Бүркітбай, Шаянбай, Құнанбай, Асаубай, Асылбай кісі есімдері мағыналық жағынан бірдей емес. Себебі « бай » сөзінің мағынасы екі түрлі жолмен қолданылады. Біріншіден « бай» сөзінің алдына жалғанатын сөз зат есім болса, екіншіден «бай» сөзінің алдына жалғанатын сөз сын есім болып жалғанады.
Ал түркі тілдеріндегі ономастиканың зерттелу тарихына шолу жасалғанда ол екі дәуірге бөліп қараған [13;10].
Біріншісі- ертеде жазылған еңбектер, екіншісі -советтік дәуірдегі еңбектер болып бөлшінген. Бұндай еңбектер-В.В. Радловтың әйгілі « Түркі тайпалары әдебиетінің үлгісі» кітабы негізінде жасалған.
Қазақ тілінен бөлек түркі тіліндегі ономастикасын және тарихын, әдебиеті мен тілін зерттеушілерден: В.А. Гордлевский, А.И. Самойлович мақалаларында әдет-ғұрып, ырым жайлы жасөспірімдерге ат қою, тәрбиелеу туралы мәселелері көрсетілген [13;21]
Қазіргі тіліміздегі антропонимдер ХІ-ХҮ ғасырларға тән архитектуралық ескерткіштерде де кездесетіні айтылып жүр. Сол кездегі есімдер мен қазіргі романдағы есімдердің арасында айта қоярлықтай ерекшеліктер байқалмайды. Тек қана олардың айырмашылығы дыбыстық құрылыста екендігінт білеміз.
Сонымен қатар, романдағы жиі айтылатын Мырза сөзінің шығу төркіні негізінде Мырза- парсының амиразада сөзінің қысқарған түрі.Негізінде ХІХ ғасырда бұл термин Қырым татарларында атақты семьялардың балаларына берілген титул болғандығын мысалы: Мирзада яғни « ақсұйек» / әкім/ « ұлы » және де Мырзатай, Мирзахан деген есімдердің бар екенін зерттеуші ғалымдар толық айтқан болатын [7;192].
Дүние жүзіндегі халықтарының өзіне тән, жеріне әдет-ғұрпына, шаруашылығына, салт-санасына, дәстүріне байланысты кісі есімдері бар.
Кісі есімдерінің қойылу салты рулық қоғамнан бастап бар екенін дәлелдеген.Мысалы: Ф.Энгельстің жазғанындай, әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады . Әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екендігі дәлелдеген – дейді, Ә.Әбдрахманов[8;106].
Түркі тіліндегі қазақ есімдері ерте кезден бастап-ақ, пайда болғанын және де есімдеріміздің ішінде ерте замандарда қойылған есімдердің шығып қалғандары да бар, сонымен қатар кейбіреулері жұрнақ ретінде сақталған [9;45] . Мысалы: романдағы Байсал, Дәулеткелді, Ораз т.б.
Антропонимдер адамдардың ғасырлар бойы басынан кешірген күн- көріс жолындағы табиғатпен аңға, құсқа сыйыну, ай мен күнге табыну сияқты ырмдардың барлығы кісі есімдеріне әсер етеді. Мысалы: осы романдағы есімдерден Құсбек, Бүркітбай, Қамысбай, Көкше, Торғай т.б. есімдері жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты қойылған.
Халқымыздың шет елдермен байланыс жасау арқылы тілімізге мыңдаған сөздердің және басқа тайпалар мен рулардағы кісі есімдері біздің тілімізге енген.
Фольклор халқымыздың көркем әдебиеті мен жазба әдебиетін дамытуда ерекше орны бар. Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда дамыған. Қазақ халқының көшпелі тұрмысына төрт түлік мал атауына байланысты есімдер көбірек ұшырасады. Осы атаулар арқылы жасалған есімдерден « Абай» романындағы жиі ұшырасатын құбылыс. Аққозы, Бурақан, Қаратай, Құлайғыр, Құлыншақ, Құнанбай, Серке т.б. есімдер пікіріміздің дәлелі.
Дүние жүзіндегі халықтардың күн- көріс тіршілігі кейде өзара ұқсас болып келеді.Осы ұқсастықтар кейде тілде басқа бола тұрса да, туыстық жағынан бір-бірінен алшақ бола тұрса да антопонимия саласында ұқсастықтар байқалады. Мысалы, орыс тіліндегі Волков, Бугачев, Беркутов, Соколов,Козлов, Лисицын, Медведев, Зайцев орыс тілінде болса. Осындай есімдер « Абай» романында да ұшырайды .Мысалы: Бөрібасар, Бүркітбай, Құсбек т.б. аттар кездеседі. [13; 24-25].
Осы сияқты есімдер қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркмен тілдерінде бар екндігі сөзсіз, бұлардың формаларының басқа болғанымен мағыналарының ұқсастығы көрініп тұр.
Романдағы кейбір есімдер ескі түркі тілдерінде ұшырасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет