1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу


« Абай жолы» романындағы антропонимдердің сөз таптарына қатынасы



бет8/11
Дата18.05.2024
өлшемі195 Kb.
#501417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Абай-жолы»-романындағы-антропонимдер

« Абай жолы» романындағы антропонимдердің сөз таптарына қатынасы

« Абай жолы» романындағы біріккен тұлғалы антропонимдерді құрамына қарай мынадай топтарға бөліп қараймыз.


І. Зат есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған есімдер:
Мысалы: Ә б д і р а х м а н , Б и б і с а р а, С а д у а қ а с , Ә к і м қ о ж а, Ә л і м қ о ж а , Б а л а ғ а з , А б ы л ғ а з ы т.б.
Түн ішінде елеусіз бір адырларға А б ы л ғ а з ы жылқы әкелді / І;225/. Сармолланың қызы Б и б і с а р а /ІІ;343/. Кішкентай, ақ сарылау келген Ә б д і р а х м а н /І;280/
Бір сөзді екінші сөзге біріктірп жаңа сөз тудыру тек кейінгі кезде шыққан тәсіл емес, ерте заманнан- ақ қалыптасқан [22]
Негізінде зат есімдерге мағынасы жағынан заттық ұғымды білдіретін сөздердің бәрі де енеді.
2. Сондай- ақ сөз таптарының ішінде зат есімдер мен сын есімдер де бір- бірімен тығыз байланысты. Зат есім мен сын есімнің біреуі арқылы жасалған есімдер:
А қ қ о з ы , А қ б а с, А қ ш о л а қ, Қ а р а б а с , Қ а р а б а т ы р , С а р ы м о л л а , Ж а м а н т а й , Н ұ р ғ а н ы м , Н ұ р қ о ж а т.б.
Сын есімдер мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық сын және қатыстық сын деп екі топқа бөлінеді. Сапалық сын есімдер заттың тікелей қабылданатын белгілерін яғни заттың түр-түсін ( көк, ақ, қызыл, қара, сары) білдіреді. Көлемдік белгісін ( үлкен, кіші) заттың салмағына байланысты Қ а б а н қ а р а , М е с қ а р а есімдері бар. Өзіне танытқан талпақ қара баласы М е с қ а р а бар екен /ІІ;23/ .
Адамның мінез-құлқы және т.б. білдіретін есімдер: Т о р ы м б а л а, К е р і м б а л а т.б.
Сапалық сын есімдер өзінің лексикалық мағынасы бойынша заттың әртүрлі белгісін көрсетеді.
Ендігі бір байқағанымыз, есім атауын жасауға зат есімдерден кейінгі актив келетін сөз табы етістік.
Әрине көбінесе етістіктер өзі тіркесетін сөздерден кейін келіп бір топ есімдерді жасайды.
Романдағы зат есім мен етістіктен жасалған есімдер: Д ә у л е т к е л д і , Е с б е р г е н , Т ө л е п б е р д і, Б ө р і б а с а р , Ж о р т а р , К ө р е р , Қ ұ д а й б е р д і , Ө т е г е л д і т.б.
Ал кейбір етістіктер зат есімнің алдында қолданылатын есімдер де бар: Т ұ р ғ а н б а й , Т ұ р с ы н а й т.б.
Етістіктер мағынасы жағынан қимыл, іс- әрекетті білдіреді.
Етістік - қыр -сыры мол, ең күрделі сөз табы болып табылады.

Абай жолы” романдағы сан есімдерге байланысты антропонимдер


Романдағы сан есім арқылы жасалған кісі есімдері болса, баланың туған күніне , мерзіміне оны қоршаған ортаға, өмір тіршілігіне байланысты болса, енді біреулері сандардың қасиеттеріне сену идеясына байланысты қойылады. Осы романдағы сан есімге байланысты есімдерден, А л т ы б а й , Т о қ с а н , Б е с- б а й , Ж е т п і с , М ың ж а с а р сияқты есімдері бар.
А л т ы б а й жас жылқышыларға « іңірге шейін тыныс алып, ес жиыңдар » деге н /ІІ;580/. « Алты» сан есімдерді түркі тілінің тарихында баланың қол аяғы алтау болыр туылуына байланысты қойылатын болған. Мәселен, өзбек ономастикасын зерттеуші З. Бешатов былай дейді: «Балалардың қолы яки аяқтарының саусақтары алтау болып туылса, О р т и қ , О р т и қ б а й, О л т и- б о й ,» сияқты есімдер қойылған.
Алтыбай жиі ұшырасатын сөз тіркестері алты ай жаз, алты ай қыс. Демек « алты» сан есімнің сөздік қорымызда кеңінен қолданылып, түрлі лексика – семантикалық қасиетке ие екенін байқаймыз. Жақсы сауыншы Т о қ с а н үйленсе, кетіп қалмақшы, сол үшін жібермес болып, жіпсіз жүр /ІІ; 122/.
М ы ң ж а с а р ғ а жаманшылық жасап жүрген оның туысы емес, түп себебін айтсам- жоқшылық.
Ал, жетпіс, тоқсан сан есімдері арқылы жасалған кісі есімдері баланың әкесінің осы жасқа келгенде туылғандығын немесе сол жасқа жетемін деген сеніммен қойылғандығын көрсетеді. Онымен қатар М ы ң ж а с а р есімімен қою баланың өмір жасы ұзақ болсын деген тілекке байланысты қойылған есімдер.
Жалпы сан есімдер түркі халықтарында фразеологиялық тіркесулер жасауға бейім тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі кісі есімдерінің шығу тарихы жоғарыда атап көрсеткеніміздей сан есімдердің есім жасау қасиеті. Түркі халықтарының ішінде қазақ тілінде актив қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет