1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу



бет10/11
Дата18.05.2024
өлшемі195 Kb.
#501417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Абай-жолы»-романындағы-антропонимдер

Қорытынды

М. Әуезовтің « Абай жолы» романы өзінің көлемі жағынан да, қамтитын дәуірі жағынан да қазақ әдебиетіндегі ең бір құнды туындылардың бірі. Романда оқиғада көп және оған қатысатын кейіпкер де көп. Романда 450-дей адамның аты, 200-ден астам топоним толып жатқан этнонимдер бар. Ғалымдардың айтуына қарағанда романда антропоним, этнонимдер, топонимдер 101923.


Антропонимдерді лингвистикалық тұрғыдан зерттеу тіл біліміндегі маңызды мәселелердің бірі. Себебі, антропонимдердің тұлғаларында тек қана лингвистикалық мағына емес сол тілдің синтаксистік құрылысы да көрінеді. Антропонимдерде сол халықтың тарихы, әдет-ғұрпы сақталады.
Сондай-ақ антропонидерде тілдердің туысты өзге тілдермен байланысы қарым-қатынасынан көрінеді. Антропонимдерде сол халықтың тарихы, әдет-ғұрпы сақталады. Бұған мысал ретінде « Абай жолы» романындағы есімдердің түркі тілдеріне ортақтығы.
Бірсыпыра есімдердің араб-парсы тілдерінен екендігі. Сондай-ақ романдағы ұшырасатын орыс тілінен және орыс тілі арқылы шет тілінен кірген есімдер бұған толық дәлел бола алады. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсатында кейбір антропонимдердің өте ерте дәірден сақталып келе жатқанына көзіміз жетті. Антропонимдердің мағыналық топтарына және морфологиялық құрылысына талдау жасағанымызда антропонимдердің түбір, біріккен, туынды күйде пайда болғанына көзіміз жетті. Романдағы араб-парсы тілдерінен сондай – ақ орыс есімдерінен кірген есімдер қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес дыбыстық өзгерістерге ұшыраған. « Абай» романында бірлі-жарым монғол тілінен енген есімдер ұшырасады, бірақ бұлар көп емес. Романдағы есімдердің барлығы түгел қазаргі кезде халық арасына тараған деп айта алмаймыз. Көбісі қолданудан шығып қалып, сирексіп кеткен. Мысалы: Қ а м қ а , Қ о д а р , Б ө ж е й, Қ ұ р а н б а й дегендер.
Ал, Е р б о л , Д ә р м е н , деген антропонимдер қазақ арасында өте жиі кездеседі. Біздіңше бұл « Абай» романында басталған дәстүр мен әдет деп ойлаймыз.
Біздің М. Әуезовтің « Абай жолы» романында қазақ прлзасындағы антропонимдерге бай екеніне шек келтіруге болмайды. Бұл романда қазақ тілінің басып өткен жолы мен үлкен тарихы жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет