ДҮние жүзі тарихы



жүктеу 60.72 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі60.72 Kb.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

1. Алғашқы қауым адамдарының ұйқыдағы адамды оқыс оятпауының себебі.

A) Ұйқысы бұзылады.

B) Өмір бойы ұйықтай алмай кетеді.

C) Өліп кетеді.

D) Шошып кетеді.

E) Сыртқа шығып кеткен жаны оралып үлгере алмайды.



2. Ежелгі Грециядағы театрдың актерлер ойын көрсететін бөлігі.

A) Орхестра деп аталған.

B) Балкон деп аталған.

C) Амфитеатр аталған.

D) Ложа деп аталған.

E) Скене деп аталған.



3. «Евгений Онегин» романының авторы:

A) М.Лермонтов.

B) А.Грибоедов.

C) Н.Гоголь.

D) А.С.Пушкин.

E) Т.Шевченко.



4. Кеңес Халқының неміс-фашист басқыншыларының тылындағы бүкіл халықтың күресінің формасы.

A) Экстремистік әрекет.

B) Партизан қозғалысы.

C) Террористік әрекет.

D) Мойын ұсынбау қозғалысы.

E) Cепаратистік әрекет.



5. КСРО-ның ыдыраған уақыты:

A) 1989 ж.

B) 1992 ж.

C) 1990 ж.

D) 1991 ж.

E) 1988 ж.



6. Ең биік Хеопс пирамидасы салынды:

A) Б.э.д. 2700 жылы.

B) Б.э.д. 3000 жылы.

C) Б.э.д. 1500 жылы.

D) Б.э.д. 1750 жылы.

E) Б.э.д. 2600 жылы.



7. Крест жорығына қатысқан батыс европалық рыцарлардың Иерусалим қаласын басып алған жылы:

A) 1090 жылы.

B) 1099 жылы.

C) 1094 жылы.

D) 1086 жылы.

E) 1079 жылы.



8. Үндістанға баратын теңіз жолын жалғастырып жүзеге асырған португалдық ақсүйектер өкілі:

A) Васко да Гама.

B) Колумб.

C) Бартоломеу Диаш.

D) Магеллан.

E) Америго Веспуччи.



9. Германиядағы халықтық Реформацияның көсемі.

A) Мюнцер.

B) Кальвин.

C) Лойола.

D) Альба.

E) Лютер.



10. 1848-49 ж.ж. Италия революциясының басты мәселесі:

A) Ұлттық тәуелсіздікті алу, елді саяси біріктіру.

B) Австрия құрамында қалу.

C) Феодалдық тәртіпті сақтау.

D) Абсолютизмді сақтау.

E) Буржуазиялық қатынастарға жол ашу.



11. Қытайдағы 1850-1864 жылдардағы Тайпиндер көтерілісінің басшысы:

A) Лу Синь.

B) Хун Сюцюань.

C) Чан Кайши.

D) Юань Шикай.

E) Ли Сючен.



12. 1898 жылы АЌШ пен Испания соғысы нәтижесінде АЌШ-тың иелігіне өткен арал:

A) Соломон.

B) Мальвин.

C) Канар.

D) Пуэрто-Рико.

E) Маршалл.



13. Жас түріктер 1908 жылы көтеріліс жасаған жер:

A) Греция.

B) Стамбул.

C) Болгария.

D) Кипр.

E) Македония.



14. 1905 жылы актриса Ермолованың портретін салған орыс суретшісі:

A) В. А. Серов.

B) М. А. Врубель.

C) А. Н. Бенуа.

D) И. Е. Репин.

E) М. В. Добужинский.



15. Үндістандағы ең жоғары кастаға жататындар.

A) Қызметшілер.

B) Құлдар.

C) Абыздар.

D) Шаруалар.

E) Жауынгерлер.



16. Византия империясына енген елдер:

A) Кавказ, Орта Шығыс.

B) Филиппин, Малайзия, Қытай.

C) Италия, Франция, Польша.

D) Балкан елдері, Кіші Азия, Сирия, Египет.

E) Испания, Франция, Польша.



17. “Италияның Афинасы” деп аталған қала:

A) Венеция.

B) Флоренция.

C) Милан.

D) Генуя.

E) Рим.


18. ХІ-ХІІ ғ.ғ. өзінің сұстылығымен, алыптылығымен және жарты дөңгелекті аркаларымен ерекшеленетін архитектуралық стиль.

A) Барокко.

B) Романдық.

C) Рококо.

D) Готикалық.

E) Классикалық.



19. Солтүстік Америкада алғашқы ағылшын қонысы қашан пайда болды?

A) 1775 жылы

B) 1781 жылы

C) 1776 жылы

D) 1782 жылы

E) 1607 жылы



20. Революцияшыл жұмысшы табының гимні "Интернационал" әнінің сөзін жазған адам:

A) Карл Маркс.

B) Лео Франкель.

C) Эжен Потье.

D) Петр Лавров.

E) П. Дегейтер.



21. Қашан Германия дүние жүзіндегі екінші ірі теңіз державасына айналды?

A) 1911 жылы

B) 1895 жылы

C) 1914 жылы

D) 1910 жылы

E) 1888 жылы



22. «Тайфун» операциясы – бұл:

A) Киев үшін шайқас.

B) Балтық маңын оккупациялау.

C) Ленинградтың қоршалуы.

D) Одессаны жаулап алу.

E) Мәскеуді алудың жоспары.



23. Тоталитарлық коммунистік режимге тән белгі:

A) Рыноктік қатынас.

B) Көппікірлік.

C) Жоспарлы шаруашылық.

D) Тауар-ақша қатынасы.

E) Жеке меншік.



24. Ф. Кастроның армиясы Гаванаға кірген жыл.

A) 1953 ж.

B) 1956 ж.

C) 1958 ж.

D) 1959 ж.

E) 1957 ж.



25. Франк империясының территориясында кейінірек құрылған мемлекеттер:

A) Франция, Испания, Португалия.

B) Испания, Италия, Германия.

C) Франция, Италия, Германия.

D) Австрия, Италия, Испания.

E) Германия, Франция, Англия.



26. Скандинавиядағы норман мемлекеттері:

A) Дания, Щвеция, Норвегия.

B) Карелия, Эстландия.

C) Финляндия, Исландия.

D) Литва, Латвия.

E) Польша, Чехия.



27. АҚШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы аралығындағы қайшылықтың шиеленісуі себеп болған екі топты атаңыз:

A) Феодалдар мен қара түсті құлдар.

B) Ірі капиталистер мен үндістер.

C) Ірі жер иеленушілер мен шаруалар.

D) Оңтүстіктегі құл иеленушілер-Солтүстіктегі капиталистер.

E) Үндістер мен ақ американдықтар.



28. 1990 жылы тәуелсіздігін алған ел:

A) Ангола.

B) Мозамбик.

C) Индонезия.

D) Филиппин.

E) Намибия.



29. 1989 жылы Куба елінің әскери контингенті қай елден шығарылды?

A) Мексикадан.

B) Анголадан.

C) Египеттен.

D) Мозамбиктен.

E) Аргентинадан.



30. Телефонды ойлап тапқан:

A) Г.Маркони.

B) Т.А.Эдисон.

C) А.Г.Белл.

D) Ағайында Люмьерлер.

E) А.С.Попов.



ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ


1E 2A 3D 4B 5D 6E 7B 8A 9A 10A 11B 12D 13E 14A 15C 16D 17B 18B 19E 20C 21C 22E 23C 24D 25C 26A 27D 28E 29B 30C


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет