1 Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұРҒыдан қарастырылуы 6


Қазақ лақап есімдері және антропонимдердің, эпонимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі1 Mb.
#124185
1   2   3   4   5

2.2 Қазақ лақап есімдері және антропонимдердің, эпонимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні.

Қазақ дәстүрінде адамның жалқы есімнен басқа да толып жатқан (жанама, бүркеме лақап, балама т.б.) қосымша аттары болады. Қосымша аттар адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың ыңғайына қарай өзгеріп, әр алуан морфологиялық тұлғалармен түрленіп, сұхбаттасушы субъектілердің бір-біріне деген ізет-құрметін, көңіл-күйін, ішкі сезімін, дәстүрлі әдептілік пен жол-жоралғыны таныту үшін, жан дүниесін паш ету мақсатында жұмсалады.

Лақап атаулардың ерекшелігін зерттеген Т.Жанұзақов, Т.Абдрахманова, А.Бахамова, Г.Байғонысова т.б. Ономастиканың антропонимика саласының негізгі мәселелерінің бірі – бейресми жалқы есімдер (лақап ат). Бейресми жалқы есімдер барлық халықтарда бар. Орыс тілінде лақап атқа – «прозвище, название, данное человеку в насмешку, в шутку и.т.п.» обычно содержащее в себе указание на какую-либо заметную черту его характера, наружности, деятельности и.тд» деп анықтама берілген [56,156]. Сонымен, қазақ, орыс т.б. халықтарында да лақап ат қою адамның бет-пішіне, мінез-құлқына, істейтін кәсібіне немесе бір ерекшелігіне байланысты қойылады. Кейбір тура тауып қойылған есімдер, сол адамға өмір бойы қосалқа ат болып қалады. Зерттеуші пікірі бойынша, жалпы лақап есімдер өзіндей белгілері бойынша лексика-сематикалық топтарға бөлінеді.

Сонымен, тілімізде ресми шын аттармен қатар, лақап аттар да бар. Ондай лақап аттардың тым ерте кездерде-ақ қолданылғанын байқаймыз. V-VІІІ ғасырларға тән түркі халқының жазба ескерткіштеріндегі Күлтегін, Яш Ак Баш, Джагий Шад, Тоныкөк сияқты есімдер – лақап аттар. Халық ертектеріндегі Шіңкілдек, Желаяқ т.б. – халық ойынан шексіз қиялынан қойылған лақап аттар.

Лақап аттар ертеректе қазіргі кездегідей, мағынасына қарай сараланбаса керек. Тіптен алғашқы қоғамда-ақ адамдар дене бітімі мен тұлғасына сай лақап есімдермен аталып отырған. Ал кейінгі кезеңдерде кісі аттарының түрлері дамып, функциясы, атқаратын қызметі жағынан ерекшелене бастағаны байқалады. Сөйтіп, қоғамның даму сатысына лайық адамдарға ат қойылып, оның мәніне де көңіл бөліне бастағанын көреміз. Ал мәдениеті дамып, жазба әдебиеті қалыптасқан халықтарда фамилия шыққан соң лақап аттар сиректейді. Мәселен, бұл құбылыс орыс тілінде ХV ғасырмен салыстырғанда, қазіргі кезде баяу, өте сирегенін, текэкспрессивтік мәнерге ғана ие болып қалғанын көреміз.

Ерте кезде лақап тек адамдардың ғана емес, тіпті кейбір рулардың да лақап аттарының болғаны байқалады. Бұл құбылыс түркі халықтары арасында көбірек кездеседі.

Руға байланысты лақаптар қазақ рулары арасанда да біраз кездеседі. Мысалы: Қаракесек, Қарақыпшақ, Ақ найман, қара қаңлы, сары қаңлы, сары үйсін, жанышқылы, байұлы, таз, жетіру, семіз найман, жуанбұт найман, көкірек, шуылдақ, қайшылы, алғалы, ошақты, ойықты, шимойын, момын, жетімомын, қарауыл,сасық, құйысқансыз, жаулы, сарықасақа, төртқара, ақкете т.б. [55].

Лақап ат адамның екінші бейресми аты ретінде қоғамның белгілі бір ортасында адамның өз атымен қатар қолданып, жеке адамның қадір қасиетін, оның объективті шындыққа қарым қатынасын сипаттайды. «Лақап ат (жалған ат араб.) жеке адамның екінші, қосымша аты қызметін атқарады.»[57,26].

Лақап аттар адамның дене бітім, пішіні тұлағсына және психологиялық ерекшелігіне қарай, кейде істейтін кәсібіне лайықты қойылып отырады. Баланың сәби кезінде қойылған лақап аты оның есейгенде де сақталуы мүмкін.

Лақап аттар ауыл адамдары арасында, әсіресе мектеп жасындағы балалар арсында көп кездеседі. Бойы қысқа баланы Қортық, Быртташ, басы үлкен болса – Бартбас, тез сөйлегіш болса – Сартылдақ деу бар.

Лақап аттар халық ауыз әдебиетінде кеңінен орын алған. Ертеректерде кездесетін Алдар Көсе, Жиренше Шешен, Асанқайғы, Аязби т.б. лақап аттар. Жазушы қаламынан туған көркем әдебиеттерден де лақап аттардың алуан түрін кездестіреміз. Оқиғанын баяндап отырған жазушы лақап аттаың мәніне, қойылу себебіне көңіл аударып, толық сипаттап отырады. Бұл жайды, әсіресе көркем сөз шеберлері, академик жазушыларымыз М.Әуезов пен С.Мұқанов шығармаларынан айқын көреміз.

М.Әуезов «Абай жолы» романында Кеңгірбайдың лақап атын былайша баяндап берген. «Кеңгірбайдың халық қойған аты «Қабан » болатын. Жем үшін, осындайда қарындастың қанын ішкендіктен, «Қабан» атанған» [58.392].

Лақап ат әдетте халық тарапынан қойылады. Өйткені халық өз арасындағы, өз қоғамындағы адамға сыншы, кемшілігін байқағыш мінші. Сондықтан ондай лақап аттар көбіне өзгермейтін, тұрақты келеді.

Лақап атты бергенде адамның өн бойындағы кемшілігіне, мінез-құлқына мін таға қараумен қатар, бұрынғы қойлған атының ыңғайлы-ыңғайсыз жағына да назар аударады. Бұл ретте тағы да М.Әуезовтің «Абай жолы» романына үңілейік.

«Ертеңінде, Абай мен Ербол Шілікті кезеңінен аттанып шығысымен Шүкіман жайын ауызға алысты.

- Керім, керім.... Несін айтасын! – деді Абай.

- Әй, керім! Әй, керім! – деп, Ербол да сұқтанып тамсанудың үстінде еді.

Абай, «қалай айттың, қалай айттың» - деп жолдасының жаңағы айтысын қайта-қайта қайыртты да :



  • Ал , мен бір нәрсе айтайын ба? Бұның Шүкіман деген аты сұлу емес, сай емес! Жаңа ат қоямыз. Оны дәл осы арада сен таптың. Шүкіман аты қалсын, ендігі аты Әйгерім! Әйгерім болады!» - деді. »[58.40]

Ат қоюшылар бұл жерде Шүкіманның нұрлы , келбетті көркіне, әдемі мүсініне, қысқсы, оның асқан сұлулығына ерен көңіл бөледі. Осыдан барып, таңданудың, сұқтанудың, өте қызығудың нәтижесінде Әйгерім деген қосымша ат береді.

Енді көрнекті жазушымыз С.Мұқанов шығармасынан да мысал келтірейік: «Құлым қажының аулынан «қарақасқа сорлылардың» қатарына қосылатын Балғабайдың сумұрын Нұртазасы мен Жыланкөз Ыбырайдың Ахметі жүр. Балтабай аулынан «қарақасқа сорлылардың» қатарына қосылатын Өстемірдің Қалтақбас Ғабдеші, Саржан қатынның Ұзын Әшкері, Тапалтақ Әбдіман, Омардың таз Сұлтанқайы жүр; Крестадан өмір бойы Сақтағанның сауыншысы болған Қойшығалидың Арықбаласы, Төлебайдың Айранкөз Уәлиі жүр. Қараталдан – Көкшебайдың шұбар Өтегені, Құсайынның бұжыр Ережебі, суылдақ Құдыярдың балалары және ұзынмұрын Құрманның інісі Мәжен жүр »[59.30]. Жазушы бұл ретте әрбір кейіпкердің бой бітімін, кемістігін, мінез-құлқын суреттеу, әсірелеу арқылы олардың лақап есімін жасаған.

Аты Мұстафа болғанмен жұрт оны Сақау деп кеткен. Көкериді мен жақсы білемін. Оның шын аты Аманжол. Бала кезінде жылауық болғандықтан, жеңгелері оны тауықтың дамылсыз шақырытын әтешіне ұқсатып, «көкери-көк» қойған да, содан «Көкери» атанып кеткен. Қасқұлақтың шын аты – Айтжан. Құлақтары қасықтай қалқиған үлкен болғандықтан, бала кезінде жеңгелері «Қасық құлақ» қойған да, содан «Қасқұлақ» атанып кеткен.[59.26]

Бұл сияқты көркем әдебиеттерде қолданылған лақаптар Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов т.б. шығармаларында жүздеп кездеседі.

Лақап аттар дара күйінде де, кісі аттарымен тіркесе де қолданылады. Мәселен, Сойдақтіс, Сабалақ, Қасқыркөз, Жалаңтөс, Жылпос, Хамит, Жылауық Хамит, Сал хамит т.б.

Соңғы есімдердің бірінші сыңарындағы сөздер үш Хамиттің әрқайсысына тән қасиетін, мінез-құлқын көрсетіп тұр. Бұл тіркесте лақап көрсеткіш анықтауыш тұлғада тұрады. Ал Аладар Көсе, Жиренше шешен, Біржан сал тәрізді тұлғаларда келгенде анықталушы ретінде кісі аттарының соңында келеді. Бұл дәлелдерге қарағанда олардың орын тәртібінде белгілі тәртіп, заңдылық жоқ сияқты, тек белгілі бір мотивке байланысты қойылатынын байқаймыз.

Тілдегі жалқы есімдер дегеніміз жекелеген заттардың бейнелеу қызметін атқаратын, заттық мағынаны беретін арнайы аттаулар тобы. Лақап ат адамның екінші бір ресми аты, жеке адамның екінші, қосымша аты қызметін атқарады. Мәселен, І.Есенберлиннің «Алтын құс» романында кейіпкер өзінің сүйікті әжесі туралы: «Бірақ мен есі білгелі осы қарт әжемнің қолынан газет, журнал түсекнін көрген емеспін. Сондықтан болу керек, келіндері, қыздары оны «Газет-апа» деген лақап ат әженің оқымыстылығына қойылған ат емес, адамдардың аталушы объектіге деген жылы да мейірбанды қарым-қатынасын білдіреді [60.21].

Демек, лақап аттар ресми түрде (әке аты, фамилия болып) қалыптасады. Өйткені олар ресми паспорттың есімдері емес. Баланың өңі қара болса оны Қарабала, Қарақыз немесе көзі қара болса Қаракөз деп кету болған. Лақап ат әдетте халық тарапынан қойылады. Өйткені халық өз арасындағы, өз қоғамындағы адамға сыншы, кемшілігін байқағыш сыншы болған.

Профессор Т.Жанұзақов лақап аттарды лексикалық мағынасына қарай мынадай топтарға бөледі:

І.Түрлі белгілерге байланысты.

а) адамның бет-әлпет түріне, көзі, шашына байланысты. Мысалы: Қаракөз Айша, Қасқыркөз, Телқара, Сары Асан, Шұбар Малыбай, Жылтырбет Төрехан, Күлімкөз Ботан, Бұжыр Мақан, Қызылбет Әли, Ақбас әзім, Қасқабас Сәлім, Шоңмұрын Кәдір, Жылтыр Хасен, Шегір Асаубай, Алакөз, Көккөз т.б. Бұл топқа халық ауыз әдебиетіндегі: Қарашаш, Қара Көжік, Қаракөз Айым сияқты есімдердің (қара, қаракөз, сұлу) тіркестерін лақап аттарға жатқызуға болады.

б) адамның жүріс, тұлғасы, мүсініне байланысты. Мысалы: жорға Жұмабай, Ұзын Ахмет, Қисық Әлтай, Қалтақбас Ғабдеш, Ұзын Әшкер, Бүкір, Түйе балуан, Майысқақ Қаратай, Шойынқұлақ, Шойықара, Қортық Сәми т.т

в) адамның дене мүшесінің кемдігіне байланысты. Мысалы: Бүкір, Сақау Баймағамбет, Шолақ Шаймерден, Таз Сұлтақай, Балуан-Шолақ, Пысылдақ Омар, Қалтақбас Әспет, Төкір Сойдақтіс, Манап таз, Кекеш, Ораз т.т.

ІІ. Мінез-құлық, бейімділік әрекетке, ерекшелік қасиеттерге байланысты. Мысалы: Найзағай Асан, Қиясбай, Қисық, Дарабоз.

ІІІ. Негізгі кәсібі, қызмет бабына байланысты. Етікші Ахмет, Оташы Мәлібек, Саятшы Ораз, Ұста Сұлтанбек т.т. қазіргі кездегі: Мұғалім Оспан, профессор Балапанов, ғалым Әсел сияқтылар белгілі бір мамандықты, яки ғылыми атақты білдіреді. Бұларды сондықтан да лақап аттар қатарына жатқызуға болмайды.

ІV. Әлеуметтік, яки қоғамдық жағдайғаға байланысты лақап аттар. Ерте кезде үстем тап өкілдерін атағанда оның әкімдігі қоса айтылған. Мысалы: Күшікбай би, Алғазы сұлтан, Сағыр батыр, мырза Боранбай т.т. Мұндай лақап аттар қазір жоқ.

Лақап аттар кісінің бастапқы шын атымен қатар өмір сүреді. Олардың бірі әбден қалыптасып, нағыз адмның шын атына айналады да , сол адам өмірімен бірге кетеді. Ал екінші бірі, біраз уақыт айтылып жүргенне кейін, ескерусіз, ұмыт қалып қояды. Мұндай жағдайда адамның бұрынғы аты жеңіп шығады. Ал кейбір лақап аттар кісінің бастапқы атымен тіркесе айтылып қолданудан шықпайды. Олар осы тіркес қалпында келіп, тұтас кісі атын білдіреді. Оған мынандай тарихи аттардан мысал келтірейік. Олар: Қозы Көрпеш, Алдар Көсе, Жиренше Шешен, Ақан сері, Біржан сал т.б. Осылардың тіркесіндегі «көрпеш», «көсе», «шешен» сөздері кісінің қасиетін, пішінін және сапасын аңғартып тұр. Бұл сөздердің кейбірін жеке талдап көрсек, оның мынандай тарихын байқаймыз.

Көрпеш - қозының көрпелдес жүнді әдемісі. Көсе – сақал, мұрт шықпаған қу кісі. Ал шешен - қара сөзге дес бермейтін, сөзге шебер адам. Моңғол тіліндегі мағынасы данышпан. Бұлар кейде көсе, көрпеш, шешен қалпында қолданыла береді.

Шешен сөзінің мағынасын толық сипаттай келіп, профессор Ә.Марғұлан: «Бұрынғы кездегі қария жыраулардың жиренше деп аталуы олардың ылғи «жирен атқа» мініп, ел аралап, қобыз тартып жүруінен болған, бұл әдет, әсіресе, оғыз, қаңлы, қыпшақ руларының ортасында көбірек орын алған. Халық аузында айтылатын жиренше бір кісінің аты емес, ол үйсін заманынан келе жатқан қария жыраулардың жинақ әрі лақап аты» [61.77].

Лақап аттардың бір түрі ретінде бүркеншік аттардың да (псевдонимдердің) әлеуметтік мәні мен коммуникативтік қызметі ерекше. Бүркеншік ат (псевдоним) деп шын аттан бөлек, ойдан шығарылған, көп реттерде фамилия мен есімдер орнына жүретін атауларды айтады. Ол гректің псевдонимес сөзінен «жалған аталған, жасырын» деген ұғымды білдіреді. Бүркеншек аттарды әлеуметтік саяси өмірге қатысушы қоғам қайраткерлерді, ақындар мен жазушылар, журналистер мен көркем өнер мамандары пайдаланған. Бүркеншік аттарды пайдалану әсіресе өткен ғасырлардағы орыс көтерісшілерінде көбірек болған.

Бүркеншік аттардың орыс жазушылары мен актерлері арсында ХІХ ғасырда кеңінен тарағаны белгілі. Мысалы: А.И.Герцен өз шығармаларына «Икандер» деп А.П.Чехов – Анче, Антоша; Н.Н.Борисов – Кисляев, Крапива, Рувер, Лаэрт деп қол қойып отырғаны аян.

А.М.Горкий жазушылық қызметінде көптеген бүркеншік аттарды пайдаланыпты. Мысалы: Горький, Некто, Паскарелло, Терро, Дон-Кихот, Василий Сизов, Хламида т.б.

Орыс жазушылары мен ғалымдарының саяси-қоғам және революционер қайраткерлердің бүркеншік аттармен жарияланған шығармаларын жинап, авторлығын анықтап, ол бүркеншік аттардың шығу себебін дәлелдеген тұңғыш зерттеуші Иван Филиппович Масанов еді. Оның «Орыс ғалымдары мен жазушыларының және қоғам қайраткерлерінің бүркеншік аттарының сөздігі» (М., 1956-1960) деген төрт томдық еңбегі баршаға мәлім. Бұнда бүркеншік аттардың сипаттары, оның шығуы мен тарауындағы түрлі себептері мен жағдайлары кеңінен айтылады. Орыс жазушыларының бүркеншік есімдерінің тарихын зерттеуші ғалымдар бұған аса назар аударып отыр.

Қазақ жазушылары мен журналисттерінің , саяси қоғам қайраткерлері мен оқымыстыларының бүркеншік аттарының шығу, туу тарихы 20-жылдардан басталады. Қазақстан тарихында белгілі саяси қоғам қайраткердің, жазушылардың бүркеншік аттарды пайдалану Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кездерде (елді ұжымдастыру) күресу жылдарында қолданылған.

Бүркеншек аттар құрлысына қарай әртүрлі болып келеді. Ол кезде пайдаланылған бүкеншік атар көбіне төл есімдердің немесе фамилиялардың қысқартылған бас әрпінен, болмаса бас буынынан жасалған. Кейбір авторлар туған жердің атын не шаққан руын, кейде өз атын бүркеншік атпен жазады. Бұл жерде аса көңіл аударарлық , жіті зерттеу, ой саларлық жайт – бір адамның бірнеше бүркеншік атпен аталуы. Мұның өзінде де белгілі бір себеп болса керек. Кейбір бүркеншік аттар баспасөз беттерінде жиі кездесетіндіктен оқушы жұртшылыққа танымалы, белгілі бола бастады. Міне , осы себептен бүркеншік аттарды жиі өзгертіп, жаңартып отыру басты амал болған.

Кейбір бүркеншік аттар бір автродың қолданғанына қарамастан, екінші бір авторларда кездесіп, параллель, ұқсас болып келе бергені байқалады. Мысалы, Матай – Жансүгіровтің де, Сүлейменовтің де бүркеншік аты болған. «Қ» - псевдонимі Өтенов Құлмырза, Шамкенов Қайкенге тән болған.

1917-1930 жылдар аралығында Қазақстанда шыққан газет-журналдар беттерінде бізге жұмбақ бүркеншік аттар кездеседі. Бұл материалдарға қарағанда , сол кездегі жазушылар мен журналистер бүркеншік ат пайдалануды дәстүрге айналдырған. Сол кезде жиі қолданылған бүркеншік аттар: «Бұйрас», «Быж», «Ақық», «Арғын», «Арқа», «Екеу», «Жөнеу», «Қапсыңқа», «Матай», «Таңқыбай», «Сот», «Ә.Қ», «С.Ж.», «Ж.С.», «М.Б.», «Ш.», «А.» т.б.

Бүркеншік аттардың кімге, қай жазушыға тәндігі, мән-мағынасын ашу үшін Т.Жанұзақов екі түрлі жол бар екенін айтады. Бірінші, сол кездегі жазушы, журналистерді жақсы білетін, олармен бірге қызметтес болған қазіргі аға буын қалам қайраткерлерінен сұрап білу, екінші - сол 1917-1930 жылдардағы мұрағаттық деректерді қару керек.[44,89]. Осымен қатар , Б.Кенжебаев пен Берік Қорқытовтың берген атлдауларында біраз бүркеншік есімдердің шешімі табылған. Б.Кенжебаев бүркеншік аттардың төрт түрлі жолмен жасалатынын айтады. Оның бірі – «автордың өз есімінің, не есімі мен фамилиясының басқы әріпттерінен алынған: «М.», «М.Ә.» - Мұхтар Әуезов, «Е.А.» - Ерғали Алдоңғаров, «Сот» - Сайділ Омарұлы Талжанов, екіншісі - фамилиясын жазбай , есімдерін қоя салатын болған: «Бақай», «Елтоқ», «Шиялп», «Шлопан». Бұл есімдер сол кездегі белгілі журналист әдебиетшілер:: Балқай Байтоғаевтың, Елтоқ Дінмұхамебетовтың, Шияп Қожақметовтың, Шолпан Иманбаевалардың өз есімдері. Үшіншісі – авторлар өздерінің туған, өскен жерлерінің, ру-тегінің атын да бүркеншік ат есебінде пайдаланатын блған:: «шаңған» - Бейімбеттің туған жерінің аты, «Матай» - Матай тауына, Матай руынан байланыстырып алынған Ілиясытың бүркеншік аты. Төртіншісі – өздерінің бітіміндегі бір айрықша белгіге байланыстыра, не ойдан шығарып та қоя салатын болған Айталық «Бұйрас», «Бөгде, «Мәлтең» - жазушы Тайшықовтың бүркеншік аттары. Мұнда «Бұйрас» оның шашының бұйралығына байланысты алынса, «Мәлтең» басының үлкендігіне сай қойылған»[44].

Әдебиеттанушы ғалым Б.Кенжебаев бүркеншік аттарды қою әдісті былай жіктеді:


  1. Бүркеншік аттардың жасау, туу жайымен байлансыты немесе географиялық принцип бойынша (туған жер ру атымен қою) Мысалы: Ақмола, Омбылық, Қоңыр, Семей т.б.

  2. Криптонимдік әдіс бойынша (өз атының немесе фамилиясын бас әрпін қысқартып қою) Мысалы: М.Ә. – Мұхтар Әуезов, М.Ж. – Мағжан Жұмабаев, С.С. – Сәкен Сейфуллин.

  3. Лақап аттармен атау (дене пішіні, псхологиялық ерекшелігіне байланысты) Мысалы: Қараша бала – Б.Майлин, Зайсан жігіті, Жаны ашыған – Ж.Байболов, Семинарист Әуезов – М.Әеузов т.б.

С.Талжановтың, Б.Кенжебековтың, Е.Байболовтың материалдар бойынша С.Сейфуллин, «Манап», «Дүйсенбі», «Жұмақан»; Майлин Бейімбет – «Шаңқан» , «Малай», «Быж», «Б.М», «Қойшы», «Кедей», «Шаңқа», «Қара бала»; Ілияс Жансүгіров – «Таңқыбай», «Матай», «Мерген», « Бөкейше», «Тілші», «Марқа», «Сақа», «Қордай», «Ақжол-Қаптағай»; М.Әуезов - «Арқар», «Арғын», «Қоңыр»; Тайшықов Қадыр - «Бұйрас», «Мәлтең», «Бөгде», «Қапсыңқа»; Алдоңғаров Ерғали – «Тамшы» , «Студент», « «Сартай», «Е.А. Сәбит Дөнентаев – «Жетім» ; Аманғали Сегізбаев – «Жөнеу», «оқушы», «Сыншы көз»; Сәбит Мұқанов - «Сым», Сұлтанбек Қожанов – «Тоқпақ», «Тарпаң», «Замандас»; Әбдіқадіров Қалмақан – «Жалшы»; Шанин Жұмат – «Ш», «Атығай»; Сыздықов Жақан - «Жаңқа», «Ұлпан», С.ж. сияқты бүркеншік аттарды қолданған [44].

Антропонимика ғылымында фамилиялар мен әке атының (отчество) шығуы, дамып қалыптасуы – өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кездегі біздің фамилиялар нұсқасы орыс тілінің әсерімен қалыптасып отырғанын тарихтан белгілі. Бұл күндегі фамилия орыс тілінен қабылданған –ев,-ов, -ева, -ова, -ин, -ина қосымша арқылы жасалынады. Мысалы: Ахметова, Оспанов, Смаилова, Тураров т.б.

Орта ғасырда өмір сүрген ғалымдар туған жерінің я қалсының атымен аталғаннан көпке дейін фамилия рөлін атқарған. Орта Азия және қазіргі Қазақстан территориясындағы ғалымдардың фамилиялары Махмұд Қашқари, Юсуп Баласагуни, Абунасыр Фараби т.б. Қазіргі кезде бұл фамилиялар архаизмді факторға айналып отыр. Фамилиялар негізінде адамның бір отбасыға немесе белгілі жерге тәндігін білдіреді. Д.Ушаков редакциясымен жарық көрген «Түсіндірме сөздікте» - «фамилия это наследственное семейное наименование» деп анықтама берілген.

Әке атымен аталу ғылым тілінде патронимия деген терминмен аталады. Ол грек pater (patros) «әке» және onoma ат деген сөзі. Орыс тілінде «отчество» десе қазақ тілінде «әке», «ата» деген термин. Әке атымен аталуы – барлық халықтарда бар және болған дәстүр. Қазақ өмірінде ертеден-ақ ұлы, қызы, баласы деген сөздер өз атымен қосыла айтылып, әкенің балаға қатсын, баланың әкеге тәндігін білдіріп отырған. Бұл формада айтылуды сонау ерте замандағы көне түркі халықтарына тән (Орхон-Енисей) жазбалардан да көреміз. Мысалы: Баіырку Улуғ Іркін, Тінасі оғлу, Байна Саңун Оғлы Кулуг Чур, Кулуг Тіріг оғлы бан Кулуг Тоған, Бала-Туғма арді оғлы бан т.б.

Халық ауыз әдебиетінің нұсқаларында , батырлар жырлары мен тұрмыс-салт жырларында әке атымен аталуды жиі кездестіреміз. Олар «ұлы», «қызы» сөздері арқылы толық, кейде изафеттік конструкцияда қолданылып отырады. Мысалы: Базарбайдың Төлеген, Базарбайдың Төлегені болмаса, Базарбайдың баласы Төлеген мырза, Сырлыбайдың қызы Жібек, Көктімнің қызы Құртқа, Сейілдің ұлы Қараман, Өмір ұлы Сыбан, Қарасай ұлы Көбен, Алшағыр ұлы Тегін, Керей ұлы Келімбет, Қоянақ ұлы Қарт Қожақ т.б.

Осы ұлы, қызы сөздері арқылы патроним жасалуы ХV ғасырда кеңінен дамыған. Демек, бұл дәуірлерге дейін әке атының жасалу, қодану жүйесіне араб, иран немесе моңғол тілдерінің ықпалы болмағаны байқалады. Сол дәуірлердің заман жыршылары: Қазтуған жырау Сүйінішұлы, Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы деп әке атымен аталған.

ХVІ ғасырға тән жазба ескерткіш, Қосын Жалаири еңбегі «Жами тауарихтан» біраз мысал келтіре кетейік. Бұл шығармада «ұғлы» сөзімен қатар арабтың «бән» сөзін (сирек болса да) қолданып отырғанын көреміз. Мысалы: Есенұлы Болай, Ескеұлы Жолай, Мулик оғлы Башбек Сұлтан, Бұрындық ханның оғлы Кемсин, Усаңханның оғлы Болат сұлтан, Бауыш Бойдашның оғлы Әдик сұлтан, оның оғлы Бойдашхан, Барақ оғлы Дәуриш хан, Жағат қызы Яқшымбек, Бұрындық ханның қызы Дадым ханым т.б.

Бұрын әке атын бір ғана ұлы иемденбеген. Сол адамның келіні, қызы, басқа да отбасы мүшелері иемденген, Ақжанның ұлы Баян, Ақжанның қызы Күлжан, Ақжанның келіні Мағыш. Ол кезде фамилия болмағандықтан, әйел адамдар да күйеуінің атымен - Асқарбайдың әйелі деген формада айтылатын. Демек, сол бір дәуірде әке аты отбасылық атауға да ие болғанын байқатады.

Әке атымен аталудың өзі бұрын түрліше формада болған. Үстем тап өкілдері әке атымен аталғанда өз лауазымын, феодалдық тегін қосып айтқан. Мәселен, Тоқал бай Қоңырбай ұлы, Кебек Байназар ұлы старшина, Хан бахадур Нұрмахамбет Әлиұлы, Қайып хан ұлы Әбілғазиз, Есеналы сұлтан Нұралы ұлы. Осы ХVІІІ ғасырда ұлы сөзінің орнына арабтың бин сөзін қолдану тенденциясының басым болғаны көрінеді. Мәселен, Бекбау бин Ертай, Екілік бин Бөкенбай, Сапақ бин Ербай, Бөдене бин Байтілеу, Медет бин, Күшік бин Бай, Токсан бин [62.173].

Әке атымен аталуда ұлы, қызы сияқты зат есімдерден басқа орыс тіліндегі –ев, -ов жұрнақтарын да қолданған. Ол ХVІІІ ғасырмен ХІХ ғасыр ескерткіштерінде кездеседі. Мәселен, Сырым Датов, Тленши Батыров, Құдашев, Ақымбет Қаратаев, Аликаран Имантаев. Әке атының соңына қосылған орыс тілі жұрнақтары ол кезде қазақ тіліндегі ұлы сөзін білдірген.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда әке аты мен бала аты қатар ешбір жұрнақсыз, зат есім сөздермен тіркеспей-ақ айтылған. Мұндай жағдайда бала аты алдымен, әке аты соңынан қатар айтлатын. Мәселен, Күшікбай Есболат, Болыш Марқабек, Майқөп Ысқақ, Тұраш Кесікбай, Мәкежан Жұмағұл, Кененбай Отан. Сөйтіп, ХІХ ғасрдың бас кезінде әке аты ұғлы сөзі арқылы және –ев, -ов, -ин орыс жұрнақтары арқылы берілгенін көреміз. Мәселен, Сәбит Дөнентай ұғлы, Кәрім Батыш ұғлы, Ысқақ Бердіқожа ұғлы, Шахмарлан Әлжанов, Жұмақан Бейісов, Сәрсекей Байқарин т.б. Бұл кездегі жұрнақтар (-ев ,-ов) фамилиялық болғанымен әке атында қолданыла беретін. Өйткені ол кездегі фамилияның өзі осы әке аты болып саналған.

Сонымен , Қазан төңкерісіне дейінгі әке аттары ресми құжаттарда бірде –ев, -ов жұрнақтары арқылы берілсе, енді бірде «оғлы», «ұлы» сөздермен, ілік септік арқылы изафеттік құрлыста және Қазыбек Сәлім, Асан Базарбай сияқты тіркес арқылы берілгенін көреміз.

Қазан төңкерісінен соң әке атының кейбір көрсеткіш форманты фамилияға ауысады. Атап айтқанда –ев, -ов, -ева, -ова қосымшалары арқылы фамилиялар жасалады да , әке аты оның орнына –ич, -евна, - овна қосымшалары арқылы берілетін болады.Қазіргі кезде қазақ тілінде әке аты ұлы, қызы сөздері мен немесе орыс тілінен қабылданған –евич, - овна қосымша арқылы жасалып отыр. Бұл екі формада екеуі де бізге қолайлы.

Қазақтың фамилия туралы ұғымының әртүрлі болуы себепті оны айту мен қағазға түсіру көрінісі де ғасырлар бойы әр түрлі болып келеді. Бұл ыңғайда бірізділіктің сақталмауы әр кезде әр алуан пікірталасын туғызып жүр. Мәселен, өткен ғасырдың бас кезінде Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезұлы, Қаныш Сәтбайұлы тұлғалы фамилиялар да зиялы қауымының келісімімен қолданылып жүрген болуы керек. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары мерзімді баспасөз беттерінде, әр түрлі басқосуларда ұсыныстар айтылып, пікірлер ортаға салынып жүрді. Сондай пікірталастарынан кейін арнайы тұжырымдама бойынша мемлекет басшысының бұл мәселе жөнінде 90- жылдардың екінші жартысында тұрақты шешім қабылданғаны белгілі. Ол шешім негізінде қазақтың аты-жөні бұрынғы –ов, - ев және –ин қосымшаларын алып (қалағандар болса, сол күйінде қалдырып) немесе ұлы сөзін біріктіріп (Аман Жақсыбайұлы Алдаберген немесе Аман Алдабергенұлы) жазып айту дағдыға айнала бастады.

Біршама тұрақталған фамилияның бұлай жазылуына қарамастан, «Қазақ әдебиеті» газеті биылғы 24-қаңтарда «Атың қайсы, фамилияң қайсы?» деген сұрау арқылы айтылуы мәселені тағы көтерді. 14-ақпанда сол газетте осы мәселелерді сөз еткен материалдар топтамасы жарияланды.

Қазіргі кезде қазақтардың өз фамилиясын әртүрлі жазып жүргендігі көзге түседі. Демек, түрлі-түрлі ұстанымдарды алға тартады. Біреулердің пайымдауынша, «ұлы», «қызы» үлгісінен артық (Асылханұлы, Әзімбайқызы) ештеңе жоқ; енді біреулер ұрпағы, немересі, келіні, шөбересі (Болатбай ұрағы, Батырбек немересі, Тілеген келіні, Айтбай шөбересі) деген тұлғаларды ұнатады. Біздіңше, бұлар фамилияның шынайы көрсеткіші емес, өйткені фамилияның көрсеткіші жеке тұрғанда бүгінгі күн тұрғысынан ешқандай мағынасы жоқ, тек кісі есіміне қосылғанда ғана мағына туғызатын сөздер болуы керек.

Сонымен, лақап есімдердің табиғатын, оның әртүрлі қасиет-сипаттарын әлеуметтанымдық тұрғыдан зерттеудің мәні де айтарлықтай. Лақап есімдердің түрлері, әрбір адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, адамдардың өзара қатынасына т.б. байланысына тағылған лақап есімдер тілімізде аз емес. Осы тұрғыдан қарағанда, олар көбіне өзгергіш, экспрессивтік мәнге ие, бірақ этномәдени сипатқа негізделген.

Қазақ топожүйесін қалыптасуындағы антропонимияның көрінісі негізінен, лингвомәдени негізде анықталады. Оңтүстік Қазақстандағы топонимдерін зерттеген Ж.Исмаилова, Қ.Рысбергенова, А.Сембиев, Шығыс Қазақстанда Б.Бияров, А,Әлімхан, Батыс Қазақстанда Ұ.Ержанов т.б. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы топонимдердің құрамында жеке есімдер мен әулетесімдерден (фамилия) жасалған топонимдер көп кездеседі. Негізінен елді мекендер кісінің жеке атымен аталса, бірқатар жерлердің атауында әулетесімі қосарлана айтылады. Жекелеген адамдардың аты жөнімен аталатын географиялық объектілер атаулар сол нақты елді мекеннің негізінен қаланған немесе сол төңірегінде тұрған, халық арасында, өз ортасында үлкен беделге ие болған кісі аттары кездеседі. Мысалы: Абай, Жамбыл, Аманкелді, Қошқарата, Қалдыкөл, Асан, Алтынбек құдықтары т.б. Көрнекті ғалым Э.М.Мурзаев «Елді мекнедердің атауларында кісі есімдері, фамилиялары, лақап аты жиі кездесіп отырады дейді»[63,7]. Жоғарыдағы мысалдан көрініп отырғандай антропонимдердің топонимдер орнына жұмсалуын көрсетеді. Өйткені антропонимдер, топонимдер, этнонимдер, гидронимдер өзара тығыз байланысты. Сонымен халықтың тұрмыс тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті белгілі бір кездегі саяси ұстанымы да көрініс тапқан адам аттарының қатысымен жасалған антропонимдер қандай да тарихи оқиғаның, құбылыстың, жағдайдың болмыс бейнесі көрініп тұрады. Сондықтанда болса керек, діни наным сенім берік орныққан Оңтүстік аймақтағы елді мекендер жер су, өзен, көл, құдық т.б. атауларында мифтік бейнелер, пірлер мен әулиелер, тарихи тұлғалар есімдері жиі кездеседі. Қоғамдық орта, әлеумет өмірінің оқиға, өзгерістері тілдік деректермен таңбаланып, топонимияда өз ізін қалдырып отырған. Осы орайда аймақтағы елді мекен, жер су атауларының негізі ер адамдардың есімдерімен аталатынын айту керек. Мысалы: Амангелді, Лесбек батыр, Қазыбек, Қабанбай, Рысқұл т.б. ауылдар. Осы заңдылықтың өзі қоғамдық ортада ер адамдардың орны ерекше, салмақты істердің ер азаматтың мойнында екенін көрсеткендей, ер адамды қадірлеу, сыйлау, ардақтау.

Ресейдің отаршылдық саясатының салдарынан Кеңестік кезеңде аймақтағы елді мекен, атаулары терең өзгерістерге ұшырап, орыс тілді атаулар көбейді. Мысалы: Түркістан ауданында Пушкин, Чапаев, Максим Горкий; Сарыағаш ауданында Дмитрев, Стаханов, Горький, Карл Маркс ауылдары; Мақтарал ауданында Гагарин, Жданов, Киров, Чкалов, Чехов ауылдары; Отырар ауданында Ильич ауылы; Түлкібас ауданында Мичурин ауылы т.б. Осындай жағдай тек Оңтүстік Қазақстан топонимдеріне ғана тән емес, басқа да Орталық, Солтүстік, Батыс обылыстарында да кездеседі. Еліміз тәуелсізідгінің арқасында ежелгі атаулар қайтарыла бастады. Бұл қоғамдық әлеуметтік факторлардың атаулардағы көрініс сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан аймағының топонимдік жүйесінде халықтың ежелден бергі діни нанымы, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, әулие әмбиелердің есімдері географиялық атауларда кеңінен орын алып отырған. Оңтүстік Қазақстан облысында зерттеу жүргізіген ғалым Қ.Рысбергенов аймақ агиотопонимдердің сипаттау және топтастыруда ертедегі ислам қайраткерінің есімдеріне байланысты қалыптасқан баба, ата, ана, әулие этномаркерлі топонимдерге немесе никронимдер: Әзірет Сұлтан, Баба ата немесе Ысқақ баба, Ибрагим ата, Қарашаш Ана, Гауһар ана, Қара Бура, Ақ баба, Әулие Ата, Укаш Ата әулие, ата баба, аналардың әруағына табынудың іздері болғанынын көрсетеді [64,11].

Ұлы әулиелердің бұрын қараусыз қалып қалған мавзолейлері, зират-молалары, қасиетті мекен – жайлары қалыпына келтіріп, халық көп жиналатын жерге айналады. Мысалы: Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба, Дәу баба ауылдары, Шардара ауданындағы Ұзын ата ауылы, Төлеби ауданындағы Әңгір ата ауылы, Сарыағаш ауданындағы Қошқар ата, Диқан баба ауылдары қасиетті құтты мекендер. Бұл елді мекендердің атауларына назар аударсақ, мұндағы анропонимдердің көбісі тарихи тұлғалар, қасиетті адамдардың патронимдерінен тұрады. Оңтүстік Қазақстан аймағы топонимдердің құрамында жеке адамдардың есімдері мен әулет есімдерінен жасалған микротопонимдер көптеп кездесіп отырады. Қорыта келгенде Оңтүстік Қазақстан аймағының бірқатар географиялық атаулар қасиетті жерлерді мекендеген әулиелер патронимдермен байланысты екен.

Қорта айтқанда, кез келген халықтың болмысын, оның жер бетіндегі өмір тіршілігін дәйектейтін деректердің бірі – топонимдік жүйенің өзегінде мәдени-танымдық коннотацияға сәйкес антропонимдер құрайды.

Сондай мәдени-әлеуметтік таңбаның бір саласы – қазақ тіліндегі эпонимдік есімдер.

Зерттеуші Г.Күзембаеваның «Қазақ тіліндегі эпонимдік аталымдар» деген мақаласында эпонимдердің тілде қажеттілікке байланысты туындап және қазақ тіл білімі саласында қолдануындағы өзіндік ерекшеліктері болатыны көрсетілген.[65].

Ғылыми әдебиеттерде «эпоним деген сөз біреуге өз есімін беретін деген мағына береді» деп анықталады. Басқаша айтқанда эпоним – басқа оним жасауға себеп болатын атақты адам есімі.

Орыс әдебиетінде эпоним терминінің басқа да аталымы бар. Мысалы, мәдениеттанушы ғалым Д.С.Лотте оны «фамилиялық» (атаесімдік) деп атаған[66,27]. Л.И Шубов бұл терминдер туралы : «Эпонимдік терминдер біз жеке адамдар есімдерімен жасалған терминдерді айтамыз», дейді [67,16]. Эпоним атауларының ерекшеліктеріне назар аударған алғашқы ғалым Д.С.Лотте ( 1961ж. Ал оны әрі қарай дамытқан - В.П.Даниленко).

Эпонимдік есімдерге байланысты мәселенің бірі – жеке адам есімінің семантикасы. Эпонидік есімдер тобына ғылым, әдебиет, өнер, саясат қайраткерлерінің есімдерімен қатар ғылым тарихында алғаш жаңалықтар ашқан адамдар есімдері де жатады. Мысалы, Бөкетов, Машанов, Сәтпаев т.б.

Жалқы еімдерінің семантикасының бір ерекшелігі бұлардың әртүрлі білім салаларындағы көптеген ұғымдарға атау ретінде жұмсауға болатындығы. Мысалы, философиядағы бағыттардың, ағымдардың, мектептердің атаулары және сол бағыттар өкілдерінің аттары. Мысалы, Кант мектебі, Энгельс мектебі т.б. Медицина да мысалы симптомдарының (белгілерін) емдеу әдістерін, анатомиялық ұғымдарды, бірінші зерттеген және ойлап тапқан медицина құралдарының атаулары. Физикада физикалық модельдер, құбылыстар, заңдар, өлшем бірлігі т.б. Эпоним терминдер – белгілі бір дәуір «куәлары», ғылыми жаңалықтар ескерткіштері. Эпоним атауларына әр саладағы ғалымдардың есімдерімен қатар, өткен ғасырдағы өмір сүрген хандар, билер, басқа да белгілі адамдар есімдері енеді. Мысала: Қасым салған қасқа жол, Абылайдың ақ туы т.б. Термин эпонимдердің пайда болатын семантикалық өрістер білімінің нақты саласындағы, ұғымдық аппаратында антропонимдер ретінде қолданудағы өзіндік ерекшеліктер байқалады. Ол терминология теориясында қарастырлады.

Қазіргі уақытта эпонидік аталымдар медицина, химия, математика, геология және басқа да білім салаларында көбірек ұштасады, сондай-ақ информатика, экономика және тағы басқа салаларында да қалыптасып келе жатыр. Ежелгі атақты философтар есімдері, олардың идеяларын жүзеге асырған ағымдар мен мектепке берілген : Сократ мектептері, аристотелизм. Математикада «Пифагор теоремасы» деген термин, физикада «Архимед заңы», «Архимед күші» деген сөз тіркестері қолданылады.

Қазіргі тіл ғылымында эпоним терминдер қатары жыл сайын толығып, тілімздің сөздік құрамын байыта түседі. Қазіргі эпонимдер: филологиядағы - Абайтану, Жұбановтану, т.б. астрономиядағы – Сәтпаев кіші планетасы, геологиядағы – Сәтпаев тау шыңы, және т.б. Демек, ол атаулар тілдің әлеуметтік қызметін, динамикасын, сипатын дәлелдейді.

Топонимдер жүйесіндегі онтологиялық жағынан антропонимдермен сабақтас қалыптасатын атаулар жүйесі – генотопонимдер.

Генотопонимдік атауларға негізінен жер бедерлері ( өзен, көл, тау, жайлау т.б.) мен агиотопонимдер (әулие, киелі кісілердің жерленген жерлері) жатады.

Орталық Қазақсатндағы геронократиялық топонимдер туралы жазған А.Жартыбаевтың диссертация жұмысында мынадай топтарға бөлінеді:

1.Рулар құрамындағы аталық тармақтардың аталған жерлерді мекендеулеріне қатысты және ру басы ақсақалдар мен билердің есімдеріне қатысты қойылған атаулары.

2. Ел қорғаны батырлар есімдеріне байланысты қойылған топонимдер.

Осы зерттеудің мазмұны мен нәтижелеріне сәйкес рулық құрамындағы аталық тармаққа қатысты қойылған атаулар Орталық Қазақстан өңірінде Бес мейрам бірлестігіне жататын аталар атуларына байланысты сипатталады. Атап айтқанда, Бес мейрамнан тарайтын Болатқожа (қаракесек) руынан Ақша, Түйте атты екі ұл туады. Қаз дауысты Қазыбек би Ақшадан туатын Бошаннан тарайды. Қарқаралы қаракесектерінің ауызша шежіресінде былй айтылады:

Бошаннан бес ұл туады арыстандай,

Егессе арыстанмен алысқандай.

Таз, Байбөрі, Машай мен Манат, Жанат

Бәрі де қошқар туған арыстандай.

Осы бір атадан тарайтын бес ұлдың басын қосып Бес Бошан деп атайды, олар мекендейтіні Қарқаралы өңірі Бауыр Бошан елі деп те аталынады.[68,110]. Бошанның үлкен ұлынан Наманай туады. Қаракесек шежеріесінде Наманайдан Бұлбұл, Бұлбұлдан Шаншар, Шаншардан Келдібек, Келдібектен Қазыбек туады. Қазақ халқында есімі белгілі, аты аңызға айналған Қазыбек би. Өмірінің соңғы жылдарын Арқа даласында өткізеді.



Бес мейрам бірлестігінен тарайтын рулармен көрші қатынаста болған дадан тобықты, тама, бағаналы, тарақты , қанжығалы руларының да өмір сүргендігін тарихи деректер мен аңыз әңгімелер растайды. Олардың арасынан да әйгілі билер шығып, Арқа даласындағы ел басқару істеріне араласып отырған. Олардың даналығы мен тапқырлығын бағалаған халық олардың есімдерін топонимдермен таңбалап, бүгінге дейін әулие санап, олар жерленген өңірлерді солардың атымен атап келеді. Солардың бірі Жобалай би көп жылдар бойы дадан тобықты руның болысы болған. Оның шешендігін, тапқырлығын ел қатты сыйлаған. Кеңес өкіметі орнағаннан соң оны болыстық қызмет атқарған үшін қыс айында шанаға салып, орталыққа алып жүреді. Жолда қолы байлаулы Жобалай шанадан ауып түседі, орныныа тұрып шанаға отыруын бұйырған айдаушыға «Жобалай керек болса, көтеріп ал» деген сөз ел арасында мәтелге айналған.

Орталық Қазақстандағы ел қорғаны батырлар есімдеріне байланысты қойылған геронократиялық атауларының қоғамдағы орны ерекше. Қазақ хандығына қатысты болған тарихи-әлеуметтік жайлардың бәрі де Орталық Қазақстан жерінен тыс өтпеген.[68].

Шыңғыс хан мен қазақ хандары ту тіккен Шыңғыстау мен Ұлытау өңірлері – тарихтың қайнар көздері. Осы өңірлерде жауға шапқан Жалаңтөс (Соқыр), Жидебай, Сеңкібай, Байғозы, Ағыбай, Олжабай, Күшікбай, Қарабас батырлардың ерлік істері елде жақсы сақталып қалған.

Соқыр – өзен, бейбіт. Қарағанды қаласының оңтүстік шығысында. Атау қаракесек, сарым руынан шыққан Жалаңтөс батырдың есіміне байланысты қойлған. Жалаңтөс батырдың Соқыр атауына соғыс үстінде бір көзін шығарып алуы себеп болған. Өз өсиеті бойынша жерленген өзен бойы Соқыр – басы, бейіт жанынан ағатын өзен Соқыр өзені деп аталған. Жидебай батыр есіміне байланысты қойылған . Атау қаракесек, әлтеке – сарым руынан тарайды. Сеңкібай – бейбіт, өлке атауы, Шет ауданындағы, Қуандық ішіндегі алтай қареке руынан тарайды, халық батыры. Байғозы бейіті Ақадыр станциясынан 50 км-дей жерде орыналасқан. Тарақты руынан тарайды. Күшікбай – бейіт, әрі жергілікті халық әулиелі жер ретінде құрмет тұтады. Қуандық, тоқа руынан, халық батыры. Ағыбай бейіт, Ақтоғай ауданында. Қаракесек, шұбыртпалы руынан, хан Кенесарының бас қолбасшыысы болған. Өмірінің соңында мешіт салдырып, балаларды оқыту ісін қолға алған [68,81-82]. ХVІІ ғасырдағы қазақтың ұлт азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Олжабай батыр, айдабол руынан тарайды. Батырдың бергі ұрпағы академик Ә.Марғұланның айтуынша, Олжабай батыр 1709 жылы туып, 1785 жылы Ереймен тауының сыртындағы Сілеті өзенінің бойында қайтыс болған. Ол қазіргі Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде [68,33].

Жасыбай – көл және Серектас тауындағы асу . Көлдің Жасыбай батыр атымен аталуына осы көл жағасында қалмақтармен соғысып, оларды жеңіп, өзі Серектасқа жасырынған қалмақ Құбамергеннің тасадан атылған оғынан осы жерде қайтыс болған. Ол туралы Жанақ Жаңабатырұлының «Баянауыл» дастанында жазылған :

... Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,

Әркімнің ертедегі-ақ ауызындағы ер.

Арқадан қалмақ ауып өз жеріне

Кеткен соң ат қойылған «Жасылбайкөл»

... Жасыбай кім екенін сұрасаңыз

Жалқпас, тап руы Қаракесек

Осы келтірілген мысалдарда қазақ халқының белгілі би, батырлардың есімдері генотопонимдер ретінде кешенді зерттеу арқылы анықталған, әлеуметтік мәні ашылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет