«1-қазан Халықаралық қарттар күні» мен «Мүгедектер күні» мерекесіне арналған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет 1990 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «1-қазан Халықаралық қарттар күні»



жүктеу 21.94 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі21.94 Kb.
«1-қазан Халықаралық қарттар күні» мен «Мүгедектер күні» мерекесіне арналған іс-шаралардың орындалуы

туралы мәлімет

1990 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «1-қазан Халықаралық қарттар күні» мерекесі аталып өткізіледі. Атам қазақ «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген даналықты ежелден ұстанып, жасы келген адамдарды ақылдың кеніші, барлық істің көзін білетін тәжірибесі мол жандар деп, оларға құрметпен қараған. Кәрінің жасын ғана сыйлап қоймай, оның бойына жинаған ұшан-теңіз білімін, терең тәжірибесін пайдалануды да ұмытпаған. «Қариясы бар ауыл- қазынасы бар ауыл» деген нақылдың осындай пайымнан туғаны анық. Өмірдің түрлі белестерінен өтіп, бүгінге аман жеткен ардагерлер аса көп нәрсеге мұқтаж емес.

Олардың қажет ететіні кейінгі буынның елеп, ескеруі, қадір-құрметі ғана. Мереке күні аудан, қала көлемінде және басқармаға қарасты медиициналық-әлеуметтік мекемелер арасында да жалғасын тауып отыр. «1-қазан Халықаралық қарттар күні» және «Мүгедектер күні» мерекесі орай қала, аудандық газет беттерінде мақалалар жарияланды. Атап айтқанда «Талас тынысы», «Шұғыла», «Ақ жол», «Жамбыл Тараз», «Құлан таңы», «Мойынқұм таңы», «Ауыл жаңалығы», газеттеріне қарттар күніне арнап мақалалар жариялануда.

Сонымен қатар, басқармаға қарасты мекемелерде, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызілікті зейнеткерлерге «1-қазан Халықаралық қарттар күні» және «Мүгедектер күні» мерекесі орай концерттік бадарламалар жоғарғы оқу және орта білімді оқу орындарымен ұйымдастырылды.

Қалалық, аудандық кітапханаларда «Қариям-тұнық дариям», «Қарты бардың – қазынасы бар», «Қарттар –асыл қазынам» атты тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды. «Қарттарым –аман есен жүрші», «Үлкеннің алғысы батасында», «Әлемде екі қиын іс бар, ол-мемлекет басқару және бала тәрбиесі», «Бала тілі бола алмаса ана, тілі бола алмайды ешқашан» атты тақырыптарды дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып «Өзіңмен сырласқым келеді» атты ауылдық аймақтарда қарттармен кездесулер өткізілді.

. Сонымен қатар «Имандылық жарасады бәріне», «Қарттар –асыл қазынам» атты тақырыптарда мерекелік кештер ұйымдастырылып өткізілді. Мереке алдында барлық ауылдық округтерінде күтім жөніндегі мамандары, «Жас Отан», «Жас ұлан», «Мирас» топтарының қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жалғыз басты қарттар мен мүгедектердің үйлеріне аула тазалау, қоқыс шығару, қыстық отын дайындау жұмыстары жүргізіліп көмек көрсетілді.



«1-қазан Халықаралық қарттар күні» мен «Мүгедектер күніне» мерекесін қарттарымыз мен мүгедектер жақсы көңіл-күйде қарсы алды. Мереке күні көркемөнерпаздардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып және түскі ас берілді. Қарттар арасында шашкі және шахмат ойындары ұйымдастырылды. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы, «Тараз мемлекеттік университеті», «Тараз Гуманитарлық колледжі», «Аспара», «Абай» жоғары және орта оқу орындарының білімгерлері және «М.Шолохов», «М.Әуезов», «Дарын», «Карбышев», «Б.Момышұлы» атындағы мектеп және гимназия оқушыларының тарапынан концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Қарттар мен мүгедектерге мерекесіне орай, азық-түлік тауарлары түрінде мерекелік сыйлықтар тапсырылды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет